«Автобус»

Тақырыбы: «Автобус»

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Мақсаты: Балаларға көлік жайлы түсініктерін кеңейту; көлікті сипаттап әңгімелету арқылы сөздік қорын молайту. Көліктің суретін дәстүрден тыс салуға жаттықтыру; сурет салу дағдыларын қалыптастыру. Ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: слайдтар арқылы түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: Интерактивты тақта. Автобус суреті,қара түсті бояу,автобус бейнеленген қағаз,сәбіз,сүрткіш,атрибут торғай.

Әдіс – тәсілдері:көрсету,түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Үш тілдік: автобус-автобус,ұшақ-самолет,кеме-лодка,

Жүру барысы:

Шаттық шеңбер:

Қуанамын, күлемін

Жылы менің жүрегім

Достарыма үнемі,

Риза болып жүремін

Амандасу үлкенге ,

Тәрбиенің басы ғой,

Ал қәнекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Қәнекей балалар қонақтармен амандасып алайық.

–Сәлематсізба

-Здраствуйте

-Coodmoning

Жарайсыңдар балалар ендеше жәймендеп орнымызға отырайық.(осы жерде машинаның даусы шығады)

-Балалар бұл ненің даусы?

-Бұл машинаның даусы

-Жарайсыңдар балалар бүгін біздер көліктер туралы әңгімелесетін боламыз.Балалар көліктердің бірнеше түрлері бар.Әуеде ұшатын,суда жүзетін, жерде жүретін.

-Мынау әуеде ұшатын көлік

-Бұл ұшақ.

-Ал мынау суда жүзетін

-Бұл кеме

Ал енді балалар осы көліктердің ішінен автобусқа тоқталамыз.

-Бұл автобус

Енді балалар қараңдаршы осы автобусты сипаттайық.

-Автобустың түсі қандай?

-Автобустың түсі қызыл

-Автобустың пішіні қандай?

-Автобустың пішіні төртбұрыш

-Автобустың терезелері қандай пішінді?

-терезелерінің пішіні төртбұрыш

-Ал мынау автобустың есігі есігінін ішінен адамдар кіреді.

-Автобустың адамдарға беретін пайдасы қандай?

-Автобус адамдарды баратын жерлеріне жылдам апарып тастайды.

-Ал мынау не балалар

-Машинаның дөңгелегі

-Дөңгелегінің түсі қандай?

– дөңгелегінің түсі қара Жарайсыңдар балалар

Ғажайып сәт: Қонаққа Жүргізуші ағай келеді қолында дөңгелегі бар.

-Балалар бізге кім келді?

-Жүргізуші ағай

-Ағай неге ренжеп тұрсыз көңіл күйіңіз жоққой

Жүргізуші ағай: Ой балалар осы маңда өтіп бара жатып менің көлігімнің дөңгелегі жарылып қалды.Ал мен болсам аулыма баруым керекпін,осыны ойлап көңіл күйім түсіп келе жатқан жәйім бар. Мен сендерден көмек сұрағалы келдім сендер менің дөңгелегімді жасап бере аласыңдарма?

-Балалар жүргізуші ағайға көмектесемізба?
-Иә әрине көмектесеміз

-Жарылған дөңгелектің орнына жаңадан дөңгелек жасап бере аламызба?

-Балалар алдарында дайын автобустың суреті тұр.Бүгін біздер дәстүрден тыс арқылы дөңгелектің суретін саламыз.

-Мынау не балалар?

-Сәбіз Осы сәбізбен дөңгелектің суретін салатын боламыз.Ең бірінші жасалу жолын түсіндірейін.Алдымен сәбізді оң қолға ұстап,қара түсті бояуымызға батырамыз.Бірінші дөңгелегімізді жасаймыз,қайтадан қара түске батырып екінші дөңгелегімізді жасаймыз.(Машина туралы өлең жолды айта отырып,автобустың дөңгелегін саламыз)

Досым маған ойыншық,

Машинасын сыйлады.

Дөңгеленіп аяғы,

Асыр сала зырлады.

-Балалар қараңдаршы біз не жасадық?

-Дөңгелектің түсі қандай?

Қәнекей кім болды қарап шығайыншы. Суретті ілу қолдарын сүрту.Балалар қараңдаршы қандай әдемі автобустың суреті шықты.

-Жүргізуше ағай қараңызшы сізге ұнап жатырма?

-Балалар енді осы автобус туралы кім маған тақпақ айтып береді.

Автобус алға зулайды,

Бағыттан еш аумайды.

Зыр айналар дөңгелек,

Көлік бізге ең керек.

Төрт аяғым дөңгелек

Адамсыз мен жүрмеймін

Барлық жерге жеткізер.

Қаласаңыз апарам.

Жүргізуші ағай: Қандай тамаша жарайсыңдар балалар. -Балалар мен сендерге қызықты ойын ала келдім ойнның аты «Торғайлар мен автомобиль»

Қимылды ойын: «Торғайлар мен автомобиль»

Торғай, торғай, торғайсың,

Жақын келіп қонбайсың.

Жем шашамын тойып ал,

Сонда торғай тоңбайсың.

Жүргізуші ағай: Жарайсыңдар балалар менің көңілім көтеріліп қалды сендер маған әдемі дөңгелек жасап бердіңдер.Сендерге көп рахмет.

-Балалар бүгін біздер не туралы әңгімелестік?

-Көліктер туралы әңгімелестік

-Қандай көлікпен түрімен таныстық?

-Автобус

-Қонаққа кім келді?

-Жүргізуші ағай келді

-Жүргізуші ағайға қалай көмектестік?

-Жүргізуші ағай бізден көмек сұрады ал біздер үлкенге көмектестік,әрқашанда үлкенге құрмет көрсетіп қол ұшымызды беріп жүруіміз керек.Сендер бүгінгі оқу қызметіне жақсы ат салыстыңдар көп рахмет.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *