Аквариумдағы балықтар

Балдырған» ортаңғы тобында ашық
ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Тәрбиеші: Алпысова Алма

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар»

Мақсаты: Балаларға балықтардың түрлерін таныстыра отырып,тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру. Тірі табиғатқа деген қызығушылығын,сүйіспеншіліктерін арттырып, оның әсемдігін сезіне білуге,оларға қамқор болуға баулу. Кіріктіру арқылы балықтың денесін мүсіндеу,сурет салу әдістерін қолдана отырып бояту. Балықтың дене мүшелерін құрастыртып,саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру,ой-қиялдарын дамыту,зерттеу орталығы арқылы балықты зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

Керекті құралдар: балық түрлері бейнетаспадан,балықтан жаасалған тағам түрлері бейнетаспадан,аквариумдағы тірі балықтар,қамырдан жасалған түрлі-түсті бөлшектер, арнайы сықпалы ыдыстағы түрлі-түсті бояу, арнайы қысқыштар,қалпақтар,дәрігерлік маскалар, резинка қолғаптар,тақтайша.

Билингвальды компонент: балық-рыба-fish,су-вода-water.

Сөздік жұмыс: қабыршақтар,алтын балық,желбезек,жүзбе қанаттары.

Кіріктіру ҰОҚ-і: мүсіндеу,құрастыру,бейнелеу.

Оқу қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Топ тақырыпқа сай безендірілген.
Жылулық шеңбері:
Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық.
Жерден нәр алайық
Алақанға салайық.
Күннен шуақ алайық,
Алақанға салайық.
Күн шуағын қонақтарға
сыйлайық.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
(шеңберге тұрып,қонақтармен үш тілде амандасады)
-Саламатсыздар ма?
-Қайырлы таң!
-Доброе утро!
-Good morning!

Мотивациялық қозғаушылық
-Балалар осы мезгілді қалай атаймыз?
-Қыс мезгілі.
-Дұрыс балалар! Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап беріңдерші?
-Балалар жауабы

Жарайсыңдар балалар! Енді мен сендерге жұмбақ жасырғым кліп тұр. Шешесіңдер ме?
-Иә
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Жұмбақ
Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ,
Сусыз оның күні жоқ,
Жүріп кетсе соңында
Қалып қойған ізі жоқ.
Балалар бұл жұмбақтың жауабын мына тақтадағы суреттерді құрастыру арқылы табуға болады.
-Балалар тақтадағы суретті құрастырады
-Балық.
-Жарайсыңдар, балалар!
Тақырыппен таныстыру.
Балалар бүгінгі біздің ашық ұйымдастырылған оқу қыметіміздің тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар» деп аталады. Яғни біз бүгін балықтардың түрлері мен олардың тіршілігімен танысамыз.
Бейнетаспа арқылы балықтар туралы толық мағлұмат береді.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Бейнетаспаға қарап балықтар туралы түсініктерін кеңейтеді.
Дид ойын: «Айырмашылығын тап»
Шарты: Екі аквариумдағы балықтардың айырмашылығын табу.
Бейнетаспадағы екі аквариумдағы балықтардың айырмашылығын табады.

ҒҒажайып сәт. (жағаға соққан теңіз толқындарының дауысы естіледі.)
-Балалар тыңдаңдаршы ненің дауысы естіліп тұр?
-Теңіз суларының дауысы естіліп тұр
-Дұрыс балалар! Бұл кім екен?
-Теңіз патшайымы!
Теңіз патшайымы: -Сәлеметсіңдер ме?
Балалар қонақпен сәлемдеседі.

Балалар мен Теңіз Патшайымымын!
Сендердің балықтар туралы өтіп жатқандарыңды естіп келіп тұрмын.
(аквариумға қарап)
Балалар мына аквариумда балық жоқ екен. Сендер маған балық жасап берсеңдер мен сыйқырлап тірі балыққа айналдырып аквариумға жиберсем деп едим. Жасап бересіңдер ме?
БалаларТеңіз Патшайымына балық жасауға келісімдерін береді.
Сергіту сәті.
Балық суда жүзеді,
Өте таза жылы су.
Бірде жазылады,
Бірде жиырылады,
Сөйтіп інге тығылады.
Балалар сергіту сәтін қимылмен жасайды
Балалар орындарыңа отыра қойыңдар.
Олай болса балалар қалаған орталықтарыңа отыра қойыңдар.
Балалар қалалаған орталықтарына орналасады.
Балалар орындарына отырып, жұмыстарын жасайды.Балалар берілген тапсырманы орындайды.
1.Алтын балық орталығы.
Балалар түрлі-түсті қамырмен балық формасын мүсіндейді.
2.Көңілді балық орталығы.
Түрлі-түсті сұйық бояумен балық үлгісін бояйды.
3.Сазан балық орталығы.
Балықтың құрылысын атап,оны пешке салып пісіреді.
Теңіз патшайымына балық жасап берейік. Патшайым біздің аквариумге балықты сыйқырдың көмегімен тірілтіп берсін.Тәрбиеші көрсетіп береді.
1 «Алтын балық» орталығы түрлі-түсті қамырдан арнайы балықтың формасы арқылы балықты мүсіндеу.
2 «Көңілді балық» орталығы түрлі-түсті сұйық бояумен балық үлгісін бояу.
3 «Сазан балық» орталығы (зерттеу орталығы) арнайы киімдер киіп шикі балықты зерттейді.Осы орталықтағы екі бала шикі балықты пешке салып пісіріп шығарады.
Балалармен жеке-жеке жұмыс жасау.
Балаларды жеке-жеке мадақтау.
Теңіз Патшайымы: Балалар енді жасаған балықтарыңды маған берсеңдер мен сыйқырлап аквариумге тірі балық етіп жіберейін.
Балалар жасаған балықтарын Теңіз патшайымына жинап береді.
Теңіз патшайымы балықты сыйқырлап тірі балық жасап аквариумге салады.
Балалар таңырқай қарайды.
Балалар сендер балықты өте керемет жасапсыңдар!
Аквариумдегі балықтарды әңгімелеу.Оларға жем беруді үйрету.
Балықтарға жем береді.
Теңіз Патшайымы өз мекеніне қайтады.
Балалар Теңіз Патшайымымен қоштасады.
Рефлексиялық-түзетушілік
-Балалар бүгін біз не туралы өттік?
-Балықтар жайлы өттік.
-Балықтар қайда тіршілік етеді?
-Суда тіршілік етеді.
-Балықты үй жағдайында қандай ыдыста асыраймыз.
– Шыны ыдыста аквариумда.
-Балық неше бөліктен тұрады?
-Үш бөліктен тұрады.
-Атап шығайықшы.
Басы, кеудесі, құйрығы.
Дұрыс балалар!
-Бүгінгі күндерің қалай өтті?
-Тамаша!
-Көңіл-күйлерің қалай?
-Тамаша!
-Дұрыс бүгінгі тапсырманы жақсы орындадыңдар,сол себепті сендерді өте жақсы деп бағалаймын.
(смайликпен бағалау)
Балалардың көңіл-күйі смайлик тәріздес көтеріңкі болды.

Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: балықтың теңізде,өзенде,көлде,аквариумде тіршілік ететінін,тірі табиғаттың әсемдігін,Балықтың дене бөліктерін ажырата біледі;.
Қолданады: балықты мүсіндеуді, бояуды, зерттеуді;
Игереді: тірі табиғат иесіне күтім жасауды,қамқор бола білуді

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *