Қаңқа құпиясы 2 сынып Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар: 2 бөлім. Жанды табиғат.
Адам. «Менің мектебім» тақырыбы аясында
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Ш.Д.
Сынып: 2 «Г» Пән: Жаратылыстану
Тақырып: Қаңқа құпиясы
Оқу мақсаттары 2.2.3.1 Адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтау.
2.2.3.2 Дұрыс дене сымбатын сақтаудың маңызын түсіндіру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтайды;
Көптеген оқушылар: денені дұрыс және түзу ұстаудың маңыздылығын түсінеді;
Кейбір оқушылар: бақылау жасаудың негізгі белгілерін анықтайды. (мақсаты, нысаны, жоспары, мерзімі, нәтижесі).
Жетістік
критерилері -Адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтайды;
-Қаңқаның құрылысын, сүйек атауларын анықтайды
• -Денені дұрыс және түзу ұстаудың маңыздылығын түсінеді;
Сөздік қор қаңқа; сүйектер; дене сымбаты
Құндылықтарды
дарыту Ұжымда топтық жұмыс барысында досының сөзін тыңдауға, пікір алмаса білуге үйрету. Сымбатты болып өсудің маңыздылығы жайлы айта келе, салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Пәнаралық б. Математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу
Алдыңғы меңгерілген білім Дене бөліктері. Оқушылар дененің кейбір бөліктерін және қызметін атап, көрсете біледі (бас, кеуде, қол, аяқ, табан, т.б.) және адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерін анықтай алады.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнеки бәріміз,
Сәлем бердік сіздерге.
(Ұ) Психологиялық дайындық
Мен қазір сұрақтар қоямын, ал сендер жауапты қимылмен көрсетесіңдер:
А) сендер мектепке жақсы көңіл күймен келдіңдер ме?- бастарын изейді Ә) егер сендер адам бойындағы адамгершілікті бағалайсыңдар ма? -бір адым алға басады
Б) сендер өз күштерің мен білімдеріңе сенесіңдер ме?- аяқтарымен секіреді В) Сендерді қазақ елінің –мәңгілік еліміздің жағдайы ойландыра ма ?-қол шапалақтайды
Г) Сендер өздеріңді қазақ елінің-мәңгілік елдің патриоттарымыз деп есептесеңдер- қолдарыңды кеуделеріңдегі жүрек тұсына қойыңдар
Осындай жақсы көңіл-күймен орнымызға отырайық слайд
Шаттық шеңбері
Сабақ ортасы
Сергіту сәті
Дене мүшелері
(Ұ) -1-сынып бойынша есімізге түсірейік: Адам денесінің қандай негізгі мүшелеі бар? (Бас, мойын, кеуде, аяқ, қол)
-Бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау үшін мына сөздерді оқиық: (Бас, кеуде, аяқ, қол, қаңқа)
-Бұл сөздердің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар? (олардың бәрі бірігіп адам қаңқасын құрайды)
ОТ анықтау Тақырыбы: «Қаңқа құпиясы» ,
ОМ анықта-Бүгін сабақта не туралы білеміз, неге қол жеткіземіз деп ойлайсыңдар?
-Бүгін сабақ барысында мынадай жетістік критерийлеріне қол жеткізуіміз керек:
– қаңқаның не үшін қажет екенін түсінетін боласың;
– қаңқа бөліктері мен атауларын білетін боласың.
Топқа бөлу: Бас, кеуде, аяқ, қол, қаңқа
-Атаулар бойынша топтарға бөлініп отырады
-Әр топтың спикері сайланады
-Топ ережесін еске түсіреді
Ұжымдық жұмыс: Суреттердегі екі затты салыстыруға тапсырма беру (киіз үй суреттері)
Ойланыңдаршы:
-Киіз үй құру үшін алдымен не істейміз?
–Не байқадың?
-Киіз үйге қаңқа не үшін керек? (Үйдің құрылысының қалпын құрайды, оған тірек болады.)
-Сенің денеңді не ұстап тұрады? (қаңқа)
-Саусақтарыңды, бастарыңды, шынтақтарыңды ұстап көріңдер?
-Нені байқадыңдар?
-Ішінде не бар? ( Ішінде қатты негіз бар, ол сүйек)
-Топтар бойынша сендер адам қаңқасының құрылымын, қызметін, сүйек атауларын анықтайтын боласыңдар.
-Қаңқаны көргендерің бар ма? Қайда көрдіңдер?
(Кинода, теледидарда, кітапта, мұражайда)
-Ал бүгін мен сендерге тосынсый әзірлеп қойдым
1-топ
-Суреттегі негізгі қаңқа бөліктерін ата
-Олар атқаратын қызметін тап.
– Қаңқа сүйектері бір бірімен қалай байланысады деп ойлайсың?
(Қаңқа адам денесін ұстап тұратын сүйектер жиынтығы және қорғанышы, тірегі болады, сүйектер жұмсақ ұлпалардың (ткань) мықты қорғаны, болып табылады. Ол ішкі мүшелерді қорғайды, денеге пішін береді)
2-топ:
– Сүйекті ата (бас сүйек)
-Ол сүйек неге қандай болуы мүмкін ? (Адамның бас сүйегінің барлық бөліктері өзара тығыз байланысқан, қатты болады)
-Ол ненің пішінін береді? (бастың пішінін)
-Ол қай мүшені қорғайды деп ойлайсың? (Бас сүйегі миды қорғайды)
-Жақ сүйектерді тауып көр
3-топ
– Кеуде қуысы сөзінің мағынасын түсіндір
-Ол қандай сүйектерден құралады? (Омыртқа, төс сүйек, және қабырғалар бәрі бірігіп, кеуде қуысын құрайды, ол ішкі мүшелерді қорғап тұрады)
-Ол қандай қызмет атқарады? (Омыртқалардың өзара бітісіп байланысуы біздің кеудемізді қозғалтуымызға, еңкеюімізге көмектеседі)
-Кеуде сүйектің қызметін тап (жүрек пен бауырды қорғайды)
-кеудені бірнеше рет айналдырып, иіліп көреміз
4-топ
-Аяқтың бөліктерін білесіңдер ме? (Жамбас, тізе, балтыр, табан.)
-Адамның ең үлкен сүйегі қайсы деп ойлайсың? (жамбас-ең үлкен сүйектер, аяқ сүйектерімен жалғасқан,
( Аяқ-қол сүйектерінің қалай біріккеніне назар аударыңдар. Қолдарымыздағы: шынтақ, иық буындарын қозғалтып көреміз, аяқтарымыздағы: тізе буындарын қозғалтамыз)
5топ
-Сүйек атауын тап
Неше топқа бөлінуі мүмкін
Аттарын ата (иық, еркін қол сүйектері)
-Кері байланыс жасау:
-Осы жұмыс істегенде сендерде қиындық туды ма? Не қиын болды
Топтар бірі-бірі бағалау
Видеожазба көрсету
Суреттегі балаларды салыстыр.
-Олардың қайсысы саған көбірек ұнайды?
-Неліктен?
-Келесі суреттегі балаларға осындай болуға не кедергі келтіреді? (Иығындағы ауыр сөмкесі.)
-Сөмкені немен алмастыруға болады?
(Жолдорбамен, арқаға асатын сөмкемен)
-Қалай дұрыс жүру керектігін, яғни арқаны тік ұстап, алдына қарап жүру қажет.
«Әлқисса»
Зертте (Топтық ж):
-Сенің дене сымбатың дұрыс қалыптасып келе ме?
-Оны анықтау үшін қазір зерттеу жұмысын жүргіземіз. Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқауларды еске түсірейік
-Зерттеу жүргізу үшін біз не істеуші едік?
(тақырыбын анықтаймыз, мақсат қоямыз, нәтижесін жазамыз
Нұсқау беріледі: Спикерлер қалай зерттеу керек қай сүйектер қабырғаға тиіп тұру керектігін анықтайды, тобының балаларының дене сымбатын зерттейді
• Бір оқушы орнынан тұрып, қабырғаға сүйенеді: басы, 2 иығы, 2жамбасы, өкшелері міндетті түрде қабырғаға тиюі қажет. Осындай қалып ыңғайлы болды ма, әлде ыңғайлы болған жоқ па?
• спикер оқушы оны бақылап тұрады. Егер сыныптасы өзін ыңғайсыз сезінсе, онда ол денесін түзу ұстамайды, оның дене қалпы дұрыс емес. Алынған нәтижелерді спикер жазып отырады.
Тұжырым жасайды: Спикерлер алынған нәтижелерге сүйенеді, тұжырымдайды
Кері байланыс:- от шашу
Оқулықпен жұмыс: «Дене сымбаты»
Суреттегі балалардың отырысын анықтайды:
-Қай балаға денесін дұрыс ұстау туралы кеңес бересің?
-Партада қалай отыру керек?
-Оның дене сымбатына қандай әсері бар?
-Сен партада қалай отыру керек деп ойлайсың?
(Аяқтарымыз еденде тұруы қажет, арқаны тік, басты сәл
еңкейтіп ұстау керек)
Топпен ж: Денені жаттықтырудың рөлі жайында әр топ 1 ереже құрастырады, талқылайды, жауап алынады.
(Ұйықтаған кезде етбетінен, өте биік немесе өте төмен жастықта жатуға болмайды т.б.)
Хормен айтқызу:
Парта саған төсек емес жатуға,
Түзу ұста, тік отыр сен партада.
Бойды түзе, көтер басты жоғары,
Сымбаттылық болсын сенің ұраның
Жеке ж. –қалыптастырушы б. тапсырмасы- қаңқа сүйектерінің атауларын жазу
слайд
суреттер арқылы топқа бөліну
слайд
киіз үй, адам қаңқасы
Қаңқаны көрсету
Қаңқа бөліктерінің
суреттері
Видео «Адам анатомиясы»
слайд
«Бас бармақ»
Зерттеу жұмысы
Оқулық
Слайд
Қаңқа сүйектері (үлестірме)
Сабақтың соңы
рефлексия
Сабақты қорыту: «Атауы бойынша тап»
Шарты: Адам сүйектерінің аттары аталады, оқушылар өз денесінен сол сүйектерді көрсетеді (бас сүйек, қабырға, омыртқа, жамбас, төс сүйек, аяқ сүйектері, қол сүйектері)
Бәрін жақсы түсіндім деген оқушы жасыл түсті, әлі де сұрақтарым бар деген оқушы сары түсті, ешнәрсе түсінбедім деген оқушы қызыл түсті алақанды көтеру арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.
Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағаланады
Үйге тапсырма: 32-33бет пікірталас «Қаңқа сүйектері өсе ме?» Ойын
Алақандар суреттері (3түсті)
«Қаңқаның суретін бірнеше бөліктерге бөліп таратып, оларды қайта
құрастыруға, оның бөліктерінің аттарын
жазуға ұсынылған тапсырма дифференциациялық тапсырма ретінде ұсынылады
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілді жазамын: -Адам денесінің қалпын не құрайды? -Қаңқа қандай қызмет атқарады? -Кеуде қуысы нені қорғайды?-Бас сүйегі ше?
Осылайша оқушылардың адам қаңқасының бөліктері мен қызметін қаншалықты меңгергендерін білуге болады. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында оқушылар бақылау жасаудың негізгі белгілерін анықтайды. (Мақсаты, нысаны, мерзімі, нәтижесі.) Зерттеу жұмысын бастамас бұрын оқушыларға не үшін бақылау жасап, неге назар аудару керектігін, нәтижесі қандай болу қажет екендігін түсіндіріледі. -Адамның дене қалпының дұрыстығын қалай анықтауға болады? Оны түзетуге қанша уақыт қажет?- деген сұрақтар қойылады. Бұл жұмыс түрі дұрыс және дұрыс емес дене қалпын салыстыруға мүмкіндік береді, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетеді, бақылай отырып, сұрақтарға жауап беруге үйренеді. Оқушылар алынған нәтижелерге сүйене отырып, тұжырым жасайды. Қауіпсіздік техникасының ережелерінен Сергіту сәттерін ұйымдастыру