“Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

“Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
жоспарларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №
195 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12
мамырда № 20625 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. “Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
жоспарларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген, “Егемен Қазақстан” газетінің
2013 жылғы 23 ақпандағы № 74 (28013) санында жарияланған) мынадай өзгерістер
енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:
“Білім туралы” Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-
бабының 6) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын іске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:”;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға
дейін балаларды оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың үлгілік оқу жоспары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға
дейін балаларды оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың үлгілік оқу жоспары бекітілсін;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспары бекітілсін.”.
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі
және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы
тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы
мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш. Т. Кариноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 12 мамырдағы
№ 195 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 557 бұйрығына
1-қосымша
1 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды оқыту қазақ тілінде
жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары

Білім беру салалары/
Ұйымдастырылған
оқу қызметі
Жас тобы
Ерте жас
тобы (1
жастан бастап
)
Кіші топ (2
жастан
бастап)
Ортаңғы топ
(3 жастан
бастап)
Ересек топ (
4 жастан
бастап)
Мектепалды даярлық
тобы (сыныбы) (5-
жастан бастап)
1 “Денсаулық” 3 3 3 3 3
Дене шынықтыру 3 3 3 3 2,5
Қауіпсіз мінез-құлық
негіздері – – – – 0,5
2 “Қатынас” 1 1 2 2,5 5
Сөйлеуді дамыту 0,5 0,5 1 1 1
Көркем әдебиет 0,5 0,5 0,5 1 1
Сауат ашу негіздері – – – – 2
Орыс тілі – – 0,5 0,5 1
3 “Таным” 1 2 2,5 2,5 2,5
Математика негіздері – – 1 1 1
Сенсорика 0,5 0,5 – – –
Құрастыру – 0,5 0,5 0,5 0,5
Жаратылыстану 0,5 1 1 1 1
4 “Шығармашылық” 2 3 3 3,5 5
Сурет салу 0,5 1 1 1 1
Мүсіндеу 0,5 0,25 0,25 0,5 1
Жапсыру – 0,25 0,25 0,5 1
Музыка 1 1,5 1,5 1,5 2
5 “Әлеумет” – – 0,5 0,5 1,5
Өзін-өзі тану – – – – 1
Қоршаған ортамен
танысу
– – 0,5 0,5 0,5
6
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің
ұзақтығы
7-10 минут 10-15
минут
15-20 минут 20-25 минут 25-30 минут
7
Апталық оқу
жүктемесінің көлемі 7 9 11 12 17
8
Вариативтік
компонент* – – 1 2 3
9 Барлығы 7 9 12 14 20
*іс-әрекет түрлері (ойын, дербес, шығармашылық), тілдерді үйрету, жеке жұмыс.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 12 мамырдағы
№ 195 бұйрығына
2-қосымша/
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 557 бұйрығына
2-қосымша
1 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды оқыту орыс тілінде
жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары

Білім беру салалары/
Ұйымдастырылған
оқу қызметі
Жас тобы
Ерте жас
тобы (1
жастан бастап
)
Кіші топ (2
жастан
бастап)
Ортаңғы топ
(3 жастан
бастап)
Ересек топ (
4 жастан
бастап)
Мектепалды даярлық
тобы (сыныбы) (5-
жастан бастап)
1 “Денсаулық” 3 3 3 3 3
Дене шынықтыру 3 3 3 3 2,5
Қауіпсіз мінез-құлық
негіздері – – – – 0,5
2 “Қатынас” 1 1 2,5 3 6
Сөйлеуді дамыту 0,5 0,5 1 1 1
Көркем әдебиет 0,5 0,5 0,5 1 1
Сауат ашу негіздері – – – – 2
Қазақ тілі – – 1 1 2
3 “Таным” 1 2 2,5 2,5 2,5
Математика негіздері – – 1 1 1
Сенсорика 0,5 0,5 – – –
Құрастыру – 0,5 0,5 0,5 0,5
Жаратылыстану 0,5 1 1 1 1
4 “Шығармашылық” 2 3 3 3,5 5
Сурет салу 0,5 1 1 1 1
Мүсіндеу 0,5 0,25 0,25 0,5 1
Жапсыру – 0,25 0,25 0,5 1
Музыка 1 1,5 1,5 1,5 2
5 “Әлеумет” – – 0,5 0,5 1,5
Өзін-өзі тану – – – – 1
Қоршаған ортамен
танысу
– – 0,5 0,5 0,5
6
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің
ұзақтығы
7-10 минут 10-15
минут
15-20 минут 20-25 минут 25-30 минут
7
Апталық оқу
жүктемесінің көлемі 7 9 11,5 12,5 18
8
Вариативтік
компонент* – – 0,5 1,5 2
9 Барлығы 7 9 12 14 20
*іс-әрекет түрлері (ойын, дербес, шығармашылық), тілдерді үйрету, жеке жұмыс.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және
құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *