Әдебиеттік оқу 4-сынып Жазу, сызу, өнер-адамның рухани құндылығы

Пән: Әдебиеттік оқу Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі және МЖИ КММ
Күні:14.10.2019ж Мұғалімнің аты-жөні: Сыздықбаева И
Сынып:4 «А» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Жазу, сызу, өнер-адамның рухани құндылығы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.1.3.1 Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде мақсаты сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру
4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, таныстырылым түрінде ұсыну
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар жасай алады:
•. Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.
Оқушылардың көбі жасай алады:
• Материалды өңдеу және тұжырым жасау мен себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсете алу әрекеттері жүйеленеді. Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• Оқушыларды түрлі жанрдағы . шығармалармен таныстыру арқылы Ұлы дала тарихы, Отаны туралы шежіре сырлары,
Жетістік критерийлері Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.
Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.
Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Сабақ барысында жаттығуларды орындау, сын есімді анықтауға арналған әдебиеттік оқу пәннен алған білімдерін пайдаланады.
АКТ қолдану дағдылары БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;

Ресурстар Оқулық, жұмыс дәптері, суреттер, кесте
Бастапқы білім Жалпы құндылық туралы ұғымдары қалыптасқан, оларды ажырата
алады.
Саралау Қабілеті төмен оқушылар ойларын білдірсе, ал қабілетті оқушылар дұрыс жауаптар ұсына алады.
Бағалау От шашу, Екі жұлдыз, бір ұсыныс, Дескриптор арқылы бағалау,
Сабақтың барысы
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Сабақтың басы Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері
Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,жылы күлкілерін сыйлайды. Педагог күлкінің маңызына тоқтайды.
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
Ертеі кейіпкерлерінің жақсы қасиеттері туралы жазған сипаттамаларын оқу.
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау
«Ойлан» айдары бойынша тапсырма орындау
Суреттермен жұмыс жүрізу
– Қалай ойлайсыңдар, бұлар қай халықтардың жазуы болуы мүмкін?
(Оқушылар мұғалімнің көмегімен анықтайды: жапон халқы, ағылшын, орыс халқы, араб елі)
Қазақ әліпбиі бірнеше рет өзгерді, олай болса кестеге назар аударып, өзгерістермен танысып өтейік.
Араб жазуы Латын әліпбиі Кирилл жазуы
1929 жылға дейін 1929-1940 ж 1940 жылдан бері қолданылып келеді
Дескриптор
 Тапсырманы орындауда ойын жүйелі жеткізеді
 Суреттегі жазуларға қарап қай халықтікі екенін анықтай алады ҚБ «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі. Екі жұлдыз –жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Ұсыныс – жақсартуды қажет ететін нәрсе.
Сабақтың ортасы «Түсініп оқы» айдары
(Ө) Әр оқушы өз беттерінше белгіленген жерге дейін ертегіні түсініп оқиды.
«Болжа» айдары
(Т) Болжау әдісі бойынша оқушылар мәтіннің бір бөлігін оқып болғаннан кейін, олардың ойларынша әрі қарай не болатынын болжайды. Оқушылар оқылған мәтінде келтірілген, өз болжамдарына негіз болған ойларға сүйене отырып, өз болжамдарын топтағы балаларға дәлелдеулері тиіс.Танысу үшін оқу және сканерлеу тәсілі бойынша мәтіннің негізгі идеясын, стилі мен құрылымын анықтау үшін, мәтінді тез көз жүгіртіп оқып шығуды көздейді. Бұл тәсілді болжамдарды дәлелдеу үшін пайдалануға болады.
Мысалы: Мәтінді оқырдың алдында оқушылар өздерінің қандай негізгі ақпарат іздейтіндерін анықтап алулары керек:
Саң Жие неге қуанды?
Дескриптор:
 ертегіні өз сөзімен аяқтайды, неге қуанғанын болжайды;
 негізгі ақпаратты анықтайды
ҚБ. «Ауызша кері байланыс» «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы».
Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады.
Сөздікпен жұмыс : Жіті – мұқият, ұқыпты
«Орында» айдары
(ТЖ) Әр топқа төмендегі тапсырмаларды үлестіру.
1-топ. Саң Жие ашқан жаңалықты ертегіден тауып оқиды.
2-топ. Ертегі мазмұнына жоспар жазады.
3-топ. Саң Жиенің көңіл күйін ым-ишарамен жасап көрсетеді.
Мұғалім: Ертегі мазмұны бойынша өзіңде қандай сұрақтар пайда болды?
«Баға бер» айдары
– Саң Жие қандай адам?
Осы сұрақ төңірегінде оқушылар Саң Жиеге баға береді. Топ мүшелері әртүрлі пікірлерді тыңдай отырып, ішінен өздеріне ұнаған пікірді таңдап алады.
«Орында» айдары
(ТЖ) Сөздер, сөйлем мазмұнын сызба, сурет немесе таңба арқылы белгіле. Әр топқа әртүрлі тапсырма беріледі.
1- топ сызба түрінде көрсетеді.
2-топ сурет арқылы бейнелейді.
3-топ таңбалар арқылы бейнелеуге тырысады.
Жұмыстарын соңында көпшілікке жариялайды.
Дескриптор
 Берілген тапсырма шеңберінде жеке көзқарастарын білдіре алады;
 Талқылауға белсенді қатысады, өз пікірлерін білдіре алады
ҚБ. Дескриптор арқылы топтар бірін-бірі бағалайды
«Қорытындыла» айдары
Кесте бойынша оқушылардың мәтін мазмұнын қалай меңгергенін анықтауға болады

Үйге тапсырма: Көне жазу үлілері туралы қызық деректерді тауып оқып келу.
Сабақтың соңы Рефлексия. «Үш минуттік кідіріс» әдісі
Мен ………. деген өз ойымды өзгерттім.
Мен …………. туралы көп білдім.
Мені …… таң қалдырды.
Мен ………… басқаша қарайтын болдым.

Қосымша ақпарат
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға
қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқасыныптастарына қарағанда анағұрлым
күрделі дереккөздермен жұмыс істей
алады.
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау парақтары
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не
білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1.
2.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *