Ағылшын тілін оқытуда диалогтік оқытудың тиімділігі

Ағылшын тілі сабақтарында диалогтік оқытуды пайдаланудың тиімділігі

Жоспары

І.Кіріспе
Диалог – коммуникативтік дағдыны дамытудың басты құралы.

ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Оқу үдерісінде диалогтік оқытуды пайдаланудың тиімділігі;
2.2. Сабақта диалогтік әңгімені дамыту жолдары;
2.3. Диалогтік оқытудың іс-тәжірибеде қолданылуы.

a) Theme of the lesson: Graft Project 1
b) Theme of the lesson: Musical Instruments: From all around the World
c) Theme of the lesson: Times of my day

ІІІ.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.
К.Д.Ушинский

І.Кіріспе
1.1. Диалог – коммуникативтік дағдыны дамытудың басты құралы.

Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Шетел тілін оқытудың басты мақсаты — оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту» деп көрсетілген [1]. Өйткені қазіргі нарық жағдайында шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін меңгеру, шетел тілінде сөйлей білу өмірдің өзекті мəселесіне айналды. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпаққа шетел тілін оқытуда əр түрлі əдістемелік жаңа тəсілдерді түрлендіре, күрделендіре түсу қажеттілігі туындап отыр.
Ағылшын тілі — əлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен дамыған тілдердің бірі. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым- қатынасты атқарады. Ағылшын тілінде сөйлеуді үйрету үшін қолданылатын оқыту əдісінің мазмұны оқушының тілдік қарым-қатынаста жинаған білімінің, қалыптасқан дағдысының, игерген шеберлігінің жиынтығына байланысты. Сөйлеуге үйрету мoнолог жəне диалог түрінде жүзеге асырылады. Мoнолог жəне диалог түрінде сөйлеу іскерлігі, біліктілігі қарым-қатынас əрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, əдептік жəне сезімдік-бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады.
Негізгі орта білім деңгейіне арналған шетел тілі курсы жалпы орта білім деңгейінде оқыту дайындығына бағытталған, яғни ол шетел тілін меңгерудің жалпы еуропалық А1 деңгейіне сəйкестірілген.
Шетел тілі сабағында ойын, сұрақ-жауап, өлең сөздерін толықтыру, суретке қарап мəтін құру, карточкаларды қолдану арқылы ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады.
ХХІ ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процессті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады. Бүгінгі таңда жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгеру – қазіргі заман талабы. Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде.
Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын, сындарлы ойлайтын, идеялар мен өнімді пікір ұсына алатын және командада, топтарда тиімді жұмыс істейтін икемді, креативті және бастамашылық қабілеті бар жастар қажет. Күрделілігі күн сайын артып, өзгеріп және тез жетіліп келе жатқан, біз өмір сүріп жатқан әлемде «Білімнің болуы» бүгінгі күні жеткілікті емес. Адамдардың өмір бойы білім алуын оңтайландыру үшін жастардың жеке қабілетін жан-жақты дамытып, оларға жан-жақты білім беру шеңберінде тиімді ойлау қабілетін сіңіру қажет екені сөзсіз.
Сондықтан оқушылардың сөйлеу тілін дамыту мақсатында Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алдым.
Қазіргі заманда білім адамды бұрынғыдай табиғатты өзіне бағындырып, дүниені игеру немесе өзгерту үшін қажетті ұғымдармен «қаруландырмай», керісінше адам баласының болмыс пен жаратылыс заңдылықтарын біліп, әлем мен дүниеге бейімделіп, өмірге «кірпіш» секілді «қалануына» әкелуі керек.
Білім адамға иман, ақыл мен даналық беріп, өзінің ішкі жан дүниесін ашып, сол арқылы ақиқатты ізденуге жетелеуі қажет, әр адамға өз әлемін айқындап, оның құндылықтары мен қағидаларын белгілеуге көмек беруі керек. Сол арқылы адам өзін-өзі басқаруға, өз өмірін жоспарлауға үйренеді.
Дәстүрлі оқыту жүйесі тұлғаның дамуын оның зияткерлік (интеллектуалдық) деңгейімен өлшесе (Бұл адам қандай деңгейде ақылды? деген мағынаны), бүгінде бұл мәселе тұлғаның өзіндік рефлексиясымен (яғни қоршаған, зерттеліп жатқан болмысқа деген адамның өзіндік көзқарасы, оның құндылықтарын, себептері мен салдарын, мағынасын түсінуі, өзіне-өзі есеп беруі мен бағалауы) байланыстырылады.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым – қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнативті дамуына әсер ететіндігі айтылған.

Выготский когнетивті дамудың оқушылар өздерінің«Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсайтын және Мерсер(2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.

ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Оқу үдерісінде диалогтік оқытуды пайдаланудың тиімділігі
Тиімділігі: Сабақта диалогтік оқытуды жүргізу барысында мынадай ерекшеліктерді байқауға болады оқушыларымыз сол сабақты талдайды, шешіле сөйлейді, ізденіс үстінде сұрақ қою арқылы білім алады.
Диалог бүгінгі таңда білім алуға, заманауи болуда ерекше қызмет атқарады. Диалог шын мәнінде оқушылардың бір-бірімен сұхбаттасуынан немесе оқушы мен мұғалім арасындағы пікір мен ой қорытындысын жүйелеу мен дамытуының көмектесуіне арналған амал. Бұл әдіс оқушының ой өрісін дамытумен қатар жан-жақтылыққа, өз ойын еркін әрі нақты жеткізуіне мүмкіндік жасайды. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті.
Сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлкен үлес қосады. Білім беру мен оқытудың әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесімен байланысты. Осы жағдаяттарды ескере келе, әр сабақта диалогтік оқытудың маңызы оқушыларым үшін пәнге деген қызығушылықтарын одан әрі арттырады себебі осы тәсіл арқылы оқушыларымыз өз ойын еркін жеткізе алады. Диалогтік оқыту оқушылар арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына ықпал етеді. Сыныпта өз ойларын еркін жеткізе де алмайтын үндемей отыратын оқушылар да өздерін бірте-бірте аша бастайды.
Сабақтың тақырыбы бойынша оқушылар өз ойларын ашық түрде білдіре бастайды. Басқа адамдардың да, өздерінің де жаңа бір идея туғызатындығына, оны өз ортасында салып айтуына болатынын түсіне бастайды. Жаңадан туындаған өз идеяларын, пікірлерін дәлелдеуге қызығушылықтары артады. Бүгінгі таңда тіл мәселесі барлық білім ошағында көп мәселе туындатады. «Балалардың сөздік қорларын әрі қарай қалай жетілдіруге болады?» – деген сұрақ жалғыз мені емес, барлық мұғалімдерді де үнемі ойландырады. Сондықтан диалогтік оқыту оқушылардың тілін дамытуда сұрақтардың түрткі болуына, сынақтан өткізу және қайта бағыттау, тиімділігіне оңтайлы жол ашады.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлігі болып табылады деп атап көрсеткен. Әңгімелесудің 3 түрі бар:
1. Зерттеушілік әңгіме
2. Әңгіме-дебат (пікірталастық әңгіме)
3.Топтық әңгіме

Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:
1) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
2) әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі;
3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;
4) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»;
5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу)

Әңгіме-дебат барысында:
1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
2) ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;
3) қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады;
4) Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.
Кумулятивтік әңгіме (топтық әңгіме) барысында байқалатын жайлар:
1) айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі;
2) әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы;
3) идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.
Мерсердің әр түрге беріп кеткен сипаттамаларына сүйене отырып, өз тәжірибемде зерттеушілік әңгіме орын алғанын байқадым. Топпен не жұппен жұмыс жасау барысында, әр оқушы өз идеясы мен жауабын ұсынады, қалғандар оған сыни көзқараспен қарап, сұрақтар қойған сәтте, жауабын ұсынған оқушы тарапынан дәлелдемелер орын алып жатады.
Оқушылар жұппен не топпен жұмыс жасау барысында, әуелі идеялармен өзара бөліседі, содан соң бір-біріне сұрақ қою, яғни диалог арқылы жұмыстарын жүйеге келтіреді. Жұмыстарын қорғау кезінде, оқушыларға өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе алу, кез-келген іс-әрекеттің белгілі бір жағдайға тигізетін әсері жөнінде ойларымен бөлісуге мүмкіндік беру мақсатын көздеп, қосымша сұрақтар қоямын. Балалардың жауаптарына сүйене отырып, оқушылардың мәселелерді шешудің тиімді жолдарын іздеп таба алатынын, болашаққа болжам жасай және шешім қабылдай алатынын байқадым. Осы сабақтағы оқушыларымның әрекеттестігін зерттей отыра, келесі қорытындыға келдім: «серіктестермен әңгімелесу» әдісі оқушыларды бір-бірінің ұстанымдары мен идеяларын жақсы танып білуге мүмкіндік бере отырып, жауапкершілікті, талапты болуға итермелеп, өз ойын дәлелді жеткізу қабілеттерін дамытып, оқушы бойында іскер адамға тән қасиеттерді оятады.
Өткізген сабақтарымның топтамасына сүйене отырып, диалогтік оқыту әдісі қолданылған сабақтарымның талдауын жасау арқылы, дұрыс құрастырылған сұрақ оқушының білімін тексеріп қана қоймай, оның ойлау, жүйелі сөйлеу, пікірін білдіру дағдысын да жаттықтыратынын, яғни әлеуметтік ортада өзін ұстай білу дағдысын қалыптастыратынын түсініп, келешек тәжірибемде диалогтік оқытуды жүйелі пайдалануды көздедім.
Кейінгі кезде мультимедиалық, гипермəтіндік, желілік жəне коммуникациялық ақпараттық технологиялардың пайда болуы шетел тілін тиімді оқыту үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Мультимедиалық технологиялар мəтіндік құжаттарға, графикалық суреттер, дыбыс жəне бейне- көріністерін пайдалануға мүмкіндік береді

2.2. Сабақта диалогтік әңгімені дамыту жолдары;
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын əдістерге төмендегілерді жатқызуға болады:
1. Ауызша əдіс — теория жəне фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын жəне жаңа сабақты пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады.
2. Көрнекі əдіс — бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мəселеге ықыласын көтеру жəне оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады.
3. Практикалық əдіс — практикалық іскерлік пен əдетті дамыту үшін жəне тақырып мазмұнына сəйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады.
4. Ойын əдісі — оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу-білік дағдыларын қалыптастырады.
Аталған əдістерді пайдалана отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мəселелер мен қағидаларды оқушыға меңгерту тиімді болып табылады [3].
Ауызша сөйлеуге үйретудің, біріншіден, белгілі бір көлемде диалогты түрде жəне монологты түрде сөйлеудің арасында айтарлықтай формасы жағынан да, мазмұны жағынан да қандай да бір байланыстың болуы; екіншіден, оқушының өзіне тиісті пəнді жетік меңгеруімен; үшіншіден, қандай да бір мəтін материалдары мен ауызша сөйлеуде едəуір байланысты болуы. Оқудың бірінші кезеңінде іштей оқуға көңіл бөлу керек [4]. Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-əрекет ұйымдастыруға болады. Шетел тілі пəні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет [5]. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, белгілі бір мəтін бойынша жұмыс істеу үшін мына жаттығуларды беруге болады:
• Мəтінді қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу.
• Мазмұнын түсіну.
• Тірек-сызба сөздері арқылы баяндау.
• Мазмұнын түсінуі бойынша сурет салып, суреттеу [6].
Келесі жаттығу түрі сөйлеуге үйрету. Диалогты сөйлеуде оқушылар сұрақ-жауап, өтініш айту, нұсқау беру жəне тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс-əрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, əр түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нəрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет жəне əр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы тиіс. Қазіргі кезеңде пəн мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне «Warming up» жаттығуы жатады [7–9].
«Warming up» жаттығуы. «Do you know?»
What`s near the Capitol? What`s near the Houses of Parliament? What would you like to see in Wash- ington D.C.? What would you like to see in London?
Тілдік жаттығудың мақсаты — сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым-қатынас туғызып, алдағы сабақтың нəтижесін жоғарлата түседі. Əдетте оқып болғаннан соң түсінік айтылады жəне жаттығулар жасалады. Сөйлей алудың əдістерімен қорытындыланады. Əңгімелесу балалардың логикалық ойлауын, тілдің қалыптасуына, қорытынды жасауға көмектеседі. Оқушылардың ағылшынша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: сөзді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мəтінді, өлең сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя білу мен əңгімені бастау, жалғастыру, аяқтай білу қабілетін қалыптастыру сияқты жұмыстар қатар жүргізіледі. Сондай-ақ берілген мəтіннің мазмұнын айту мен сөйлеу үлгілерін сауатты түрде құрастыра білуге, диалог арқылы сұхбаттасу сияқты жұмыстар кеңінен жүргізіледі. Осындай жұмыс кең түрде жүрген тұста оқушының сөйлеу ерекшелігі күннен күнге дамып, жан-жақты артып отырады. Ал бұл оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: оқушы меңгерген лексикалық материалдар бойынша талқылауға қатысып, мəтін бойынша түсінгенін еркін жеткізе білуге дағдыланады. Қойылған сұрақтарға тез жəне нақты жауап беру жəне сурет бойынша əңгіме құрастыру, əр түрлі жағдаяттарға байланысты сұрақ қоя білу мен схема бойынша сөйлемдер құрастырып айту жұмыстары басты рөл атқарады [10–12].
Оқу біліктілігін меңгеру мақсатында ортадан жоғары деңгейде жұмысты күрделендіріп, көптеген жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік туады. Сондықтан ауызша сөйлеуді меңгеруде мəтінмен жұмыстың да маңызы зор. Мəтінді ауызша мазмұндау үшін тіл үйренушілерді жазбаша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру, жоспар құруға, сондай-ақ белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, өздерінің ойларын, қызықты іс-əрекеттерін əңгімелеуге үйрету, жаңа технологиялар жəне тəсілдерді қолдана отырып, ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту əдістері қолданылады.
Көлемді мəтінді оқып қана қоймай, көру арқылы мазмұнын түсініп мəтіннің мазмұны бойынша түсінгенін айта білу. Сондай-ақ өз бетімен əңгіме құрап, мəтінге байланысты қанатты сөздерді, мақал-мəтелдерді пайдалану арқылы сөйлеуге дағдыландыру. Бұқаралық, ақпараттық хабарларды оқып түсіну (газет, журнал материалдары, теледидар хабары) мен талқылауда белсенділік танытып, біліктілікті жоғарылату жұмыстары басшылыққа алынады [13–15].
Сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін, оқыған үзінділері бойынша негізгі кейіпкерлерге сипаттама беру, роман, эсселердің тақырыбын, идеясын талқылау, пікірсайыс, дебат барысында өз ойын əдеби тілде еркін жеткізе білуге дағдыландыру басты мақсат болып табылады (1-кесте).
Кесте № 1.Төмендегі мəтінді мысал ретінде алуға болады [10; 55]:
My friend Bill is a geologist. He does not stay in town in spring and summer. He goes on expeditions. There he lives in a tent and cooks his own meals. He thinks he is a very good cook and when he comes back to town he tries to teach his wife and mother in low the art of cooking. He tells everybody that canned meat and porridge are the best dishes. His wife in his opinion spends too much time on cooking. So he does not let her stay in the kitchen. Neither his wife nor his mother in low contradicts him, for he never stays long at home. When he lives his children are sorry to part with him but they are glad that grandmother will cook their meals again.
Соңғы кезде көп қолданылып келе жатқан жұмыс түрінің бірі — «Brainstroming» əдісі, яғни суреттеліп берілген белгілерді қолдану арқылы біртұтас əңгіме құрастыру, оны əңгімелеп айту болып табылады (2-кесте).
Кесте № 2. «Brainstorming» 2 əдісі.
Бұл əдісті ағылшын тілі сабағында қолдануға болады:
• Describe the way something is said: whisper, cry, shout, yell, mumble,
• Think of as many things as you can that are
• How many methods of travel can you think of?
• What if you were caught in an avalanche?
• What if tobacco wasn’t brought to Europe?
Сабақта Интернеттен алынған əндермен қоса, əн туралы қызғылықты қысқаша деректер, əннің нотасын жəне фразаларды қолдануға болады. Əннің мəтінін қағазға шығарып оқушыларға таратып беру керек. Мысалы: «Twinkle, twinkle little star», «If you`re happy», «Spring is green» т.б. (3-кесте) [8; 43].
Кесте № 3. «Spring is green» əнін толықтыру: [http://lingualeo.com/]
is green, spring is
is bright. Summer is
is yellow autumn, is
is white. Winter is
Қазіргі кезде ағылшын тілін меңгеруде (есту, тыңдау, оқу арқылы) оқу фильмдерін көру, үнтаспалар тыңдау жəне тағы басқа мүмкіншіліктері өте көп. Шетел мамандарының сөйлеуімен жазылған үнтаспалар, бейнефильмдер көптеп саналады. Тыңдау қабілетін үнтаспа көмегімен дамыту үшін арнайы бейнежаттығулар мен аудиомəтіндер қажет. Осы орайда мəтінді тыңдау, оқып отырудың мəні зор. Тыңдауға үйренуді сөйлеумен бетпе-бет отырып тыңдаудан бастаған жөн. Аудиториялық сабақтарда оқытушының сөйлеуі, бейнефильмді көрсете отырып, оқытушының оқуы оқушы үшін үлкен өнеге, үлгі болады. Ауызша сөйлеуге үйрету шетел тілім оқытудың ең қиын аспектісі болып саналатындықтан, ең негізгі мақсат — естігенін түсіне білуге үйрету. Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін — сурет арқылы, екіншіден — жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады. Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау — алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мəтінге, əңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады (4-кесте) [4; 10–13].
Кесте № 4. Сурет арқылы өзіннің сүйікті үй жануарын сипаттау: [yandex.kz]

Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау — алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мəтінге, əңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады.[yandex.kz]

Көріп біткен фильм бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындауға болады:
1. Жазбаша жоспар құру, мəтінге ат қою, сөз тіркестерін жазу.
2. Ауызша мəтіннің қысқаша мазмұнын беру, толық мазмұнын беру.
3. Бір кейіпкерді таңдап, диалог құру.
Жұмыстың мұндай түрі ағылшын тілін тыңдап түсіне білу мен сөйлеуге үйретеді. Ағылшын тілін тыңдап түсіне-білуге үйрену үшін тек ұнтаспа ғана емес, сонымен бірге бейне-фильм жəне диафильмдердің көмегіне сүйенуге болады. Ағылшын тілінде тыңдап түсіну қабілеттері дамып жетілгеннен кейін, радиобағдармаларды тыңдауға немесе көркем жəне деректі фильмдерді көрсету арқылы оқушылардың білімдерін нығайтуға болады [16].
Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-əрекеттер арқылы да тіл дамытуға болады (5-кесте). Мысалы, ойынды сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн. Ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты қалыптасуына, дамуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. Ойындар оқушылардың танымын, ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, əрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пəнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды жəне оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді жəне нақты міндеттерді шешеді. Ойынды сабақтың əр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады [17]. Сынып ішінде мынадай ойындарды ойнауға болады: What’s in the bag? Around the world, Order Race, Question race, Bingo, Go fish т.б. (5-кесте).
Кесте № 5. Ойын арқылы ауызша сөйлеу қабілетін дамыту:
1. «What’s in the bag?» «Сумкада не бар?» ойыны.[http://www.correctenglish.ru/]
Мұғалім алдымен балаларға бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды: Балалар, сумкада не бар? Балалар ішінде дəптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында қолдануына болады. Əсіресе жаңа сөздерді еске түсіру үшін қолданған тиімді. Мұғалім сумканың ішіндегі заттармен таныстырады. Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан What’s this? сұрағы арқылы затты көрсету арқылы сұрайды. Мысалы: pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Содан соң оқушыларға жеке-жеке қайталатады. Сөздерді ұмытпау керек. Оқушыларға сумка ішіндегі заттарды таратып беріп, оқушылардан осы заттарды былай сұрауға да болады. Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу керек. Оқушылар тапса Janatbek has a pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының cабаққа деген қызығушылығын арттырып, сөздік қорын молайтады, сондай-ақ оқушылардың есте сақтау қабілеті арта түседі.
2. «Whose birthday is today?» ойыны.
Мұғалім оқушыларға «One of you has a birthday today. Guess who she is».
Оқушылар: What colour is her hear? What colour are her eyes?
What is her nose like? What is she wearing?
What is her hobby? — деген сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар кімнің туған күні екенін табу керек. Бұл жұмыс түрі де оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеуге үйретеді.
Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. Қазіргі замандағы мұғалімдер ағылшын тілінде еркін сөйлеу үшін «Interview» («Интервью») ойынын қолдану өте тиімді деп есептейді. Сұрақ–жауап жұмыстарында ойындарды қолдану да өте қызықты деп саналады [2].
Қорыта айтқанда, қазақ мектептеріндегі 5–6-сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді əдістерді пайдаланып, əр түрлі жаттығулар орындатудың маңызы зор екендігін байқадық. Тілді үйретуде «қарапайымнан күрделіге қарай» принципін ұстану қажеттігін түсіндік.
Адамдар тілді қолданғанда «Нені?», «Қалай?», «Қайтіп?» деген сұрақтарға жауап беру үшін пайдаланады. Енді осыны үйрету мақсатында қолданса, үйретуші мен үйренуші үшін екеуара тиімді тəсіл болары даусыз. Үйретуші толып жатқан тілдік құбылыстардың қайсысын бірінші, қайсысын кейінірек оқытуда құрылым жəне мағына бойынша басымдыққа ие бола алса, үйренуші де дəл солай таңдау мүмкіндігіне ие бола алады.
Ауызша сөзді түсіну адамның естіген сөздерінің мағынасына талдау жасап, аяқталған ойды білдіруіне, ойша жинақтау қабілетіне байланысты болады.
Ағылшын тілі пəні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйретуде əлемдік озық тəжірибелерді, жаңа технологиялар мен əдістерді барынша қолдануда.
Ауызша сөйлеуді үйретуде əр түрлі технологияларды пайдаланған тиімді. Мысалы, қазіргі білім беру үдерісінде еніп жатқан инновациялық технологияларды басшылыққа алып, практика жүзінде ауызша сөйлеуді іске асыруға болады. Яғни, біз деңгейлеп саралап оқыту технологиясында білім алушыларға деңгейлік тапсырма беру арқылы əр баланы ауызша сөйлеуге үйретеміз. Балалар сөйлеу арқылы өз ойындағысын жеткізу үшін, ең біріншіден, оқушылардың сөздік қорын байытып, содан соң жаңа өткен сөздердің есте сақтап жəне де əр жағдайда қандай мағынаны беретінін түсіндіру қажет. Кейін осы жаңа сөздері бар фильмдер көрсету, өлеңдер тыңдату, диалог жəне монолог құрастыру арқылы жұмыстар жүргіздік.
Ұжымдық, топтық білім беру технологиясы түрінде ауызша сөйлеуге үйрету оқушылар мен мұғалімдер, оқушы мен оқушы арасында іске асырылады. Біріншіден, олар бір-бірімен ауызша тілдесу арқылы қарым-қатынаста болса, екіншіден, ұжым арасында еңбек етуге үйренеді. Дегенмен əр ұстаз қандай технологияны таңдаса да ең алдымен өзі сол технологияны жете түсініп, меңгеруі тиіс. Өйткені техникалық құралдардың əрқайсысын жете білу жəне меңгеру — оқушы үшін ең қажетті шарт. Сонда ғана оқушылар ауызша сөйлеуге үйреніп, олардың сөйлеу дағдылары қалыптасып, сөйлеуге жаттығады.

2.3. Диалогтік оқытудың іс-тәжірибеде қолданылуы.
-Диалогтік оқытудың осы сұрақ қою тәсілдерінің тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беруге тырысамын.
Әңгімелесу – мұғалімге оқушылардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Ғалым Ф.Ш. Оразбаева сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады деп, олардың түрлерін атап көрсеткен. Олар жұптық, топтық, ұжымдық. Жұптық жұмысқа түсу осы диалогтерден тұрады. Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге асады. Мысалы : сұрақ – жауап,рөлдік,тапсырманы орындату , жұптық жұмыс, диалогтік мәтінді оқу.
Төменде өзімнің өткен сабақтарымның қысқа мерзімді жоспарын ұсынып отырмын.

Unit 1 Animals School: A.Sherimkulov

Date: Teacher name: Yerimbetova N.
Grade: 3 Number present: absent:
Theme of the lesson: Graft Project 1
Learning objectives that this lesson is contributing to 3.1.1.1 understand short supported classroom instructions in an increasing range of classroom routines;
3.2.6.1 take turns when speaking with others in a limited range of short, basic exchanges
Lesson objectives All learners will be able to:

– make story and ask questions and respond using visuals;
– practice learned vocabulary with support.
Most learners will be able to:
– use most of the words in the speech;
– make story and answer questions with minimum support.
Some learners will be able to:
– make story and ask and answer questions with basic words, phrases and short sentences using visuals, complete most of tasks about the animals correctly with no support

Assessment criteria Learners have met this learning objective if they can:
complete the tasks (90 %);talk about the animals body parts by using learned vocabulary

Value links Teamwork: Ls will work well together in pairs showing respect and being polite with each other.
Cross – curricular links Lesson is connected Biology
ICT skills Usage of presentation of classroom rules; review
Previous learning Animal Song and Dance 2
Plan
Planned timings Planned activities Resources
Beginning
5 mins
Warm-up

Learners answer the questions:

-What animals do you like most of all?
– What animals did you like in the past?

http://kids.nationalgeographic.com/kids/animals/
PPT

Middle
20mins

30 mins

20 mins

Learners first find out about a giraffe (see Learning resources). Then they read, with teacher support, one introductory paragraph.
Pre – reading
Students should guess the riddle and think what is the text about
A lot of spots, A long, long neck A funny scarf. It’s a … (Giraffe)
Reading task
Differentiation:
Group I (low level students) Match the pictures with the words
Group II (high level students) Match the words with their definition.
1,Work with new words

Wildebeest Weigh Grasslands Scientist
a. a large African animal with a long tail and horns that lives in areas covered in grass
b. the heaviness of a person or thing.
c. a large open area of country covered with grass
d. a person who is studying or has expert knowledge of one or more of the natural or physical sciences
Post reading
1. Read the text and complete the sentences
A newborn giraffe is about 6 feet (1.9 meters) tall at birth and ________ about 150 pounds (68 kilograms).
The giraffes’ height and excellent vision give them a wide view of the _________where they live
Some _________believe that other animals—such as zebras, antelope, and _______often congregate near giraffes to take advantage of their ability to see danger from a distance.

Project work
Students create animals, the giraffes out of paper.
3. Crafting time
Hello! Look what I have… this is an envelope… how do you think what is in? I have a clue for you

Individually, learners produce their animals while discussing what they are doing in groups.
Hold up an example puppet and say, “This is the puppet I made for myself. It is a _______. It eats ________ so it has __________ as the part(s) it uses for eating. In order to get its food, it needs to move, so it has _________ for moving.

https://kids.nationalgeographic.com/animals/giraffe/#giraffe-pair-eating.jpg

DIDACTIC MATERIAL 1

https://www.youtube.com/watch?v=AiMp1FP9Hag

End
5 mins Learners list two things that were easy to do and one thing that was hard to complete.
Learners sing a son “ zoo,zoo”
https://www.youtube.com/watch?v=kQJ8JlzSjsU and make photos with their own animals.
Additional information
Differentiation – how do you plan to give more support? How do you plan to challenge the more able learners? Assessment – how are you planning to check learners’ learning?
Less able students – greater support by means of prompts, visuals or writing difficult words on the board
More able students – independent work on definite tasks with little/no support
Allow for flexible groupings and cooperative learning, depending on the appropriateness to the task
Allow for extra time for students needing it, when appropriate
Give extra text or visual support to students needing extra English support
Create small learning groups for students needing extra support or enrichment with the co-teacher, when appropriate through observation
Reflection
Were the lesson objectives/learning objectives realistic?
What did the learners learn today?
What was the learning atmosphere like?
Did my planned differentiation work well?
Did I stick to timings? What changes did I make from my plan and why?
Summary evaluation
What two things went really well (consider both teaching and learning)?
1:
2:
What two things would have improved the lesson (consider both teaching and learning)?
1:
2:
What have I learned from this lesson about the class or individuals that will inform my next lesson?

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *