Алматы – менің қалам!!!

«Алматы – менің қалам!!!»

Күні,айы,жылы:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Алматы – менің қалам!!!»

Мақсаты: Балаларға Алматы қаласы туралы түсінік беру. Тілдерін дамытып, ой-өрісін кеңейту. Сөздік қорын байытумен бірге еске сақтау қабілеттерін қалыптастыру, грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлеуге , берілген сұраққа жауап беруге үйрету. Әсемдікке, сүйіспеншілікке, қамқорлық, еңбекшіл болуға тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: Алматы қаласының суреттері, ойын, көрме, слайд.

Әдіс – тәсілдер: Әңгімелету, түсіндіру, көрсету және сергіту.

Шаттық шеңбері:

Ашық жарқын күніміз,

                                           Болашақтың гүліміз.

                                           Балабақша үйінің,

                                           Жайнап тұрған гүліміз.

                                           Сәлеметсіздерме қонақтар,

                                           Қош келдіңіз бәріңіз!

Барысы:

Балалар қазір қай мезгіл?

Балалар: Күз мезгілі

Тәрбиеші: Күз мезгілінде табиғат құбылыстары қалай өзгереді?

Балалар: Жауын-шашын көп болады, күн салқындайды, жел соғады, ағаш жапырақтары сарғайып жерге түседі, күз мезгілі молшылық, жеміс-жидектер піседі, қамба астыққа толады.

Тәрбиеші: Олай болса күз туралы тақпағымызды айтайықшы? Кім айтады?

Балалар:

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Балалар біз қай қалада тұрып жатырмыз?

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздің мерекеміз «Алматы – менің қалам!!!» деп аталады. Енді осы Алматы туралы жаттаған тақпақтарымызды кезекпен айтайық.

Алинұр:

Күмбездей көгінен

Күн нұры төгілген

Тауың бар айшылық

Жерлерден көрінген.

 

Ақпейіл:

Қанат жайған көсіле

Алатаудың төсінде

Алматыны атасаң

Алма түсер есіңе.

 

Ақниет:

Алматымыз шынында

Алатаудың қырында

Әншілердің әнінде

Ақындардың жырында.

 

Данагүл:

Алматы Астанам

Алматы бас қалам

Ардақтап атыңды

Аузымнан тастамаймын.

 

Қайсар:

Апорт деген алма бар

Жер жаратын атағы

Ондай алма қайда бар

Алматы оның отаны.

 

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Олай болса балалар бәріміз бейнетақтаға назар аударайық.

Тәрбиеші:

Алматы қаласында керемет көрікті жерлер өте көп.
Алматы – әсем қала! Ол Іле Алатауының баурайында орналасқан.

Алматы апорт алмасымен әлемге танылған. Қып – қызыл апорт алмалары дәмді, әрі ірі. Қалада саябақтар, демалыс орындары бар. Биік- биік ғимараттар қалаға ерекше сән береді. Көше бойы ағаштар мен гүлдер отырғызылған. Алматыда оқу орындары, мәдени орындары өте көп. Медеу мұз айдыны бар. Көктөбе, трамплин спорттық ойындар алаңы, Шымбұлақ демалыс орындары, М.Әуезов театры, А.Құнанбаев атындағы театр. Алматыдағы ең биік үй – «Қазақстан» қонақ үйі. Алматы Қазақстанның ең үлкен қалаларының бірі.

 

Тәрбиеші:                      С.Оспанов өлеңін оқып түсіндіру.

Жап – жасыл ағашы,

(ағаш-таза ауа, көлеңке)

Қып – қызыл алмасы.

(Алма-жеміс дәрумен)

Ақ басты тауы бар,

(Тау демалыс шынығу)

Алматы қаласы.

(Алматы үлкен, көркем, әсем)

 

Сергіту жаттығуы:

 (Бейнебаян ютуб желісінен)

 

Ойын: Кім жылдам?

Ойын шарты: Сөзден сөйлем құрау. Мен бастаймын сендер жалғастырасыңдар.

1.Қаламыз………… гүлдене берсін

2.Еліміз………….. …аман болсын

3.Күніміз……………. жақсы өтсін

4.Деніміз………….. ..сау болсын

5.Күніміз……………..ашық болсын

6.Тыныштық………… заман болсын

7.Ауамыз……………… таза болсын

8.Суымыз………. …….мөлдір босын

9.Аман……… …………..сау болайық

10.Досымыз………… .көп болсын

11.Қаламыз ……… ….көркейе берсін

 

ІШІ ЖАҚСЫ ТІЛЕКТЕРГЕ ТОЛҒАН ШАРЫМЫЗДЫ ҚОНАҚТАРҒА СЫЙЛАЙМЫЗ

Тәрбиеші: Балалар сендер үлкейгенде қаланың тазалығын сақтау үшін не істер едіңдер?

Балалар: Ағаштар отырғызамыз, бау-бақшаларды күтеміз.

Тәрбиеші: Қазірден қаламызды көркейтуді балабақшамыздың ауласынан бастауымыз керек. Таңертең серуенге шыққанда саябан айналасындағы қағаз қоқыстарын теру. Сынып жатқан ағаш бұтақтарын жинау. Гүлдерге су құю. Ағаштарды суғару. Осылардың сендердің қаламыздың көркейуіне қосқан еңбектерің.

 

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, бізге қонақ келген сияқты? Қонағымызды қарсы алайық, ол кім екен? Еее кірпі екенғой. Ой, Кірпіжан қайдан адасып жүрсің?

Кірпі: Мен мұнда алма жинап жүрмін.

Балалар:  онда бізге қонақ болыңыз. Біздің сізге арнайы жасап беретін сыйымыз бар.

Тәрбиеші:Балалар  кірпінің көңілін көтеріп оған алма жасап берейік.

Балалар: Қуана келісті. Қағазды алақандарына салып, бүктеп, мыжып, жұлмалау әдісі арқылы дөңгелектеп алма жасайды. Жасаған алмаларын себетке салып, Кірпіге сыйға тартады. Алманың түсі қызыл, пішіні дөңгелек.

 Кірпі: Қуана балалардың сыйлығын алады да, өзінің балаларға бақшадан жинай келген алмаларын сыйға тартып, қуана қоштасып кетеді.

Тәрбиеші:

Ал, енді балалар бүгінгі «Алматы – менің қалам!!!» атты оқу-қызметі аяқталды. Қонақтармен қоштасайық.

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *