Сахна шеберлігі

Жамбыл облысы Шу ауданы

Төле би ауылы   «Өнер мектебі»

Қуыршақ театры  үйірмесінің жектекшісі

Тулешева   Салтанат Ыдышовна

 

Сабақтың тақырыбы: Сахна шеберлігі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Балаларға ертегі жайлы түсініктерін тереңдету.  Сөздік қорларын,тілдерін,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық: Қуыршақ қойылымын көрсету арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Өзара сыйласып достық қарым – қатынаста болуға тәрбиелеу.
Қойылым кейіпкерлері: «Қызыл телпек», «Қасқыр мен жеті лақ», «Қошқар мен теке» ертегі кейіпкерлері
Көрнекілік: Слайд, ертегі кітаптары,қалтарыс, қолға киілмелі қуыршақтар.

І.Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезең

Тәрбиелік мақсаты:ұқыптылыққа шақыру

  • Балалардың сабаққа дайындығын тексеру
  • құрал-жабдықтарын алғызып,назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты қайталау

Тәрбиелік мақсаты: жауапкершілікке баулу

  • сұрақ – жауап
  • мазмұнын айту

«Мозайка» арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.

ІІІ.Топтардың ұрандары:

І топ  «Қызыл телпек» ертегісі

Біле бер қанша білсең – тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле – біле

ІІ топ «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі

Жарыс десе алғырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз

Білімменен қаруланған тобымыз

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

ІІІ топ «Қошқар мен теке» ертегісі

Егер есіңе сақтау үшін үйренсең,ұмытасың

Ал егер түсіну үшін оқысаң,есіңде сақтайсың!

ІV.Ертегі қойылымдары.( әр топқа 5 мин.уақыт беріледі)

Тәрбиелік мақсаты: сахна шеберлігін шыңдау

  • І топ «Қызыл телпек» ертегісі.
  • ІІ топ «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі
  • ІІІ топ «Қошқар мен теке» ертегісі

V.Алдын ала берілген  үй тапсырмасы.

–  қарсылас топтарға сұрақ қою

– сұраққа жауап беру

І топ «Қызыл телпек» ертегісінің сұрақтары:

1.Қызыл телпек қайда және кімге барды?

2.Әжесінің үйінде не болды?

3.Қызыл телпек әжесін тапты ма?

4.Әжесі қайда болды?

5.Қандай ғажайыптар болды?

ІІ топ «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісінің сұрақтары:

  1. Балалар қасқыр туралы не білеміз?

           2.Қасқыр қандай жануар?

3.Ешкі,лақ қандай жануар?

4.Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

5.Ертегі несімен ұнады?

ІІІ топ «Қошқар мен теке» ертегісінің сұрақтары:

1.Қошқар мен теке мультфильмін бәріміз көрдік пе?

2.Олар бақытты қайдан іздеді және қайдан тапты?

VІ. Шығармашылық жұмыс

Тәрбиелік мақсаты: шығармашылыққа баулу

– топ аттарына сай ертегі суреттерін салу (ватман,маркер көмегімен,ұжымдық жұмыс)

– суретті қорғау

VІІ. Қорытынды.

Тәрбиелік мақсаты: сынды қабылдау,әділеттілік қабілеттерін дамыту.

 – Бағалау. (бір-бірін)

-Үй тапсырмасы.  «Екі иттің достығы» ертегісі.   Рөлдерге бөліп оқу.

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *