Қонақ үй бизнесі туралы түсінгіміз
Халықаралық сарапшылар пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикада қарқыны төмендемейтін табысты салалардың қатарында. Халықаралық туризм және қонақ үй бизнесі ең негізгі рөл алатыны белгілі. Қонақ үй шаруашылығы мен туризм бір-бірімен өте тығыз байланыста.Қазақстанда туризм экономикалық салалардың бірі болып табылады. Елімізде туризмді дамытуға туристік ресурстар жеткілікті.Бүгінгі таңда әлемді пандемия жайлаған кезде карантин салдарынан сәл шектеулер ендірілуде. Бірақ туристер тарапынан сұраныстар әлі де азайған емес, шектеулердің ашылуын тағатсыз күтуде. Әлемдік пандемияға байланысты Қазақстан азаматтары сыртқа шығудан сақтанып, елде демалуды жөн көруі мүмкін. Бұл отандық туризмнің дамуына оң әсерін береді.
Тәуелсіздік алғанан бері Қазақстанда туризм және қонақ үй шаруашылығы саласын дамытуда бірнеше жобалар қабылданып, бірнеше бағдарамалар кезеңімен іске асырылды. Алайда елімізде әлі де туризм инфраструктурасы толық қарқынды дами алмай ақсап келеді. Оларға сервисіміздің кемшілігін, арнайы мамандардың жоқтығын айтуға болады. Қазақстандықтар туризм саласын экономикамызға тұрақты табыс көзі ретінде негізгі салалардың бірі деп әлі қабылдамай келеді. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, тек туризмді табыс көзі ретінде көріп отырған мемлекеттер бар. Мысалға алғанда іргелес Түркия елін алайық. Ешқандай пайдалы қазба өндірілмейді, бірақ орналасқан жері туризм дамуына өте ыңғайлы болғандықтан жылына алты ай даярлық жұмыстарын жүргізіп, алты ай туристерді күтумен өз елінің экономикасын көтеріп отырған алдағы мемлекеттердің бірі. Бұл елде қонақжалылық бизнесі өте жоғары дамыған. Біздің елде қонақ үй бизнесін дамуына бірнеше қатар проблемелер кездеседі. Ең негізгі проблема қонақ үйлерде қызмет көрсететін арнайы мамандардың жетіспеуі. Мемлекет осы салада маман даярлауға үлкен көңіл бөліп отыр, бірақ біздің халықта қонақ үй десе теріс, кері ұғымдар қалыптасқан. Қыз балаларын ондай мамандық тандап қызмет атқаруын қолдамайды. Оған өзімнің бірнеше жылдық тәжірибемнен көруге болады. Себебі мен бірнеше жыл осы сала бойынша мамандар даярлап келемін. Бұл жағдай өз басымыздан өтті десе де болады. Өкініштісі бітірген түлертеріміздің ішіненер адамдары ғана осы таңдаған маманы бойынша қызмет атқарса, қыз балаларға ата-ана тарапынан осы қызметті атқаруына құптау бергені бірен-саран. Бұрынан қалыптасып келе жатқан теріс ұғым осы саланың арнайы мамандардың көмегімен дамуына кедерге келтіріп келеді деседе болады. Біз әлі осы саланың қаншалықты экономикамызға пайда әкелетінің түсініне қоймадық. Қонақ үй шаруашылығында өнімнің сапалы болуы және үлкен сұраныста болуы ол сол қонақ үй қызметкерлерінің кәсіпқойлығына байланысты болатының ұмытпауымыз керек. Қонақ үй өнімін өндіру үшін ешқандай шикізатты қажет етпейді.Өнімді өндіріп, тасмалдауға, сақтауға шығын да шықпайды. Өнімнің өтуі қызмет көрсетуші персоналдардың қаншалықты кәсіби деңгейдегі сапалы көрсеткен қызметіне тікелей байланысты.
Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде бір мезгілде 1 мың адамды қабылдай алатын ірі курорттық кешен маусым айында туристерге есігін айқара ашпақшы. «Жылы жағажай» аумағында «RIXOS WATER WORLD AKTAU» көпфункционалды туристік қонақ үй кешені халықаралық деңгейде қызмет көрсетеді. Осы қонақ үй ашылу барысында, алдын ала қонақ үй бизнесі және мейрамхана ісі мамандықтары бойынша «Rixos Aktau Training Aсademy» бағдарламасымен ақысыз негізде қысқа мерзімде кадрларды оқытып бірнеше мамандар сертификатқа ие болды.Аймақтарды аралап кәсібибілім беру ордаларынан арнайы мамандарымызды жұмысқа шақыру мақсатында кездесулер өткізді. Бұл дегенміз бізде әлі дайын қонақ үй бизнесі және мейрамхана ісі мамандарының тапшылығын көрсетіп отыр.
Шығыстың ғұлама ойшылы Әл-Фараби айтқандай:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз – деп айтып кеткендей Маңғыстау облысы бойынша алғашқылар қатары болып Жаңаөзен қаласындағы «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінде «қонақ үй шаруашылығыжәне туризм» мамандығы бойынша мамандар даярланып келеді. Бірнеше түлектер өз мамандығы бойынша қызметін атқарып жүр.
Заманның қарқыны өзіне керекті мамандарды талап етеді. Болашақ түлектер мамандық таңдарда қазіргі заман талабының сұранысына жауап беретін мамандықты таңдауы қажет. Қонақ үй бизнесі және мейрамхана ісі мамандығы бойынша түсінігімізді өзгертсек бұл мамандықтың болашағы айтарлықтай жарқын болатыны сөзсіз.