«Күн,су,ауа-біздің достарымыз»

Тақырыбы: «Күн,су,ауа-біздің достарымыз»
Білім беру саласы:әлеумет,шығармашылық
Бөлімі:Қоршаған орта
Мақсаты:Ауа,су,күн және олардың маңызы туралы балалардың білімдерін тереңдету.Ауа туралы ұғымды түсіндіру, су-тіршілік көзі екендігін, оның пайдасы туралы білімдерін кеңейту.Күннің жылуы мен жарық беретіндігін түсіндіру.
Көрнекіліктер:слайдтар арқылы түсіндіру.
Құрал жабдықтар:Интерактивты тақта.
Күн суреті,кір қыстырғыш,пакеттер,шарлар,алдын ала өндірілген маш,бидай,жүгері,бөлме гүлдері,фетрадан жасалған бұлттар,губкадан жасалған бұлт.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс:Күн,ауа,су ертегісі.
Әдіс тәсілдері:Сөздік сұрақ жауап әңгімелеу, тәжірибелік,түсіндіру.
Үш тілдік:Ауа-воздух-
Су-вода,
Күн-сольнце,
Қонақтармен амандасу
Шаттық шеңбері:
Күн күлімдеп нұр төкті бізге жолдап,
Күн,ауа,су-біздің достарымыз!
Жауын бізге нұрын септі,достарға сыйлап,
Күн ,ауа,су-біздің достарымыз!
Ауамен терең дем алып,
Кел қосылып айтайық бір бірімізге!
Күн,ауа,су біздің достарымыз!

Балалар бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болмақ. Бүгін біз табиғат аясына серуенге шығамыз. Балалар оқу қызметін сендерге бір ертегімен бастамақшымын. (бейнетаспамен көрсету арқылы)
Көрдіңдер балалар су, ауа, күн барлығы бір-бірімен тығыз байланысты екен. Ал бізді қоршаған орта – табиғат деп аталады. Ол жазира дала, биік таулар, көгілдір көлдер, мөлдір өзендер мен бұлақтар, сондай-ақ жан-жануарлар мен құстар, жәндіктер. Ал біз өзімізді табиғаттың бір бөлшегіміз деп айта аламыз.
Ал балалар тірі табиғатпен, өлі табиғатқа нелер жатады еске түсіріп алайық.
1. Тірі табиғатқа нелер жатады? (жан-жануарлар, құстар, өсімдіктер)
2. Өлі табиғатқа нелер жатады? (ауа, тас, су, күн т.б.)

Ал енді саяхатымызды бастаймыз.
Жұмбақ жасырамын.
Ол жақ болса өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
-Ауаны ұстай аламыз ба, айналаға қараңдаршы, біз ауаны көреміз бе?
(Балалар ауаны ұстамақшы болады)
– Ауаның салмағы бар ма екен?
– Олай болса тексеріп көрейік, ауа жайлы түсініктеріңізді іс-тәжірибемен толықтырамыз.
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді.(Су)
Олай болса келесі әңгімеміз су туралы болмақ.(Глобусты көрсету).Глобуста көгілдір түспен не белгіленіп тұр?(су)салыстырып көрейік –жер көппе ,әлде су көппе?(су)Су өмір бойы айналамда болады.Су жаңбыр ,қар күйінде жерге түседі ,өзен –көл теңіздерді құрайды,ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып қайта оралады .Жаңа табиғат бұрышында өсімдіктерге ауа қажет екендігін түсіндік.Енді міне су да қажет екен.
Тосын сәт: Профессор мен Ғалым
Сәлеметсіздерме балалар мен сендерге өзіміздің тәжірибелерімізді алып келдік.сендер ауа ,су күннің
1-тәжірибе: Әр баланың қолына пакет беріледі. Балалар пакеттермен ауаны ұстап, ауаның бар екеніне көз жеткізеді.
2-тәжірибе: Ауаның салмағы бар ма? Қане көрейікші. Ол үшін бізге мына таразыда ілулі тұрған шарлардың біреуін жарайық. 1-қызыл шарды жарайық, сары шар қалды, ия ол шар бір жаққа қарай ауды, яғни ол шардың ішіндегі ауада салмақ бар деген сөз.
3-Тәжірибе:Әр баланың қолына үрлемелі шар беріледі .Балалар өздері шарды үрлеп .Ауаны шығарып тәжірибе жасайды. Әр баланың қолына айна беріледі .Балалар айнаға үрлеп , ауаның бар екеніне көз жеткізеді.
Ғалым келеді:
1-тәжірибе:Екі стаканға су құйып,оның біреуіне бояғыш салу.Екі стаканға қандай да бір затты саламыз.Бояғыш салмаған стакандағы судан зат көрінбейді.
2.Су құйылған екі стаканның біреуіне тұз саламыз.Енді екі стақанға да жұмыртқа счалсақ ,тұзы жоқ стақандағы суда жұмыртқа түбіне батып кетеді

1 тәжірибе:Табиғат күнбізді қоршаған ортамыз
Балалар біз енді серігіп алайықшы.
Сергіту
Күн ұйықтайды.
Күн оянады.
Жел соқты.
Жаңбыр жауды. (слайд арқылы)
Бұлт шатырлады.
Күн ашылды.
Жел басылды.
Балалар көздеріңді жұмыңдар. Ненің дыбысын естіп тұрсыңдар. (су сылдыры музыкадан)
Ойын: «Сиқырлы көпіршіктер»
-Балалар Ертегі көрініс көрсету
«Күн, жер, су, от және ауа» (ертегі)
Бір күні Күн, жер, су, ауа қайсысы ең маңызды деп таласыпты.
Күн: «Ең бірінші оянып мен өз шуақтарыммен жер планетадағы адамдарды, құс, аңдарды оятамын!» дейді.
Жер: «Ия, ия, күн, сен жаңа өзің айттың жер планетасында тұратындар деп. Мен болмасам аңдар, жәндіктер, адамдар қайда өмір сүруші еді? Ағаштар, гүлдер қайда өсуші еді? Өзен, теңіз, мұхиттар қайда тасушы еді? Ең маңызды мені!»
Ал мен болмасам,- таласқа су кірісті – балықтар, пингвиндер, су құстары болмаушы еді? Менсіз адамдар өмір сүре алмаушы еді.
«Мен олардың үйлерін жылытамын» – таласқа от кірісті.
«Сендер мен туралы ұмытып қалдыңдар!»
– Ауа дауысын шығарды. Мен көрінбесем де адамдардан басқа, әр тірі зат өмір сүре алмайды! Менсіз отта болмайды.
Бұл талас ұзаққа дейін созылды. Ешкім білмейді қашанға дейін созылатынын, егерде адам бұл әңгімеге кіріспесе.
«Сендердің әрқайсысы маңызды. Сендерсіз жерде өмір болмаушы еді.»
Адам тыныс алып, жерден астықты теріп, бұлақтан таза суды ішіп, үйіне кіріп отты жақты. Содан бері күн, су, жер, от, ауа бір бірімен таласпайды.
– Балалар, сендер табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
– Тау бұлағымен сәнді, көл құрағымен сәнді.
– Жер құтты болса, мал сүтті болады.
– Жер – ана, ел – бала Дәйексөз: Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға адамзаттың тілі жоқ.
Балалар табиғатқа өз ризашылығын білдіреді.
– Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет!
– Ағаш, көлеңкең үшін рахмет!
– Жер, саған жомарттығың үшін рахмет!
– Бұлт жаңбыр сепкенің үшін рахмет!
– Таза ауа, саған рахмет!
– Табиғат, сұлулығың үшін рахмет!
– Құстар, тамылжыта салған әндерің үшін рахмет!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *