Көліктер
Тәрбиеші: Жақылықова Мөлдір Абзалқызы.
Атырау қаласы.
№33 «Көркемай» бөбекжай бақшасы
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған орта»
Апта тақырыбы: «Арнайы көліктер»
Тақырыбы: «Көліктер»
Мақсаты:
Дамытушылық: Көліктердің түрлерімен таныстыру. Автобус, трамвай, жедел жәрдем, өрт сөндіруші, ұшақ, зымыран, кеме, т.б көліктердің қызметі жөнінде түсінік беру.
Білімділігі: Адам өмірі мен еңбегінің жеңілдететін көліктің маңызын білуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Көшеде жүру ережелерімен таныстыруды жалғастыру. Көлік жүргізушісінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Көлік турі бейнеленген суреттер, слайд,ойындар
Әдіс—тәсілдері: Сөздік, көрнекілік, ойын.
Билингвальды компонент: машина- машина-car, ұшақ- самолет-plane, пойыз- поезд- train, қайық- лодка- boat, көлік- транспорт.
Жүру барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Қ\ойын: «Өз гаражыңды тап». (әуен қосылады)
Машинаның рөлін ұстап балалар жүреді, әуен тоқтағанда рөлінің түсіне сай гаражын табу керек.
Дыбыстық жұмбақ.
Балалар, қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз сұрақтарға жауап беріп, ашық оқу-қызметке белсене қатынасамыз.
– Көлік дегеніміз не?
– Ол адамға неге қажет?
– Сендер балабақшаға қандай көлік түрлерімен келесіңдер?
Негізгі бөлім: Балалар, мына суреттерге қараңдаршы. Көліктердің қандай түрлері болады? Адамдар көліктерді алыс жерлерге қатынас жасау үшін пайдаланады. Көліктердің төрт түрлері бар. Олар:
1. Әуеде ұшатын көліктер:
2. Суда жүзетін көліктер:
3. Жерде жүретін көліктер:
4. Темір жол көліктер:
Ал енді, балалар, осы көліктерді танысайық. Адамдар көліктерді алыс жерлерге қатынас жасау үшін пайдаланады. Ертеде адамдар алыс жерлерге жануарлар арқылы және жануарларға жегілген екі дөңгелекті арбамен қатынаған. Кейінірек адамдар машина, автобус сияқты жерде жүретін көліктерді, содан кейін темір жол көліктері: пойыз, трамвайды ойлап тапқан.
– Балалар, сендер құс сияқты ұшқыларың келе ме? Міне, адамдар түрлі жолдарын ойластырған, ең алдымен әуе шары пайда болды да, кейін моторы бар ұшақтар мен тік ұшақтарды ойлап тапты.
– Балалар, сендер суда жүзіп көрдіңдер ме?
– Ал қайықпен ше?
– Адамдар ертеде үлкен өзендерден бөренелер арқылы жүзіп өткен. Қайықтарды, кемелерді уақыт өте ойластырып тапқан.
Дидактикалық ойын: «Қай көлік қайда жүреді?»
Ойын шарты: Машина, ұшақ, кеменің суреттерін өз орындарына (жер, су, аспан, темір жол) қою. Көліктердің түрлерін ажырата білу.
– Ал, машина туралы тақпақты кім айтады?
Нұрәли:
Ұшағым бар ойыншық,
Ұшырмасам ұшпайды
Айналам деп аспанда
Шаршағанға ұқсайды.
Ақерке:
Досым маған ойыншық
Машинасын сыйлады
Бірақ оның ішінде
Саусағыда сыймады
Әбдінұр:
Ойыншығым торғайды
Тракторға мінгіздім
Жер жыртуды үйретіп
Жолсыз айдап үйреттім
Сергіту сәті: «Ұшты, ұшты»
Ұшты, ұшты – Ұшақ ұшты,
Ұшты, ұшты – Машина ұшты,
Ұшты, ұшты – Тік ұшақ ұшты,
Ұшты, ұшты – Қайық ұшты,….
Жаңылтпаштар
1) Батырға қай көлік сай көлік?
Батырға сайгүлік сай көлік.
2) Ғарышкер ұшты ғарышқа.
Ғарышқа ұшты ғарышкер.
Айтшы, ғарыш алыс па?
Слайд арқылы көрсетіледі.
-Балалар, жедел жәрдем көлігі кімдерге қызмет етеді?
-Жол полициясы қандай қызмет атқарады?
-Өрт сөндіретін машина қандай қызмет көрсетеді?
-Автобус, пойыз, ұшақ не үшін керек?
-Дұрыс айтасыңдар, машина жүргізетін адамды кім деп атауға болады?
-Пойызды жүргізетін адамды кім деп айтамыз?
-Ұшақты кім басқарады?
Жарайсыңдар балалар.
Дид.ойын:«Артығын тап». Суреттер салынған плакттан көліктерге қатысы жоқ заттарды белгілеу.
Сабақты қортындылау:
-Қандай көлік түрлерімен таныстық?
-Көліктің маңызы қандай?
Сонымен балалар біз көп нәрселермен таныстық. Сіздерге ашық оқу іс әрекетіміз ұнады ма? Көліктер жайлы не білдіңдер?
Күтілетін нәтиже:
Білу: көлік және көлік түрлерін ажыратуды, негізгі жолда жүру ережелерін білуі керек.
Болу: көліктердің қолданылуы және адам өміріндегі тигізетін пайдасы жайлы түсінік болуы керек.
Істей білу: жолда жүру ережелерін ұстанып, көпшілік ортада мәдениетті болуы керек. Топпен жұмыс істей білу керек.
Дайындаған: Жақсылықова Мөлдір Абзалқызы.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718