Ас мәзірі
Сабақтың тақырыбы | Ас мәзірі
54-сабақ |
|||||
Мектеп: | №26 орта мектебі | |||||
Мұғалімнің аты жөні: | Нурмуханова Гулжанат | |||||
Сынып: | 4 | |||||
Күні: | ||||||
Дағды | Оқылым және жазылым, айтылым | |||||
Оқыту мақсаттыры | О. 4.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру.
О.4.3.1.1 мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу А.4.2.3.1 белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті(4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу. 4.2.5.1 шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді(менің түсінігім бойынша,.. оның пікірінше,.. оның айтуынша,..,кейбір адамдардың ойынша,) салыстыра отырып бағалау Ж.4.4.1.1 Келер шақ формасында сөйлем құру. |
|||||
Тілдік міндеттер | Даяшы, аспаз, күріш, шырын, қарақұмық, асбұршақ.
|
|||||
Алдыңғы білім | Кондитерлік зауытта | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
С.кезең.і |
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері |
уақыты | Қар.қат | Оқыту ресурстары | ||
Кіріспе | Оқушылaрдың caбaққa дaйындығын текcеру. Көтерiңкi көңiл күй oрнaту үшiн «Сәлемдесу», «Күлкілі сурет» әдістерін қолдану арқылы сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.
Бөлімді естеріне түсіру мақсатында -Балалар, біз қандай бөлімді өтіп жатырмыз? -Қандай мамандықтар түрін өттік? деген сұрақтар қойылады, тақтаға суреттер ілінеді,әр топтан екі оқушы шығып таныстырады. Қосымша -Бұл қандай мамандық иесі? -Олар не істейді? -Қайда жұмыс істейді деген сұрақтарға жауап береді.
«Бас бармақ» әдісі арқылы кері байланыс беріледі (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын болжау.
1. Суреттен нені көріп тұрсыңдар? 2.Қандай тағам түрлерін білесіңдер? 3. Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар? 4. Тағы не үйренеміз? Сұрақтарға белсенді жауап берген балаларға мадақтау ретінде қағаздан қиылған жұлдызша беріледі. Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша! (Ұ) Сөздік жұмыс:даяшы, аспаз, күріш, шырын, қарақұмық, асбұршақ. 1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру. 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: 3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру: 4. Сөйлемдер құрастыру 5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу. Оқылым тапсырмасы: «Оқы» айдарымен ұсынылған тапсырма түсініктемесі: Бұл тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыруға арналған.Мұғалім оқушыларды мәтінге назар аударуын және рольге бөліп оқу керектігін түсіндіреді. Сонымен бірге берілген мәтіннің мазмұнын толық түсіне отырып, тірек сөздерге назар аудару қажеттілігін ескертеді. Диалог мазмұнымен танысқаннан кейін, мына сұрақтарға жауап береді: 1. Өркен мен Ару қайда отыр? 2. Олар қандай тағам алғылары келді? 3. Даяшы қандай қателік жіберген?
|
3 мин
|
Мұғ-Сынып 3 -мин 3-мин 5-мин 5-мин | Суреттер
Суреттер Оқулық
Сөздік
Оқулық
оқулық |
||
Кері байланыс
Тапсырманы орындауда не қиын болды? |
||||||
«Есте сақта» айдарымен ұсынылған тапсырмада сөйлемдерді оқып, мағыналық өзгешелігі мен ұқсастығын табады.
«Жаттық» тапсырмасын орындауда оқушыларға мәтін беріледі. Мәтіндегі сөздерге тиісті қосымшаны жалғап, өзгертіп жазады. Бұл оқушылардың сауатты жазуына, келер іс-әрекетті қолданыстық тұрғыда сауатты қолдана білуге ықпал етеді. 1-топқа: Сен байқауға (қатысу). Жұлдыз қазақша би (билеу). 2-топқа: Қанат ертең Алматыға (бару). Мен анамды (құттықтау).
Кері байланыс «Үш шапалақ» арқылы жүргізіледі. |
6-мин | Мұғалім-сынып | Оқулық
тақта |
|||
«Сұрақ қой» айдарымен ұсынылған тапсырма «Қар кесегі» әдісі арқылы жасалады. Әрбір топ оқушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.
Менің атым-Асқар. Ал мынау- біздің сүйікті мейрамхана. Мейрамхана «Жұлдыз» деп аталады. Біз осы мейрамханада тамақтанғанды ұнатамыз. Себебі мейрамхананың тағамдары өте дәмді. Маған мейрамхананың әзірлеген салаттары ұнайды. Дастархан мәзірінде балықтан жасалған тағамдардың түрлері көрсетілген. Анам қызыл балыққа тапсырыс берді. Анама балықтан жасалған тағам ұнады. Інім өзіне шырын алды. Әкем шұбатқа тапсырыс берді. |
7 мин | Мұғ- сын | Ақ қағаз
Үлестірмелі карточкалар |
|||
«Ойлан» айдарын орындау үшін оқушылар шағын көрініс қояды. «Мейрамханада» тақырыбында әкімшілік, даяшы және қонақ арқылы шағын диалог жүргізу. | 7-мин | |||||
Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар берілген белгілердің біреуін қоршап көрсетіп, тақтаға жапсырады.
? – сұрақтарым бар. ! – тақырыпты түсіндім. |
3 мин
|
Сынып-мұғалім | (? ! ) белгілер салынған парақтар | |||
Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалімдер оқушылардың тақырыпты қаншалықты мегергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтар сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір -бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс жүргізудің маңызы зор. |
||||||
Бағалау критерийлері
· Жаңа сөздерді меңгереді. · Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және жауап береді · Тақырып бойынша сұхбатқа түседі. · Мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады |
Пәнаралық байланыстар
көркемеңбек |
|||||
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718