“Аққаланың әңгімесі”
Тақырыбы: «Аққаланың әңгімесі»
Сабақ мақсаты:Сабақ барысында балалармен ойын-ойнау арқылы ойлау,сөйлеу,байқау,есту,көру қабілеттерін дамыту.Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ажырата білу.Қойылған сұрақтардың жауабын тауып,ойлану.
Шығармашылық жұмыстар арқылы балаларды табиғатта болатын құбылыс-тарды тани білуге және ата-анамен,үлкен кісілерге сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:Антоним,Боран,Тығылмақ.
Көрнекіліктер:Қыс мезгіліне байланысты көрнекілік суреттер,аққала қуыршағы,қаршықтар,мақта.
Сабақ барысы:
1.Шаттық шеңбері:Балалар көңілді әуен ырғағына қолдарынан ұстап билейді.
2.Тәрбиеші: «АНТОНИМ» ойыны арқылы балаларға сабақтың тақырыбына сай сұрақтарды қояды.
-Балалар мен бүгін балабақшаға келе жатқанда қатты ыстықтадым, ыстық-тағаным соншалық,үстімдегі жеңіл күртемді шешіп тастадым.Балалардың жауабы міндетті түрде күтіледі.
-Балалар Біздің ойын алаңында гүлдер ыстықтан қурап тұр,оларды суару қажет.
Балалар ойын барысында тәрбиешінің қателіктерін аңғарып,оларды түзетуі тиіс.
Балалардың жауаптары:Қыста жеңіл күрте кимейміз,қыста гүлдер өспейді дегендей.
Балалар әр дұрыс жауап үшін қаршықтар алып тақтаның маңдайына іліп отырады.
3.Ғажайып сәт:Көңілсіз әуен ырғағымен Қуыршақ театр сахнасына АҚҚАЛА келеді.
-Сәлеметсіңдер ме? Балалар
-Аққала сәлеметсің бе сен неге көңілсізсің? не болды?
-Балалар маған үшінші дөңгелекті жасауға ұмытып кетті,мен енді барлық аққалалар сиәқты үш дөңгелек емеспін.Басқа аққалалар маған күледі,мазақтайды.
-Аққала уайымдама,ол аққалалардікі дұрыс пе екен балалар?жоқ досына күлуге болмайды.Аққала біздің балалар саған көмектеседі.
Балалардың жауаптары.
4.”Жаман-Жақсы”ойыны.
Балалар мынау ненің суреті:ҚАР,ШЫРША,МҰЗ,АДАМ.Осы суреттегі бейнелердің жағымсыз және жағымды жақтарын айтулары қажет.Әр дұрыс жауап берген бала бір уыс мақта алып,тақтаға жапсырады.Аққалаға үшінші дөңгелек жасалады.
-Балалар көмектеріңе көп рахмет,мен өте қуаныштымын.
5.Сергіту сәті:-Балалар біздің қонағымыздың көңілі көтерілді,қканып тұр олай болса біз сергіп алайық.Көңілді әуен ырғағына билеиікші,біздің биіміз жыл мезгіліне сай болады.Біресе боран болайық,біресе жауған қар болайық,біресе баяу жел болайық.
6.””Тығылмақ ойыны”.Шарты:әуен көмегімен балалар текшелердің астында тығылған шырша суреттерін табуы қажет.Шырша жасырылған текшеге жақындаған сайын әуен қаттырақ ойнайды,алыстаған сайын баяу ойнайды.
Балалар тапқан шыршаларын тақтаға іле береді.
-Аққала ойыныңа көп рахмет,өте қызықты екен,рахмет.
7.Аққала- балалар мен сендердің көңілдеріңді тақтаға аударғым келіп тұр.Біз сабағымызды өткізіп,ойнап отырғанда біздің тақтада ғажайыптар болыпты,біреу тақтамызға сурет салып кетіпті.Оны кім салды екен?Аяз бе екен?
-Тәрбиеші апай ол суретті мынау балалар емес пе салған өз білімдерімен,ептіліктерімен,байқағыштықтарымен тауып алған суреттерін тақтаға іліп отырып осындай әдемі сурет жасап шығарды.
8.Қорытынды: -Балалар тақтадағы суретте қай жыл мезгілі?
-Нелер және кімдер бейнеленген?
-Олар не жасап жатыр?
-Олардың аққаласының дөңгелектері нешеу екен?
-Бұл балалар дұрыс жасады ма?
-Балалар және қонақтар мен енді суыққа шықпасам еріп кетемін,сіздермен қоштасамын.Әр кез балалар осындай білімпаз,ақылды,әдемі болыңдар.Мен сіздермен әр қыс мезгілі сайын қауышатын боламын.-Аққала біздің балалардың саған деген сыйлығы бар,қабыл ал.Ол мойын орамал сен далада тоңбас үшін.
-Рахмет!мен оны мойныма байлап алайын САУБОЛЫҢДАР.
-Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
Балаларды белсенділігі үшін аққала суреттерін сыйлау.