Әдебиеттік оқу. Мақтанышым – Астана
Пәні: | Әдебиеттік оқу | Мектеп: 21 жалпы орта білім беретін мектеп |
Сабақ тақырыбы: | Сәулет өнері. Мақтанышым – Астана | Мұғалім: Алдонгарова Акмарал Атырауовна
Қатысқандар саны: 28 Қатыспағандар саны: 0 |
Күні : | ||
Сынып: | 3 |
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | 3.3.3.1 – шығармашылық жұмысын сурет, сценарий түрінде ұсыну. | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Астана туралы мәліметтер біледі. Өлеңнің мазмұнын түсінеді;
Көптеген оқушылар: Шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпарат таба алады, өлеңді мәнерлеп оқи алады; Кейбір оқушылар: Ақпаратты сызба түрінде бере алады. |
||||||||||
Бағалау критерийі | Білім алушылар:
• Ермек Өтетілеуұлымен танысады; • Астана туралы мәліметтер біледі. • өлең бойынша сұрақтарға жауап береді; • өлең мазмұнына сәйкес мәліметтер табады; • ақпаратты кестеге түсіреді. |
||||||||||
Тілдік мақсат:
Тірек сөздер: |
Ермек Өтетілеуұлы, Астана, Бәйтерек, Ақорда, Пирамида, Тәуелсіздік сарайы | ||||||||||
Сыныптағы диалог жазылым стилі | – Ермек Өтетілеуұлы кім?
– Ақорда қашан елордамыз Астана болды? – Астана қай өзеннің жағалауында орналасқан? |
||||||||||
Ресурстар | Интерактивті тақта, Блум таксономиясы, оқулық, суреттер, билет таратуға арналған кеспе қағаздар, топтық тапсырмалар, жұптық тапсырмалар, бес саусақ. | ||||||||||
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, «Ашық хат» әдісі, «Таза тақта» әдісі, «Ойлан, жұптас, талқыла» топпен жұмыс, «Сен білесің бе?» жұптық жұмыс, «Бес саусақ» әдісі. Рефлексия. | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | Музыка, дүниетану | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақтың жоспары | Ресурстар | |||||||||
2 минут
3 минут
Білу 3 минут
|
Ойсергек
«Амандасу» тренингі Мақсаты: Әрбір оқушы өзін еркін сезінуі, бір – біріне жылулық сыйлау. Күлім қағып қолымды, 1, 2, 3 деп соғайын. Қарап тұрған көршіме Қолымды мен бұлғайын. Жылы-жылы жүзбенен Маңдайынан сипайын. Жылы-жылы сөзбенен Жүрегімді сыйлайын. Ыстық алақаныммен Қолыңды бір қысайын. Амандасып өзіңмен Құшақтап бір алайын.
Қызығушылықты ояту – Оқушылар бүгін біздің сабағымыз ерекше болады. Себебі біз саяхатқа шығамыз. – Біздің мемлекетіміз қалай аталады? /Қазақстан/ – Ал біздің елордамыз қай қала? /Астана/ – Ал бізге Астанаға саяхаттау үшін не қажет? /Билет/ – Билетті алу үшін біз мына тапсырмаларды орындауымыз қажет. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Сол тапсырмаға жауап беру арқылы сендер билет аласыңдар және тапсырманың келесі бетінде топтың аты бейнеленген. Билет алу үшін 1 – тапсырманы орындайды.
Өткенге шолу «Ашық хат» әдісі Мақсаты: Өткен сабақты бекіту мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылып, жауабы тыңдалады. Оқушылар сұрақтарға нақты жауап беру қажет. 1 – топ: «Болмасаң да, ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз» деген жолдар қай өлеңнен алынған және авторы кім? /Ғылымға көңіл бөсеңіз. Абай Құнанбаев/ 2 – топ: «Жыл басы» әңгімесінде қай жануар жылдан құр қалды және неліктен? /Түйе бойына сеніп жылдан құр қалды./ 3 – топ: Абай Құнанбаевтың отыз сегізінші қара сөзінде не туралы айтылған? /Надандық, залымдық, еріншектік/ 4 – топ: Уақыт туралы 5 мақал-мәтел айт.
– Оқушылардың жауаптары тыңдалады. |
Ширату
Сұрақтар
|
|||||||||
5 минут
Түсіну |
Жаңа тақырыпты ашу
Оқушыларға саяхаттау үшін билет беріледі. Оқушылар жаңа сабақтың тақырыпты аша отырып, мақсаты хабарланады.
Топтардың аты белгілі болады. 1 – топ: «Бәйтерек» 2 – топ: «Ақорда» 3 – топ: «Пирамида» 4 – топ: «Тәуелсіздік сарайы»
Үнтаспа. «Пойыздың дыбысы»
«Вокзал» аялдамасы – Оқушылар Ермек Өтетілеуұлының өмірі мен шығармашылығымен танысады. Ермек Өтетілеуов – балалар ақыны, аудармашы. 1938 жылы 1 каңтарда Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған. Республикалық «Жалын», «Жазушы», «Балдырған» баспа журналында еңбек істеген. Осы үш көркем әдебиет баспаларында жиырма жылдан астам уакыт жұмыс жасаған баспагердің қолынан жүздеген жинақтар мен жеке кітаптар жазған. “Баспа және полиграфия ісінің қайраткері” құрмет белгісімен марапатталған. Кітаптары:
Кері байланыс: – Оқушылар Ермек Өтетілеуұлының қайда дүниеге келгенін, жазбаларын, жеке кітаптарын айтады. Дискриптор: Білім алушы – Ермек Өтетілеуұлымен танысады; – өз ойларын жеткізеді. |
http://download-sounds.ru/poezda/
Кітаптар
|
|||||||||
Қолдану
Тыңдалым
5 минут |
«Бәйтерек» аялдамасы
«Мақтанышым – Астанам» өлеңін үнтаспа арқылы тыңдайды. – Өлең не туралы айтылған? /Астана/
Бейнежазба. «Бәйтерек» Бәйтерек – елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м².
Кері байланыс: – «Мақтанышым – Астанам» өлеңінің мазмұнын айтады. – Бәйтеректі сипаттайды. Дискриптор: Білім алушы – Өлеңді үнтаспа арқылы тыңдайды; – Бәйтерек туралы бейнежазбадан мәліметтер алады. |
3-сынып. Үнтаспа. 1-бөлім. Авторы: Қабатай Б.
https://www.youtube.com/watch?v=p6rjDECAyvA
|
|||||||||
Талдау
Жазылым Айтылым
7 минут
|
«Ақ орда» аялдамасы.
«Таза тақта» әдісі. Мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша тақтаға өлең жолдары беріледі. Өлең жолдарын оқып, ақын ойын өрбітіп әңгімелеп жазады. 1 – топ: Алтын Арқа даласы, Жасыл Есіл жағасы. Қанат жайып құлпырған, Аспаны ашық қаласы. 2 – топ: Болашаққа бастаған Шарықтайды асқақ ән. Елордасы Отанның – Мақтанышым – Астанам. 3 – топ: Қызу еңбек қайнаған. Алып құрылыс айналам. Ғимараттар ғажайып, Шоқтығындай бай далам. 4 – топ: Батыс, шығыс зергері Үйлескендей өрнегі. Астана – алып көрмесі, Әсем сәулет өнері.
Кері байланыс: – Өлең жолдарын әңгімелеп жеткізеді. Дискриптор: Білім алушы – Өлең жолдарын қара сөзбен жазып, ойын жеткізе алады.
Бейнежазба. «Ақ орда» Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Ғимараттың негізі биіктігі мен ені 62 метр болатын шаршымен қаланған. Бұл жерде көрме залдары, конференц-зал, қысқы бақ, 1500 көрерменге арналған концерт және опера залы орналасқан. Сахна жанында 80 музыкантқа шақталған 2,8 метрлік оркестрлік орын орналасқан. Мерекелік зал 2000 шаршы метрден астам аумақты қамтиды және бір уақытта 1000 адамға дейін қабылдай алады. |
Таза тақта, маркер
https://www.youtube.com/watch?v=FEivyD9MPhk
|
|||||||||
Жинақтау
Жазылым Оқылым
10 минут |
«Пирамида» аялдамасы.
«Ойлан, жұптас, талқыла» Топтық жұмыс. Мақсаты: Топтық білімді жинақтау ынтымақтаса жұмыс жасай отырып өз ойларын еркін, дәлді түрде жеткізе білуге ықпал ету. Барлық оқушы ақылдасып, орындайды. 1 – топ: Астана сөзіне берілген дыбыстардан басталатын сөз тіркестерін ойластыру. А- алып- Ханшатыр С- символы- Бәйтерек Т- тұғырлы- Туы А-асқақтаған- Әнұраны Н-нұр шашқан- Астана А- арман қала 2 – топ: «Көрікті Астанам» тақырыбында мәтін құрастыру. 3 – топ: Астана туралы өлең шығару. 4 – топ: Болашақ Астананы сипаттап жазу.
Кері байланыс: Жарайсың! Өте жақсы!
Бейнежазба. «Пирамида» Ақорда Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 жылы қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 м². Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 жылы 24 желтоқсан күні өтті. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40 см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м. |
А3 қағаздар, маркер
https://www.youtube.com/watch?v=0q4o74Ob9B4
|
|||||||||
Бағалау
3 минут
|
«Тәуелсіздік сарайы» аялдамасы.
«Сен білесің бе?» әдісі Жұптық жұмыс. Мақсаты: Жұпта оқушылар бірін-бірі тексере алады, жаңа материалды бекіте алады. Оқушылар берілген тапсырманы жұппен ақылдасып, жинастырған мәліметтерін кестеге сүйеніп толтырады. Кесте.
Дискриптор: Білім алушы – Астананың бұрынғы атауын біледі; – Бәйтеректің биіктігін біледі;
Бейнежазба. «Тәуелсіздік Сарайы» Тәуелсіздік Сарайы – мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Тәуелсіздік Сарайы 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабат – ұлттық және қазіргі заман стильдерінің біртума үйлесімділігі. Осында 3082 адамға жасалған Конгресс-зал, 268 орны бар Рәсімдеу залы, 220 орны бар Пресс-орталық, сыйымдылығы 678 адамға арналған және сахна мен дыбыс аппаратурасымен жабдықталған кең мейрамхана орналасқан. |
Кесте
https://www.youtube.com/watch?v=HJtPCcheHuo |
|||||||||
2 минут | «Бес саусақ» әдісі
Бір сөйлеммен түйіндеу Мақсаты: Оқушылар тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлемді бес саусаққа жазады.
– Біздің Астанаға саяхатымызды аяқтамас бұрын, Бәйтерек күмбезіндегі Аялы алақанға арман, тілектерінді жазыңдар. Тілектерін тақтаға іледі.
Үнтаспа. «Пойыздың дыбысы» |
http://download-sounds.ru/poezda/ |
|||||||||
Үйге тапсырма: 101-бет 7 – тапсырма. «Астана тарихы» тақырыбында дереккөздерден мәліметтер жинастыр. | |||||||||||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Тыңдалған музыкаға сүйемелдеу жасау барысында мұғалім кейбір оқушыларға көмек ретінде ырғақ үлгілерін ұсына алады. | Бағалау критерийлері мен дискрипторлар бойынша;
Ән орындау кезінде оқушылар бірін – бірі өзара бағалайды. |
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс – әрекет түрлері. |