Білім саласына реформа емес революция қажет ( бірінші ұсыныс )
Білім саласына реформа емес революция қажет
( бірінші ұсыныс )
Жаһандану дәуірінде қоғам дамуында шешуші рольді адам капиталы атқарады.Адам капиталының жетілуі,жоғары құндылыққа айналуы білім саласының құрылымы мен жүйесіне, оған құйылған иновация мен қаражаттың мөлшері,техникалық жабдықталуы әсіресе оның технологиялық нақтылығы мен қолжетімділігі,тереңдігі мен дәлдігіне келіп тіреледі.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің бүгінгі хәлін осы биіктен бажайлап қарасаңыз ескі мектептері мен ЖОО-ын жамап-жасқап,сылап-сипап өңдеп жаңартып жатқан күйбің тіршіліктің қарабайыр жағдаятын көресіз.Айталық,қоғам сұранысын қанағаттандырарлық мамандар мен ең қажетті қадрларды дайындау ісі тиянақты түрде жолға қойылмаған,әуелі десеңіз іріктеп алған мамандар мен кадрларға жеткілікті дәрежеле мамандық,шеберлік, білік,машық игерте алмай келеміз.Оның басты себебі білім жүйесінің даму қарқыны қоғам дамуынан 10-15 жыл ілгері озық жүруі тиіс деген қағиданы ескере бермейміз.Осы тұрғыдан келсеңіз орнамаған мектептер мен ашылмаған ЖОО (академия,университет,оку-ғылым-өндірістік орталықтар т.б.) көп-ақ.Әуелгі әңгімені білім саласына оқытушы-ұстаз (пән педагогі,менеджер-педагог, оқытушы-мұғалім,т.б.) -дар дайындау мәселелесіне сай ұсыныстарымызды айталық.
Заманауи жағдайда әлемдік білім беру кеңістігінде іргелі қағида қалыптасты:Әр мектеп өз түлегін өз мектебінде ұстаздық ететіндей дәрежеде дайындауға тиісті.Мысалы: “Биыл Университетті 1051 студент бітірді, оның ішінде 618 бакалавриат, 433 магистратура және докторантура бағдарламаларының түлектері. Бакалавриат бағдарламаларын Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің 345 студенті, сондай-ақ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің 273 студенті аяқтады. Магистратура бағдарламаларын Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінде – 92 студент, Жоғары білім беру мектебінде – 81, Жоғары бизнес мектебінде – 79, Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде – 56; Медицина мектебінде – 38, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінде – 35, Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінде – 15 студент аяқтады.»-деп, Назарбаев Университеттің Президенті Шигео Катсу Университеттің мерейлі онжылдық мерекесі жылғы табысын тамаша түйіндеген еді.Бұл нәтиже қыруар еңбек,үлкен құлшыныс,қомақты қаражат жұмсалып қолға келген-ді.Айталық, тиімді академиялық ортаны құру және елдің адами капиталын дамыту мақсатында АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Греция, Италия, Оңтүстік Корея, Ресей, Австралия, Үндістан және т.б. әлемнің 50-ден астам елдерінен 543 адамнан тұратын үздік ұлттық және халықаралық профессорлар Университетке студенттерді оқыту үшін тартылған екен.Еліміздің айтулы университетін бітірген бұл түлектер өз университетінде «оқытушылық» міндет атқара алатындай дәрежедегі маман болса,дәлірек айтқанда жоғарыда аталған «шет елдік мамандарды» белгілі мерзімде ауыстыра алатын , орнын басатын болса,маман дайындау мұратының абыроймен орындалғаны.Президиент мырза,бұл жағдаятты да ескеріп, түлектерінің қаншасы оқуын жалғастыруы тиісті екенін,қаншасы қайда орналсатынынына дейін тәптіштеп түсіндіріпті.Екінші жағынан,әлемдегі дамыған, дамушы және мешеу дамығын болсын барлық елдердің жас ұрпағына ең әуелі олардың сауатын ашып,оқу- білім беру,ғылым пегізін белгілі мөлшерде игерту мүмкіндігі толық бар екендігі анықталып отыр.Кімге де оқу білім беретін техника,технолология құрал-жабдықтар мен ресурстар,оқулықтар,әдіс-тәсілдер,электронды-автоматтық үйреткіштер мен интеллектуальды аспаптар, жасанды интеллект арқылы білім беру тетіктері осы заманда толығымен табылады.Ендігі мәселе осыларға айырбастауға келмейтін «оқытушы ұстазға» келіп тіреледі.Осы мәселені Қазахстан Республикасындағы ұстаз-педагог дайындаудың бүгінгі денгейіне шолу жасай отырып,ары қарай қалай дайындауға болатынына пікір қосалық. «Қазақстанда 4580 мұғалім жетіспейді. Мектептерге 691 бастауыш сынып, 599 математика, 587 орыс тілі, 445 ағылшын тілі, 299 физика, 259 химия, 217 информатика, 270 ән-күй пәнінің мұғалімі қажет.»(2017 жылғы мәлімет)«Қазақстанда 54 апатты мектеп, 183 үш ауысымды мектеп бар. 168 мың оқушыға мектептерде орын жетіспейді.» “Демографиялық және көші-қон процестерін ескерсек, қалалардағы мектеп тапшылығы статистикасы нашарлауы мүмкін. 2025 жылға қарай мектептерде 500 мың орын тапшы болады деген болжам бар”, – деді Асхат Аймағамбетов.Министрдің айтуынша,педагогтардың сапалық құрамын арттыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта 150 мыңнан астам педагог біліктілік санатын растап, лауазымдық еңбекақысының 30-50 пайызы көлемінде үстемеақы алып жатыр. Мектеп басшыларының да жалақысын арттыру көзделуде.Оның сөзінше, мәселені шешу үшін кемі 800 мектеп салу жоспарланып отыр. 2020 жылы қосымша 80-ге жуық білім беру нысаны бой көтереді. Министрлік апатты жағдайда тұрған және үш ауысымды мектептер мәселесін шешіп, бір ауысымда ғана сабақ беретін деңгейге жеткізуді көздеп отыр.» Нұр-Сұлтан білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова елордаға қандай мұғалімдер жетіспейтінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Оқу жылының соңында педагогикалық кадрларға деген қажеттілік – 842 адамды құрады. 706 зейнеткер ұстаз бен жаңа мектептердің ашылуын қосқанда, 2000-нан астам қызметкер жетіспейді.»
« Аралас мектептердің жыл өткен сайын көбейіп жатқаны жөнінде сенатор Динар Нүкетаева да дабыл қақты: «Елімізде күндізгі жалпы білім беретін мектептердің саны – 6973. Оқушылардың саны – 3 млн 250 мың. Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын – 3726, орыс тілінде оқытатын – 1181, аралас тілде оқытатын 2043 мектеп бар. Басқа тілде оқытатын 23 мектеп бар: оның ішінде 12 мектеп өзбек тілінде, 11 мектеп ұйғыр тілінде. Яғни аралас тілді мектептер жалпы мектеп санының 30 пайызға жуығын құрап отыр. Бұл әлемде ешбір елде кездеспейтін, тек қана Қазақстанда бар жағдай. Бұл үрдіс одан ары да жалғаса беретін болса, одан кейін қазақ тілінің тағдыры, ел тағдыры қалай болатынын ешкім болжап айта алмайды. Еліміздегі аралас тілді мектептердің соңғы бес жылдағы жағдайына қарасақ, 2016 жылы – 2045, 2017 жылы – 2037, 2018 жылы – 2046, 2019 жылы 2054 мектеп болған. Ал 2020 жылы аралас тілді 2043 мектеп жұмыс істеп, онда 1 393 727 оқушы білім алып жатыр. Демек, 2016 жылмен салыстырғанда осындай мектептерде оқитындардың өсу тенденциясы жыл сайын үдеп, олардың саны 196 715 оқушыға дейін артқан». “Бүгінде 85 университет пен 75 колледж педагог мамандарды даярлайды. Бірақ олардың сапасы сын көтермейді. Сондықтан біз кәсіби талаптарды күшейтіп жатырмыз”, – деп атап көрсетті Аймағамбетов. «Budbeed әрбір оқушының білім деңгейіне сай қосымша оқу материалдарын ұсынып отырады. Бұл — басты ерекшелік. Қазақстанда 3,5 миллион оқушы бар. Оның 75%-і қазақ тілінде білім алады. Соның шамамен 2,1 миллионы ғана интернетке қосылған. Таза қазақ тілінде білім берсеңдер, қалған 400 мың оқушы қайдан келіп отыр?” деген пікірлер де бар. Бұл – өзбек, ұйғыр, орыс мектептерінде оқитын балалар. Өзбек, ұйғыр мектептері оқушылары негізінен Алматы облысының Ұйғыр ауданы мен Түркістан облысының Сайрам ауданынан келді, оларға қазақ тілінде оқыған тиімді, ыңғайлы болды. Сонымен бірге қазақ және ағылшын тілдері үшін тіркелген орысша оқитын балалар да бар.»«Мемлекеттік аппарат бағытындағы басымдықты білім беру саласына қарай бұру керек. Бұл туралы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында BTSDigital білім беру жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбек айтты.Оның сөзінше, алдағы 10 жылда білім беру саласында түбегейлі өзгерістер болады. Сондықтан Қазақстан білім беру үлгісінің бағытын айқындап алуы қажет.Сарапшы елде цифрлық сауат деңгейін көтерудің, мектепке дейінгі білім беретін мекемелердегі оқу бағдарламасын бір ізге түсірудің, оқушылар мен ұстаздарға ортақ онлайн платформа құрудың, арнаулы оқу орындарына академиялық еркіндік берудің уақыты келгенін айтты.» «Қазақстанда 63 мың үйірме мен 1200 қосымша білім беретін ұйым жұмыс істейді. Қазір Оқушылар сарайлары, балалар технопарктері, үйірмелер мен өнер мектептері және тағы басқа желісін одан әрі ұлғайту міндеті тұр», деп жазды Асхат Аймағамбетов.
« Министрдің айтуынша, компьютерді қосып, “Күнделік” толтыру, Zoom-ға шығу жеткіліксіз. Мұғалімдер оқушылар мен студенттерді қашықтан қалай оқыту керек екенін білуі керек. Сондықтан олар біліктілікті арттыру курсынан өтеді. “Біз ІТ саласы, оқыту әдістемесі, қашықтан оқыту жүйесі арқылы қалай жұмыс істеу, тапсырманы қалай беру керек – осылар туралы айтып отырмыз. Мұның бәрі арнайы курста қамтылған. Әріптестеріміз біліктілікті арттыру аясында осыларды меңгереді”, – деді Аймағамбетов Zoom платформасында өткен брифингте.Бұл өзгерістер университетке енді түсетін болашақ педагогтерге де қатысты.”Жоғары оқу орындарында да қашықтан оқыту бойынша міндетті модуль енгіземіз. Ректорларға бұл жөнінде айттық. Болашақ мұғалімдер де университет қабырғасында осы технологияларды, әдістемелерді меңгеруі тиіс”, -деді министр.
Ұлттық аударма бюросының басшысы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлы ұлт мектебінің үлгісін жасауды ұсынды. “Нақты ғылымдар, технология және ағылшын тілімен қатар, тіпті одан бұрын қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы мен өлкетануы, ұлт өнері мен дәстүрін озық әдістеменің негізінде жаңаша оқытатын, “әлем азаматы” емес, бірақ әлемнен хабары бар Қазақстан азаматын тәрбиелейтін ұлт мектебінің үлгісін жасауды ұсынамыз. Ондай мектептің бағдарламасын құрастыруға осы кеңес мүшелері де өз үлесін қоса алады”, – деп атап көрсетті Кенжеханұлы. Оның айтуынша, “әлем азаматы” рухында білім мен тәрбие алған баланың Қазақстанның нағыз жанашыр азаматы болып өсуі екіталай. Сол себепті елімізде ұлттық мектептің үлгісі болуы қажет. Маман мектеп тапшылығына да тоқталды. Себебі дәл осы мәселе білім сапасына кері әсерін тигізіп отыр. Оның мәліметінше, қазіргі таңда 7 400 мектепте жалпы саны 3,5 миллионнан астам бала оқып жатыр. Олардың 70 проценті екі ауысымда, ал 200 мың бала үш ауысымдық мектепте оқиды.”Соңғы жылдары Қазақстан білім берудің мазмұнын жаңартуға көп күш салды, ілгері дамыған мемлекеттердің талаптарына бағыт алды. Бірақ ондай мемлекеттердің ешқайсында үш немесе екі аусымдық мектеп жоқ. Ал сапалы білім беру үшін мектептің бір ауысымда жұмыс істеуі маңызды”, – дейді Кенжеханұлы.Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан оқушыларын толығымен бір ауысымға ауыстыру үшін қосымша 3 мыңдай жаңа мектеп қажет.»«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовқа балаларды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу ісіне баса мән беруді тапсырды, деп хабарлайды “Ұлт ақпарат”.«Адамдарға жылдар бойы табиғатты ластамау керектігі түсіндірілмеген. Бұл бір. Екіншіден жануарлар әлемі туралы. Жақында Маңғыстау облысының Ақтау қаласында бір оқиға болды. Онда адамдар итбалықтарды таяқпен, таспен ұрып жүр. Екінші жағынан балалар мен жасөспірімдерді бұл қылықтары үшін тағы кінәлай алмайсың. Себебі үйде болсын, мектепте болсын оларға бұл әрекеттің дұрыс еместігін ешкім де түсіндірмеген. Мен итті қылқындырып, күшікті өртеп жіберетін «қатардағы» жағдайларды айтып тұрған жоқпын. Менің ойымша, Аймағамбетов (Білім және ғылым министрі) бұл мәселеге байланысты ойлануы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.» «Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, қашықтықтан білім беру форматында жұмыс істеу үшін педагогтен бірнеше құзыреттілік талап етіледі. Ол үшін педагогтер біліктілігін арттыру курстарында оқиды. «Біріншіден, педагогтің ІТ-технологиялар жөнінен құзыреттілігі керек. Интернет жүйелерді және технологияларды білуге тиіс. Сол себепті, педагогтерге әзірленген курстар аясында міндетті түрде біліктілігін арттыру мүмкіндігі беріледі. Екіншіден, жаңа жағдайда білім беру әдістемесін, киберпедагогиканы білу мәселесі тұр. Өйткені дәстүрлі түрде сыныпта және қашықтықтан сабақ берудің айырмашылығы жер мен көктей. Әріптестеріміздің барлығының біліктілігін арттырамыз», – деді. Айта кетсек, білім берудің жаңа форматы тек мектепке ғана қатысты емес. Елдегі колледждер мен университеттер де жаңа оқу жылын қашықтан білім беру арқылы бастайды.»«Бізге ұлттық мектептің үлгісі ғана емес, сонымен бірге қазақстандық мұғалімнің ұлттық моделі де қажет. Сондықтан қазір Қазақстанда мұғалімнің өзіндік атрибуттарын (сонымен қатар мектептің ұлттық моделін) нақты анықтау қажет: ол жоғары оқу орнын аяқтағанда қандай дағдыларды игеруі тиіс; жұмысты қалай істегені жөн? Осы әлеуметтік портреттің негізінде педагогикалық мамандықтардағы білім беру бағдарламаларының мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін; мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін жаңаша қалыптастыру қажет. Автономия жағдайында әр педагогикалық университет өзіндік бірегей білім беру бағдарламаларын жасай алады. Бірақ менің ойымша, кейбір атрибуттар барлығына «өзек/core» болуы керек. Бұл барлық мұғалімдер үшін маңызды бағыт-бағдар болады. Әрине университетке түсетін немесе оқитын студенттер осы қасиеттерге ие болып шығады. Қазіргі мұғалімдер үшін біліктілікті арттыру бағдарламалары оларды қажетті әлеуметтік атрибуттарға «жеткізетін» модульдерді қамтуы керек.»«Педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын жаңарту қажет. Қазіргі педагогикалық білім беру бағдарламасының түлегі «конвергентті мұғалім» болуы шарт. Ол өзі оқытатын ғылымды жетік меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі педагогикалық жанрларда еркін жұмыс істей білуі керек: лекциялар, тренингтер, мастер-кластар, тікелей, онлайн және қашықтан оқытуды меңгеруі тиіс. Жаңа форматтағы мұғалімдердің «валенттілігі» де жоғары болуы шарт, яғни мектеп оқушыларына да, басқа мақсатты аудиторияларға да (мәселен, біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына) сабақ бере алуы шарт. «Конвергентті мұғалім» сабақ мазмұнын да әртүрлі формада, мәселен, оқулықтардың қосбеттері, аудио және видео сабақтар, лонгридтер, презентация, анимация, инфографика және т.б. түрлерінде жасай алғаны абзал.Конвергенцияға әртүрлі рөлдерде жұмыс істеу қабілеті кіреді: мұғалім, лектор, тәлімгер, көшбасшы, үйренуші студент, тыңдаушы, менеджер, зерттеуші.Әрине мұғалімге деген қоғам тарапынан қойылып жатқан осындай жаңа талаптар білім беру бағдарламаларының жаңа архитектурасы мен мазмұнын, жаңа форматтағы кәсіби мұғалімнің қалыптасуындағы жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізуді анықтайды. Бұл барлық қолданыстағы бағдарламаларды 100% қайта қарауды талап етеді: тиімсіз немесе тиімділігі төмен пәндерден бас тарту, бұрынғыларын жаңарту және жаңаларын қосу!» Осы дәйектерді өзара салыстырып,әрі жекеленген пайымдау жасасақ мынандай қорытындыға келеміз.
Бірінші.Мектеп пен мұғалім,тәрбиеші ұстаздардың жетіспекушілігі ұзақ жылдар бойына ұласқан,әлі де талай жыл жырланатын,жауыр әңгіме екендігі анық.Оны шешу үлкен қайрат пен күш жігер,қаражат талап етеді.Мұның төбесі әзірге көзге көрінбей тұр.Әсіресе өлкелер мен жергілікті жерлердегі мектеп ашу,салу, мен маманын өздері тауып дайындау ісі тым жүйесіз,иесізденіп кеткен.
Екінші.Тәуелсіздіктің отыз жылында «қазақ жанына қабысатын» ( Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай –ақ серттесуге болады.Мағжан Жұмабаев)мектебін жасай алмадық,тіптен сондай мектептің үлгісін де, сол мектептің ұстазын да бейнелей ,сипаттай алмадық.Бұл бағыттағы ғалымдар мен,баба ойшылдардың лұғатын ескекріп те, елеп те жүргеніміз жоқ. Керісінше аударма,көпірме тәрбие теориялары мене ілімдері салтанат құрып тұр.Олардың кесірінен ұрпақ тәрбиесі тым таязып,әдепсіздер мен көргенсіздерді көбейтіп алдық.(- Бала тәрбиелеуге жайлы мемлекеттер рейтингінде 73 елдің ішінде 73-орындамыз. (U.S. News & World Report and the Wharton School of the University of Pennsylvania, 2019);Қоғам дамуы мен адамның жеке басының дамуы бір – бірімен тығыз байланысты. Қоғам адамды қаншалықты дәрежеде жетілдірсе, жетілген адам қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Тәрбиесіз қоғам қоғам болудан, адам адам болудан қалады. Материалдық және рухани байлық жасап, қоғамды дамытатын – адамдар. Ал адамдарды соған дайындап, тәрбиелейтін – ұстаздар. Олай болса мұғалім – қоғам мен қоғамды, ғасыр мен ғасырды жалғастыратын буын. Тарихты жасайтын – халық, халықтың көзін ашып, көңілін оятатын, саяси қырағылыққа, сенімділікке, адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа, бауырмалшылдыққа, Отаншылдыққа, азаматтыққа баулитын – ұстаз.Олай болса, «оқытушы-ұстаз»,мұғалім дайындау Қазақстандық жүйе қалыптастыру қажет.Қазақстан мектептеріне ұстаздық жасайтын мұғалімді ең әуелі сол мұғалімді қажет етуші мектеп дайындайды.Жыл сайын,әр мектеп аудандық оқу бөліміне маман сұранысын табыстайды.Ол келесі жылғы маман сұранысы емес,қажетті маманды дайындауға кететін уақытқа (3-4-5 жыл) байланысты ұзақ мерзімді сұраныс.Мысалы: бастауыш сынып мұғалімі-2 (егер өз мектебінде оған бағытталып дайындалған оқушы бар болса аты жөні анықталып
тізімге қосылады),химия-биология пән мұғалімі-1,егер бұл пәнге келешекте осы мектепте оқытушы боларлық дайындалған оқушы жоқ болса айқын көрсетіледі,шет тіл мұғалімі-1,т.б.Бұл тапсырысты аудан көлемінде біріктіріп,дайындалуға тиісті «оқытушыларды» басқа мектептерден толықтыр-ып, облысқа ұсынады.Обылыс бос орны бар «оқытушыларды» толықтырып,мемлекетке тапсырып грант алады.Грантта қажетті пән мұғалім саны өте ашық көрсетіледі.Мысалы Қарағанды облысыпда 2025-2026 оқу жылында дайындалуға тиісті пән мұғәлімінің саны,аты-жөні, олардың барып жұмыстайтын мектебі жазылған тізім-альбомдар үштен бес жылмен көрсетіліп дайын тұрады.Осы жүйемен дайындалатын «келешек педагогтар» ҰБТ –ге қатыспайды,тек облыстық, Нұр-сұлтан, Алматы,Шымкент қалалық білім басқармаларынан гранттық-жолдама алып,педагог дайындайтын арнаулы және ЖОО-да оқи алады.Мұндай жоспарлы,нақты іс-әрекет нәтижелі болатындығы белгілі.Осы «жүйені» іске асыру үшін,педагог даярлайтын арнаулы және ЖОО-ны «Айғақ куәлі-гін» дайындап білім басқармаларына келтіріуі тиіс. Айғақ күәлігіне,әр мектеп жыл сайын (3-5жыл ішінде) дайындайтын мұғалімнің білік дағдысы және конвергенттілік қабылетін қандай дәрежеде игертіп,нендей модулльдерді игертетінін және ол үшін қанша қаражат жұмсайтынын ашық жазу керек.Кәзіргі заманда,әлемде білім-біліктілікті ақшадай санап алып жатыр.Әр мектептің кадрлық және жабдықталу мумкіндігі,оқытушыларының дәрежесі,лабороториялық-өндірістік жабдықталуы әртүрлі болғандықтан олар өз мүмкіндігіне сәйкескен «Айғақ куәлігін» нақты әрі шынайы дайындайды.Бәрін тындырамын деп өтірік куәлік жасап,ақырында нәтиже болмаса сол мектеп ақшаны қайта құсатындықтан өте сақтық ,адалдық қажет. «Мұғалім-оқытушы» қызметіне келу үшін осы жүйемен дайындалған әр студент «педагог мәртебесін» алуы қажет!!!Педагогикалық практиканың ең соңғы ретінде (бұл жүйеде 90 күн),өзін «айтулы педагог бол»-деп үміт артып үкілеген мектебіне келіп,аяулы ұстаздарының алдында, «Айғақ куәлігі» негізінде сынақ тапсырып, емтиханнан өтеді.Бұл диплом немесе курс жұмысын жазу емес,сабақ үйрету,тәрбие сағатын өткізу нақтылы шығармашылық іс-әрекет үстінде сыналып шынығу,жетілу. сабақ мазмұнын да әртүрлі формада, мәселен, оқулықтардың қосбеттері, аудио және видео сабақтар, лонгридтер, презентация, анимация, инфографика және т.б. түрлерін де жасап көрсетеді. «Конвергенцияға әртүрлі рөлдерде жұмыс істеу қабілеті кіреді:сондықтан. мұғалім, лектор, тәлімгер, көшбасшы, үйренуші студент, тыңдаушы, менеджер, зерттеуші»-болып роль атқарады , қызмет етіп көрсетеді.Бұл іске аудандық, қалалық оқу бөлімінің мамандары,әдіскерлері тартылуы қажет.Себебі «педагог мәртебесін» мектептердегі тәлімгерлік комисиясының анықтамасы бойынша,мектеп әкімшілігінің сұрауы бойынша,аудандық және қалалық оқу бөлімі береді(Оның мемлекеттік ортақ түр-тұлғасы болады).Өзінің аяулы ұстаздарынан оқыған мектебінде игермеген көп дүниені ұғатыны даусыз.Егер оқытқан мектебі дайындау кезінде ағаттық жасап,жетімсіз білім беріп, келешек ұстаздың дамуына қиянат жасалғаны білінсе,сол мектептен оқу бөлімдері куәлікте көрсетілген мөлшердегі ақшаны өндіріп алуға құқылы болу керек.Ол, «Педагог мәртебесі» заңына жалғыз бап қосу арқылы жүзеге асады.Бұл жүйе,төлеммен оқып ұстаз болу,жеңілдікпен оқушыларға (жетім балаларға және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға) берілетін гранттарға тосқауыл болмайды.Олар өз жөнімен бұрыңғысынша іске асады.Тек қана оларға да диплом алу ғана емес,педагог мәртебесін алу талап етіледі.
Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы)