Білім алушыларға тəрбие беруде Елбасының “Мəңгілік Ел” идеясын жүзеге асыру
Білім алушыларға тəрбие беруде Елбасының “Мəңгілік Ел” идеясын жүзеге асыру
Баймағамбетов Ерлан Русланұлы
Адамды тəрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тəрбиелеу. А.С. Макаренко
Адамзат тіршілігінің қалыптасуына жəне дамуына барлық ғасырлар бойы жəрдемдескен білім беру ортасы. Жас ұрпақты оқытатын үнемі ізденістегі, шығармашыл мұғалім адами қоғамның бөлшегі болып табылады. Əр шəкірт дамуға лайықталған тұлға жəне ол барлық жаңашылдықты қызығушылықпен қамтиды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə. Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауында: «Məңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мəңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы», − деп атап көрсеткен болатын. «Məңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асырудың іргетасы білім беру ұйымдарында қалануы тиіс.
Бүкіл қазақстандық бірегейлік пен азаматтық принципті одан əрі нығайтуға, «Мəңгілік Ел» идеясы базасына біріктірілген құндылықтарды, тілдердің үштұғырлылығын, қазақ ұлтының негізі ретінде орта тапты дамытуға негізделген болашақ біртұтас ұлт қана азаматтық орнықты жəне табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасы болады.
«Мəңгілік Ел» – бұл біздің бірлігіміздің қуатының қайнар көзі.
«Мəңгілік Ел» – барша қазақстандықтарды біріктіретін біздің Тəуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі.
«Мəңгілік Ел» – бұл қазақстандық мемлекеттіліктің терең тарихын айшықтайтын жалпыхалықтық идея!
«Мəңгілік Ел» – бұл өз атамекеніне деген сүйіспеншіліктің белгісі, қазақстандық патриотизмнің жоғары деңгейі, рух күші, Отанға адалдық, еліне шынайы берілгендік, азаматтық борыш!
Жалпы, біз ұлттың бірлігі, толеранттылық жəне еркіндік пен теңдік туралы халқымыздың сан ғасыр бойғы армандарының орындалуына бағытталған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаевтың саяси бағытын қолдауымыз керек. Себебі, Қазақстан атты туған еліміз күннен-күнге көркейіп, гүлденіп келеді. Егер биік белестерді бағындырамыз десек, алдымызға ұлы мұраттар мен асыл мақсаттар қоя білгеніміз жөн. Сонда ғана Қазақстан дүниежүзінде беделді, белгілі, айшықты орынға ие болары сөзсіз. Əрине, дамыған алпауыт елдердің қатарына қосылу үшін əлі де қажырлы еңбек ету қажет. Алайда осы жолда бізге ешқандай кедергі келтірілмегенін ескерген жөн. Бүгінде Қазақстан жастары əлемнің қай елінен білім аламын десе де өз еркі. Тек жиған білімі мен талабы болса болғаны. Сол үшін ел болашағы жалынды жастардың қолында екенін естен шығармаған жөн. Ал жас ұрпақ өз кезегінде сапалы білімнен нəр алып, алға қойған мақсатына жету жолында аянбай тер төгуі қажет.
«Мəңгілік Ел» жалпыхалықтық идеясын жүзеге асыру жағдайында өскелең ұрпақтың патриотизмін жəне тағаттылығын тəрбиелеу, рухани-адамгершілігін қалыптастыру мақсатында қол жеткізуге белсенді қатысатын тұлға қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Елдегі орын алған оң өзгерістер білім беру ұйымдары қызметінің тəрбие жүйесінде өз көрінісін тауып отыр. Тəрбие ісінде жалпы қазақстандық менталитетті, мəдени, ұлттық- тарихи дəстүрлерді ескере отырып, ұлттың зияткерлік, рухани жəне шығармашылық əлеуетін жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда.
Сонымен қатар, балалар мен жастардың азаматтық позициясы, патриоттық сезімі мен адамгершілік қасиеттерінің қалыптасу деңгейі жеткіліксіз болып отыр. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс жоғары, нашақорлық, суицид, жастар ортасына экстремистік жəне радикалдық идеялар мен көзқарастардың енуі жəне тағы басқа келеңсіз құбылыстар байқалады.
Мектебімізді таза, сау, берік Һəм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт», – деп келешек ұрпақты ұлттық құндылықтар жүйесінде тəрбиелеуге ой салады жəне де бұл педагогикалық аса маңызды мəселе екенін меңзейді. Бүгінгі жаһандану үрдісінде əр ұлт, əр мемлекет өзіндік менталитетін, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда.
Бізді де осы үрдістен алып шығар-ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз жəне білімді ұрпақ. Сол себептен жас ұрпақты тəрбиелеуде басты ұстанар бағытымыз – ұлттық құндылықтар болуы қажет.
Жалпы адамзаттық жəне ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты жəне үйлесімді дамыған тұлға, Қазақстанның патриоты-азаматын тəрбиелеуде ата-аналармен қатар мектептің, оның ішінде класс жетекшілерінің ықпалы зор.
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт дəстүрін, тілін білімін, адамзаттық мəдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашыл тұлға етіп тəрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тəрбие берудің мемлекеттік саясатының негізі ұстанымдарын айқындап берді. Олар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқылығы, əрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Яғни, білім заңында əрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тəрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тəрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды.
Оқушы бойына ұлттық тəрбиенің құндылықтары жəне жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерді қалыптастыру үшін ұлттық мəдениет, салт – дəстүр, халық тағылымдары жəне т.б. мəселелеріне тоқталып өткеніміз жөн. Қазақ мəдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мəдениет. Ол ұлттық тəлім-тəрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Жалпы адамзаттық құндылық қасиеттер ұлттық тəрбиемен ұлттық мəдениеттің дамуындағы қозғауышы күші болып табылады. Əрбір халықтың тарихы тіршілігі мен рухани тəжірибесі бар. Халықтың тұрмыс – тіршілігіндегі рухани тəжірибелері арқылы қалыптасқан тəрбиелік жəне дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы – халық мəдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың
Баланың бойына ұлттық құндылықтың нəрін сеуіп, азамат қылып өсіру ұстазға да байланысты. Тəрбиенің түп қазығы мұғалімнен бастау алады. Сондықтан да ұстаздың білімді де білікті болуы керек. «Білім туралы» заңда «Педагогикалық қызметкер мəртебесі» бөлімінің енгізілуі бізді қуантады əрі үлкен жауапкершілік жүктейді. (ұлттың) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан.
Ал, қазіргі тəрбие беруде жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерінің мəселесі – адамзат тарихынан өн – бойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бұл адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақсатандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы жəне жалпы
адамзаттық қасиеттерді жатқызамыз.
Жас ұрпаққа ұлттық тəрбие берудің бағдарлы идеялары Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың
«Қалың елім, Қазағым» атты жинағында мемлекеттік идеология мəселесін ұдайы есте ұстауымызды ескерте келе былай деп жазды: «Біз арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылдық сезімін тəрбиелеуге көңіл бөлген едім»-дегенді.
Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тəрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз. Оқушының жалпы адамзаттық қасиеттеріне достық, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілдік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайлығы, мəдениеттілігі т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Əрбір ұлттың ұлттық тəрбиеге дамып, қалыптасқан.
Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта əр адам өзінің рухани дамуына қажетті нəрсенің бəрін де ертегіден алады».
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау жəне адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Олар адамды құрметтеу, оған сену, əдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік – ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік жəне психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы – мəңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Тəрбие беруде жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік əр адамға тəн асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, əдет-ғұрпында. Əр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тəрбиелеу отбасы мен мектеп қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу тəрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің мектептерде ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. Онда «Білгенге маржан», «Қауіпсіздік ережесі», «Ата-аналарға кеңес» деген бұрыштар бар.
Ата-аналармен жүргізілген əңгіме – кеңесте бала тəрбиесі мəселесінде ата-ананың жауапкершілігі зор екендігі, баланың отбасында адам баласына тəн қасиеттерге дағдыланып ұяда көргенінен өнеге алатындығы сөз болды.
Оқушылар бойына ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық қасиеттерді қалыптастыру мен құрметтеуге, сақтауға тəрбиелеуде белгілі əлемдік, отандық ғалымдардың еңбектерін пайдалануға болады. Осы арқылы оқушының мəдениетті, білімі кеңейеді. Оқушының мəдениетті болуы үшін ұлттық мəдениетті ұштастыруы қажет. Олай болса, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі мектепішілік жүргізілетін тəрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеру – тəрбиеге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты.
Тəрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, «Ұстазға қарап шəкірт өсер» деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан.
Қазіргі таңдағы мұғалімдерге оқушылардың тəрбие жұмысын ұйымдастыруды қатаң талаппен сұрайды. Оған негізінен мынадай үш түрлі басты міндет жүктеледі.
ü тəрбие жұмысын үйлестіріп отыру;
üсыныпта оқушылармен бүкіл тəрбие жұмысын ұйымдастырып, оған бағыт
беру;
ü мектеппен отбасының байланысын жасау;
Мұғалім, ұстаздардың жұмысы қиын, жауапты, өте күрделі. Сондықтан балаларға сүйіспеншілікпен қарап, барлық күш-жігерін салмаса, оны талапқа сай орындау қиын. Қазіргі оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттеу т.б. мəліметтерді əр кезде біліп отыру, тестік əдісті қолдану мектептерде орын ала бастады.
Əсіресе баланың даму барысын есепке алу, бейімділігін, қызығушылықтарын, сабаққа деген көзқарасын т.б. кейбір объективтік көрсеткіштерді назардан тыс қолдануға болмайды. Мектептің жүрегі мұғалім болса, сыныппен жүргізетін сынып жетекшісі.Мектептің ата-аналарымен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен əрекеті бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылыкты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тəрбиелеуіне қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты.
Ойымды тұжырымдай келе оқушылардың ұлттық құндылықтары мен жалпы адамзаттық қасиеттерін сыныптан тыс тəрбиелік іс-шаралар арқылы қалыптастырып,ғылыми тұрғыда дəлелдеп дамыту біздің тікелей парызымыз.
Қазіргі таңда мұғалімге қойылатын талаптар мен оның дəстүрлі оқыту стилінен сындарлы оқыту теориясына негізделген оқыту тəсілдеріне көшуді «Егер саған бір балық берсе, сен бір күн тоқ жүресің, егер саған екі балық берсе, екі күн тоқ жүресін, ал егер сені балық аулауға үйретсе, сен өмір бойы тоқ боласың» деген халық даналығымен аяқтап, біз, мұғалімдер, қауымы оқушыларға өміріне азық болатындай жəне алған білімдерін өмірде қолдана алатындай білім беруіміз керек.
Елбасымыз Мəңгілік Елге жетелейтін, мақсатты əрі мəртебелі жолды жалғастыратын жастарға, яғни бізге үлкен сенім артып отыр. Себебі, ел болашағын баянды ететін, үлкендер салып кеткен сара жолды жалғастыратын – жастар! Сол себепті, əлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолында аянбай еңбек ету біздің де азаматтық парызымыз. Қазақ Елін төрткүл дүниеге таныту да жас ұрпақтың қолында десек, осы жолда аянбай еңбек ете білуіміз қажет. Елбасының жастарға көбірек сенім артуы – осының айшықты дəлелі. Жəне бұл туралы Елбасы өз сөзінде жастарға қарата былай деген болатын: «Бұл Стратегия Сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Елдің болашағын бірге жасаңыздар!». Иə, біз, өз еліміздің жалынды жастары, өзімізге артылған сенім мен үмітті ақтап, жарқын болашақ жолында қызмет етуіміз керек. Біз, сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсаған азаттыққа қол жеткізген, тəуелсіз Қазақстанда дүниеге келіп, ер жеттік. Еліміз болашағы біздің қолымызда. Ол үшін сапалы білімнен нəр алып, өз Отанымыздың болашағына кішкентай болса да еңбек етуіміз қажет. Ал жоғары білім алуға бізде барлық мүмкіндіктер жасалған. Тіпті, өз елімізден тыс өзге де əлемнің алпауыт мемлекеттерінде білім алуға да жол ашық. Бір ғана мемлекеттік «Болашақ» Бағдарламасы аясында жас ұрпақ дүниежүзінің ең таңдаулы оқу орындарында оқып, білімін жетілдіруде. Сондықтан білімді, білікті, ұшқыр ойлы, саналы, өз елінің патриот жастары бар міндетті жүрегімен сезінсе екен. Əлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену – Қазақстан жастарына жүктелген зор міндет деп санаймыз. Біз, жастар, өз білімімізбен, ұтқырлығымызбен, ойшылдығымызбен, жаңашылдыққа деген құштарлығымызбен осы мұратқа жету жолында аянбай еңбек етейік. Сонда, «Қазақстан- 2050» Стратегиясын орындау да, оның жемісін көру де бізге тиесілі болмақ. Қандай болсын, мемлекеттік бағдарламаларды, саяси ірі-ірі шешімдерді жүзеге асыратын да, жемісін көретін де – жастар. Сондықтан, өзімізге артылған сенімді ақтау жолында үлкен жауапкершіліктің тұрғанын сезінейік.
Елбасының жастар саясаты дамуын нақтылай түскенін – Бізге артылған үлкен сенім деп қабылдайық. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сөз бар қазақта. Сонда ғана елімізді төрткүл дүниеге танытып, болашағын жарқын ете аларымыз хақ.