«Жемістер жыры» Рза Қунақова
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картас
Тобы: «Айгөлек» ересек тобы
Білім беру саласы: Коммуникация/ шығармашылық
ҰОҚ: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жемістер жыры» Рза Қунақова
Мақсаты: Өлең мазмұнын ашу.Өлең ырғағын келтіре отырып,тіл ерекшелігін, көркем сөздерін түсіну, әр шумағын қайталау барысында ойлау қабілетін дамыту. Жемістердің пайдасы туралы айтып, құрамындағы дәрумендері туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жемістердің суреттері, муляждар,
Әдіс – тәсілдер: триз технологиясы және тәй – тәй технологиясы
Сөздік жұмыс: жемістер
Билингвалды компонент: Алма – яблоко – apple, алмұрт – груша – pear, банан – банан – banana, жүзім – виноград – grapes, шие – вишня – cherry
Іс –әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің басқарымдық қызметі | Балалардың іс- әрекеті |
І – кезең Мотивациялық қозғаушы | Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз. Жұмбақ шешу: Жиып -теріп болатын, Қамбаға астық толатын. Жапырақтар жер бетіне тарайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың? |
Шаттық шеңбер
орындалды.
Күз |
ІІ – кезең Ұйымдастырушылық ізденушілік | · -Қазір жылдың қай мезгіл?
· -Күз мезгілінде неше ай бар? – Балалар, күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
-Күз мезгілінде нелер піседі екен? Тосын сый. -Балалар мен бүгін балабақша келе жатып, бақшадан «Ғажайып қорапша» тауып алдым. – ішінде не бар? – тауып көрейікші. – күзде пісетін, адамға пайдалы, ол не? -Дұрыс айтасыңдар, балалар? -Қандай жемістерді білесіңдер? -Олар қайда өседі? -Алма,алмұрт, өрікті , шиені бір сөзбен жемістер дейміз. – Жемістер денсаулыққа пайдалы. Өйткені оның құраманыда дәрумендер көп. Жемістерді жеген кезде қолды жуып жеу керек. Бас салып, қолға түскеннің бәрін жей берген де дұрыс емес шығар. Қандай жемістерді көбірек жеген пайдалы. Ауырмаудың жолы – жеміс жеу. – Балалар сендер жемістер туралы тақпақ білесіздер ме? · · · · · · · · · Балалар жемістердің орысша, ағылшынша атауын айтып көрейікші Билингвалды компонент: Алма – яблоко – apple Алмұрт – груша – pear Банан- банан – banana Жүзім – виноград – grapes Шие – вишня – cherry – Осы жемістер туралы ақын Рза Қунақованың «Жемістер жыры» өлеңімен танысамыз. Мәнерлеп оқып беру.Тыныш отырып өлеңді жаттау. Нарттай қызыл алмам бар, Жазда әдемі киінем, Мәз болады алғандар. Тілді балдай үйірем. Көктемде ерте гүлдеймін Уылжыған өрікпін Кешігуді білмеймін. Мен бау – бақша көрікпін. Сұрақ-жауап: -Балалар, алманың түсі, дәмі, пішіні, қандай ? -Балалар, өріктің түсі, дәмі, пішіні, қандай? -Алма, өрік қашан гүлдейді?
Дидактикалық ойын: «Жемістердің бөлігін тап» ойналады. Мақсаты: Балаларға кесілген жеміс суреттерінің бөлігін табу. Үстел – үсті ойын орталығында «Жемістерді не жейді?»
Сергіту сәті: «Қызыл өрік» өлеңі
Дидактикалық ойын: «Себетке жемістерді түстерімен орналастыр» Дидактикалық ойын: «Жемістерді сандармен топтастыру»
Жеміс суреттерін бояу
-Жемістердің суретін ағаштарға орнатады. Топтық жұмыс: «Жемістердің көлеңкесін табу» |
Күз мезгілі
3 ай бар Күн суық болады, жаңбыр жиі жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Көкөністер, жемістер
Жемістер
– Алма,алмұрт,өрік, шие т.б. -Ағашта өседі
Жемістер туралы мағұлмат алады
Сезім : Мен алмұрпын,алмұртпын, Айана: Мен шиемін ,шиемін Күннің көзін сүйемін Қышқыл шырын менде бар Басынды төмен иемін
Балаларға үш тілде жемістердің атауын атайды
Өлеңмен танысып, бірге өлең жолдарын жаттайды
Сұрақтарға жауап береді
Жемістердің сыңарын тауып құрастырады. Аты мен түсін , пішініні айтады.
Жемістерді қандай аң жейтінін табады
Қимылмен жасайды
Ойынға қызығушылықпен қатысады
Ойынға белсене атсалысады
Жемістердің суретін бояйды |
ІІІ – кезең Рефлексивтік түзеуші |
· Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
· Жемістер адамның ағзасына пайдалы ма? · Сендер қандай жемісті ұнатасыңдар? · Бүгін біз қандай өлең жаттадық? · Ендеше осы өлеңді кім жатқа айтады. · Мадақтау .Балалар бүгінгі сабаққа белсене қатыстыңдар. Сіздерге көп – көп рахмет. · Бағалау: сабаққа жақсы қатысқандарын үшін мен сендерге фетрден жасалған жемістер таратамын. |
Сұрақтарға жауап береді |
Күтілетін нәтиже:
Қайталай алады: Жемістердің орысша, ағылшынша атауын айтады
Түсінеді: Жемістер не үшін пайдалы екенін, олардың қайда өсетінін;түсінеді
Қолданады: “Жемістер жыры” өлеңін тыңдай отырып,әр жемістің өзіне тән тілді үйіретін дәмі, түсі бар екендігін ойын арқылы көрсетуді.