“Ақылды – ынсап пен ар сақтайды”

Ақылды – ынсап пен ар сақтайды…

“Туғаныңмен сыйыспасаң,
кең дүниеге сыймассың”
(Халық мақалы)
Татулық пен ауызбіршілікке не жетсін… Ағайындар арасындағы сыйластық – бірліктің бастауы емес пе? Расында да, кезінде ата-бабамыз осы ұғымға зор мән беріп, тереңнен түсіне білген. Ағайынның бірінің басына күн туса, жабыла отырып жыртығын жамап, жарасын емдеген. Ал қазір ше? Қазір бәрі басқаша…
Осыдан екі апта бұрын ауруханада кезекте отырып, кенеттен екі адамның әңгімесін құлағым шалды. Бірінің сөзіне қарағанда бір мекеменің басшысы көрінді. Әңгімелерін тыңдай отырып сол адамның билікке өзінің білімімен, жігерінің арқасында жеткендігін түсіндім. Қасындағы жолдасының осы дәрежеге жету жолындағы көрген қиындықтарын сұрағанда берген жауабы мені еріксіз ойға батырды. Айтуынша әріптестері оның жетістіктерін көре алмай талай рет аяқтан шалған. Өзге түгіл солардың ішінде туысы да бар екен. Бірер минуттан соң екеуі де дәрігердің қабылдауына кірді… Әйтсе де, мен сол бір ойдың жетегінде ұзақ отырдым.
Жақыныңнан көңілің қалу…сатқындық…көреалмаушылық мұның бәрі де мен үшін таныс. Кешегі күні талай қызықтарды бірге өткізген бүгінде күн үшін жалтақтаған ағайынның қылығына не дерсін?! Өзгеден емес, өз басымнан білемін.
Арлы адам арына қараса, арсыздың жеңген күні демекші, мына бес күндік жалғанда қырық пышақ болып жүргенімізше, жаманымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүргенге не жетсін?!
Өмір – бумеранг. Жасаған жақсылығын да, жамандығың да өзіңе қайтып оралады. Сен ненің өзіңе қайтып оралғаның қалар едің?!

Кадирова Лаззат Есеновна
Шағырсай негізі мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
Жоғары санатты мұғалімі

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *