“Қыс көңілді тамаша!”

        Интеграцияланған ашық оқу қызметінің конспектісі.

                                                 (3-4 жас)

Білім беру саласы: Таным, қатынас, шығармашылық.

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу, экология, қатынас, музыка.
Тақырыбы: Қыс көңілді тамаша!
Мақсаты: Қоршаған ортамен таныстыру. Табиғатқа, құстарға деген қызығушылықтарын арттырып, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ағаштар, құстар,  шелек, қар,  қара , қызыл қалташалар, слайд.

(Оқу қызметінің басталу барысында шелекке қар салып, топтың ішіне қояды. Оқу қызметінің соңында балаларға еріген қарды көрсетіп, қарды жеуге болмайтындығын оның кір екендігін түсіндіреді.)
Оқу қызметінің барысы:
Балалар келген қонақтармен сәлемдеседі.
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.
Құрметті қонақтар қош келдіңіздер!
Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші: -Балалар, бүгін қоршаған ортамен танысамыз.

Балалар оқу қызметіне қандай көңіл- күймен келдіңдер.
Балалардың жауабы: (Тамаша)
-Иә балалар көңіл- күйлерің тамаша. Ендеше балалар
ерекше сабақ болайын деп тұр.Өйткені  біз сендермен орманға саяхатқа аттанамыз. Орманға тез ,әрі көңілді жету үшін ән айтып барайық.
Тәрбиеші: -Міне, балалар, орманға да келіп жеттік.
-Далада қазір жылдың қай мезгілі?(қыс)
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қазір қай ай?
-Ауа райы қандай?(суық)
-Жерде не жатыр?(қар)
-Айналаға қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?(ағаштарды)
– Айнала қандай?
-Қыс қандай болады? (қарлы, боранды, аязды)
Қазір қыстың соңғы айы. Балалар сендер қыс туралы тақпақ білесіңдер ме?

(Балалардың жауабы)

Бауыржан

Жапалақтап әппақ қар,

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

Інжу

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

Ерасыл

Балалар шықты далаға,

Ойнап, күліп жүр енді.

Шаналармен озады,

Аққаланы соғады.

Ярослав

Снежок порхает, кружится,

На улице тепло.

И превратились лужицы,

В холодное стекло.

Макар

Под голубыми небесами,

Великолепными коврами.

Блестя на солнце, снег лежит,

Прозрачный лес один чернеет,

И ель сквозь иней зеленеет,

И речка подо льдом блестит.

Осы кезде құстардың дауысы шығады. (Әуен қойылады)

Тәрбиеші: -Мынау не,балалар? (құстар).
-Қыста аулада қай құсты кездестіруге болады?
Құстар аз көрінеді, қыстап қалған құстар ғана. Олар: ала қарғалар, торғайлар, сауысқандар, суық торғайлар. Бұл құстарға қыста қорек табу өте қиын. Олар аңдардың ізіндегі қардан ашылған шөптің дәнін теріп жейді. Ағаш бүршігімен,кепкен жеміс-жидекпен қоректенеді.
-Ал,қалған құстар қайда? (олар жылы жаққа ұшып кеткен).
-Ал,құстар орманға қандай пайда келтіреді? (ағаштарды құрт-құмырсқадан тазартады).
-Құстар туралы тақпақ білесіндер ма?

Алиман
Торғай,торғай,торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
Арайлым
Қарға, қарға,қарғалар.
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қор болар.
Бұтаға келіп қорғалар.
Осыдан кейін қоян кіріп келеді. ((
Қоян: -Сендер кімсіңдер? Орманда не істеп жүрсіңдер
Тәрбиеші: Бұл «Күншуақ  » тобының балалары. Біз орманға саяхатқа келдік.
Қоян: Мен- кіммін таныдыңдар ма?. Біз орман тұрғындары келген қонақтарға ризамыз. Онда мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ:
1)Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады.
( Қар)
2)Суға батпайды, отқа жанбайды.
(мұз)
3) Ақ көбелек қонды,

Құстарда енді тоңды.

(Қар)

4) Қонып алға жарға,

Қарқылдайды (қарға)

Жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.

Енді менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр: Ойын «Жақсы- жаман»

Балалар, мен сендерге суреттер алып келдім. Сол суреттер бойынша сөйлесейік. Жаман әдеттерді қара қалтаға саламыз. Жақсы әдеттерді қызыл қалтаға саламыз.
Мына суретке қараймыз, не көріп тұрмыз? Балалар таза ауада ойнап жүр. Бұл балалар қандай балалар?

(Балалардың жауабы)

Жақсы, онда Дарина қай қалтаға салады екенін көрейік.
Екінші суретке қарайық. Не көріп тұрмыз?
Бала далада мұз жеп жатыр. Бұл қандай бала?

(Балалардың жауабы)
Інжу қандай қалтаға салады екен.
Ендігі суретте не көріп отырсыңдар?
Бұл суретте бала құсты рогаткамен атып жатыр. Бұл қандай бала?

(Балалардың жауабы)
Ал, мына суретте не көріп тұрсыңдар? Бала құстарға ұя жасап, талға іліп қойды. Қандай бала?

(Балалардың жауабы)
Жақсы. Қалташаға салайық.
Қоян: Ақылды балалар екенсіңдер. Мен сендерге ризамын!
Сөздік жұмыс: Қар- снег, қыс- зима, құстар- птицы, орман- лес.
(Балалар қайталайды)
Тәрбиеші :- Сендерге бүгінгі орманға жасаған саяхатымыз ұнадыма ма?
-Осы ормандағы құстарды,аңдарды қорғайтын сендерсіңдер. Ел байлығы-жер байлығы. Осы байлығымызды аялайық.
Қоян,бізді жақсы қарсы алғанына рахмет. Біздің балабақшамызға қайтатын уақытымыз болды.

Қоян: Сау болыңдар,балалар! Онда менде өз үйіме қайтайын.
Тәрбиеші:
-Балабақшамызға тез әрі ,көңілді қайту үшін әніміздің жалғасын айтып барайық.
Балалар әуенмен топқа оралады
Тәрбиеші: Балалар, сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма ? Орманда не көрдік? Қысқы орманды , қыстайтын құстарды көрдік.

Ал, енді балалар қыстайтын құстарды құрастырайық.

(Балалар құстарды  құрастырады) .

 

Сергіту сәті:

Көңілді күн.(Музыка әуенімен)
– Балалар сендер бүгінгі оқу қызметіне қызығушылықпен қатысып отырсыңдар.

-Жарайсыңдар балалар.
Қазір мен сендерге балалар бүгінгі ашық оқу қызметімізге арнап тосын сый дайындадым, слайдты тамашалау.

Тосын сый ұнады ма?
Тәрбиеші:
Ал балалар олай болса мен сендерге сұрақтар қоямын.
Көңіл-күйіміз қандай? Тамаша!

Қыс мезгілі қандай? Тамаша!.
Ауа райы қандай? Тамаша!
Бүгінгі оқу қызметіміз қалай болды?  Тамаша!
Келген қонақтарымыз қандай? Тамаша!
Көңіл күйіміз қандай? Тамаша!
Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық!
(бәрі бірге)
Біз сіздермен бірге болғанымызға қуаныштымыз.
Біз сіздерге сәттілік тілейміз!
Біз сіздерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаймыз!
– дейді оқу қызметіне келген қонақтарға.
Қоштасу шеңбері:

Кел балалар тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау- саламат болайық!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *