Әлеуметтік желілер әлемі

 

Сабақ : Мектеп: «М.Төлебаев атындағы орта мектебі»КММ
Күні: 17.01.2020ж. Мұғалімнің аты-жөні: Амиргалиева Д.Б.
Сынып: 7а Қатысқандар: Қатыспағандар:
    Бөлім 6-бөлім     Ғаламтор және әлеуметтік желілер
Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік желілер әлемі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.2.1.1. Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма,   сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау.

7.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтінді саралай отырып, нақты  3  ақпаратты  табады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтінді жалпыдан жекеге қарай саралап, схема не кестеге  айналдырады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Өзіндік тұжырым жасай алады.

Бағалау критерийі

 

Мәтіндік  ақпаратты  саралайды, тұжырымдайды.

Жинақы мәтін құрастырады.

Ойлау деңгейі Білу,түсіну,қолдану
Тілдік мақсат Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Біріккен,  кіріккен, тіркескен, қысқарған
  Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Біз мынадай дәлелдер келтіреміз… Оның себебін…    деп түсіндіреміз. Біздің пікірімізше…. Олай ойлауға ….. себептер бар. Бұл сабақта оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өзіндік пікірін білдіреді және дәлелдемелер келтіреді.

Неге? Қалай?  Қашан? сұрақтарын пайдалану арқылы  айтылым жүргізу арқылы жазылым алды  дайындық жұмыстарын жүргізеді.

Жазылым алды сұрақтары:

*Сөз таптары дегеніміз не ?

* Есімше мен көсемшеге мысал келтір.

Құндылықтарға баулу Азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рух – берілген суреттерге байланысты әңгіме құрау үшін ұсынылған тірек сөздер көрініс тауып, әңгіме құрау барысында ашылады. ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау

Жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;

Пәнаралық байланыс Әдебиет, информатика
Алдыңғы білім Ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы біледі.
Жоспар  
Жоспарланған уақыт  
Басы

 

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

«Бес қадам» әдісі. Өткен тақырыптарды қайталау  мақсатында.

Ортаға табан іздері тасталады.Сыныптан 6 оқушы ойынға шығады. Әр оқушыға лексикалық тақырып бойынша бірнеше сұрақ қойылады. Оқушы берілген табан  іздерін баса отырып жылдам жауап береді.

Сұрақтар:     

Етістік дегеніміз не?

Тұйық етістік қалай жасалады? Мысал келтір.

Есімше қалай жасалады тұр?

Көсемшенің жұрнақтарын ата.

Алған, көрген, барғалы, келгелі айтқалы сөздері қалай жасалған?

«Дауыс беру»әдісі арқылы топқа бөлу.

І топ: Facebook

ІІ топ: Instagram

ІІІ топ:ВКонтакте

Сабақ мақсатын таныстыру.

Ширату «Суреттер шоғыры» .                                                                                            Бізге қандай шартты белгілер таныс?

Ол белгілерді қайдан танимыз?

Осы әлеуметтік желілерді ұқсастықтарына қарап топтастыра аламыз ба? Қалай топтастыруға болады?

сабақ мақсатына тоқталып кетемін: Олай болса, балалар, біз бүгінгі сабақта мәтінді саралай отырып, жан-жақты  тұжырымдап үйренеміз .

«ББҮ» кестесінің  «Білемін, Білгім келеді» екі бөлімін толтырады.

Білемін Білгім келеді Үйрендім
     
 Табан іздері салынан  А4 парағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

 

С.Тыңдалым

Тыңдалған мәлімет бойынша.

Тапсырма.Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.

Дескриптор:

1.Бейнероликты тыңдайды.

2.Жинақы мәтін жазады.

3.Есімше,көсемшелерді ажаратады.

Ж.І тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, «Түртіп алу» әдісі арқылы  3 ақпаратты  тауып жазыңыз.

 «Қазақстандағы әлеуметтік желілер»

Қазақстандағы 7 000000-ға жуық адам әлеуметтік желілерді күнделікті пайдаланады екен. Елімізге алғашқы әлеуметтік желілер келе бастаған сәтте «Менің әлемім» («Мой мир») әлеуметтік желісі, кейін  2011 жылдан бастап «В контакте» желісі танымалдылыққа, кең қолданысқа ие болды. Ал қазіргі уақытта Инстаграм желісінің қолданушылары күрт артып отыр.

2016 жылдың мәліметтері бойынша, В контакте желісіне 1,945 миллион қазақстандық тіркелген екен. В контакте желісінің қолданушыларының басым көпшілігі  – 18 жасқа дейінгі тұтынушылар, яғни мектеп оқушылары.

Қазақстанда  сұранысқа ие келесі әлеуметтік желі – Инстаграм парақшалары. Сервисті 1, 336 миллион қазақстандық қолданады. Бұл желі, әсіресе, әйел адамдардың арасында аса танымал. Инстаграм аккаунтарының 71,9 пайызы әйелдердің үлесіне тиесілі. Ал қалған 28,1 пайызын ер адамдар құрайды.

Қазақстандағы келесі сұранысы жоғары желі – «Менің әлемім». Бұл желіге 155,3 мың  қазақстандық тіркелген. Олардың арасында 59,5 пайызы – әйелдер,   40,5 пайызы – ер адамдар. Желідегі негізгі жас категориясы – 25 пен 34 жас аралығы.

       Қазақстандағы келесі өтімді желі – «Ватсав» желісі. Жазылушылар саны – 145,8 мың адам. Оның ішінде әйелдер 60,3 пайызын құрайды. Аудиторияның ең үлкен көрсеткіші 65,5 пайызын 25 пен 60 жасқа дейінгі аралығындағы адамдар  қамтиды.

/деректер ҒАЛАМТОР беттерінен  алынды/

Дескрипторлар:

Статистикалық/сандық/ мәліметі бар 3 ақпаратты іріктейді.

Деректерді  мәтіннің әр жерінен алады.

ҚБ.  «Дауыс беру» әдісі арқылы  қалыптастырушы бағалау жүргіземін.

МҚБ.  Тапсырманы орындауда нақты  3ақпарат дескрипторға сай табылмаған жағдайда  немесе мұғалім түзетуді байқаған уақытта, «Деректерді әр жерден алғансыздар,  бұл жақсы, алайда  сандық мәліметтерді тағы да басқа қырынан қарап көруге болар ма еді?!. Ойланып көрейікші… Мәселен, ретіне қарай немесе әліпби бойынша  т.б.

ЖЖ.2-тапсырма. Мәтіндегі деректерді мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма,   сурет, шартты белгілер) орналастырыңыз.

Мысалы: 1. Глобус нені бейнелейді?2.  Қалай ойлайсыз, глобус жасау үшін нелерді топтастырар едіңіз?

 

 

 

 

 

 

 

Дескрипторы:

Мәліметті  жалпыдан жекеге қарай  бағыттайды.

Деректерді  шартты белгілер мен сызықтар арқылы жинақтайды.

ҚБ. ІІ тапсырма   бойынша жұптарда  қалыптастырушы  бағалау дескрипторға сәйкес  сағат тілінің бағытымен  «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы беріледі.

МБ.

Ақпаратты графикалық мәтінге жақсы айналдырғансыз, алайда  жалпыдан жекеге  /мәселен, мынадай…/  нақты сандық мәліметтер арқылы жеткізсеңіз жақсы болар еді…

ТЖ.  «Ойлан,жұптас,бөліс»әдісі

 І топ: Facebook

Оқылым мәтіні бойынша жинақы мәтін /кесте не схема/ құрастыру.

Дескрипторы:

Жинақы мәтінді ықшамдалған /кесте,  схема/ түрінде құрастырады.

Сөздерді тек шартты белгілермен сипаттайды.

ҚБ. «Ашық микрофон» әдісі арқылы топтық бағалау.

ІІ топ: Instagram

Тапсырма. Пікір тұжырымдау.

Дескрипторы :

Қызықтыратын, не жирендіретін жақсы ойлар мен пікірлер айтады.

Сұрақтар:  Қалай ойлайсыз, жалпы /…/ әлеуметтік желіні пайдалану жақсы ма, жаман ба?

Жақсы болса, несімен жақсы, жаман болса несімен жаман?

Барлық оқушылар  «Ар-ождан аллеясы» әдісімен оқушылардың жеке қызығушылығын ескере отырып, мәтіндегі бір әлеуметтік желі бойынша  тақырып  талқылайды. Ортаға сол желіде  жоқ оқушыны шақыру.  Мақсат – ортадағы  оқушыны тіркелуге үгіттеу емес, өзіндік  тұжырымды дамыту.

Мәселен, «Instagram»  желісі. Өзара екі топқа бөлінеді де,І топ  – бұл желінің  пайдасын, жақсы жақтарын саралап,  ІІ топ – бұл желінің зиянды, жаман  жақтары туралы айтып, ортадағы адамды иландырады.

Соңында ортадағы адам:

Менің ойымша, …. деп басталатын өз көзқарасын айқындайтын 3 дерек ұсыну керек.

Неге?  Не себепті?

Сіздің көзқарасыңызды кімнің пікірі өзгертті?

Сіздің ойыңызша, неліктен олай болды? т.б./

 ҚБ: «SMS» әдісі арқылы бағалау.

МБ. қандай шешімге келсе де, шешімін құрметтей отырып, әр шешімнің оңтайлы тұсына қарай бағыттау керек.

ІІІ топ:ВКонтакте

Тапсырма: SWOT талдауы арқылы  әлеуметтік  желілер әлеміне  сараптама жасаңыздар.

 

  Күшті жақтары                           Əлсіз жақтары

 

 

 

             Мүмкіндіктер                     Қауіптер

 

 

 

ҚБ. « Менің термометрім» бойынша бүгінгі сабақтан алған дағдыларын көрсетеді.

.

 

 

 

 

Уикипе-дия материа

лы-

нан

 

«Қазақ тілі» оқулығы

«Мектеп» баспасы

2017 жыл.

165-бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

Соңы   Кері байланыс

  

«Б.Б.Ү» кестесінің «Үйрендім» бөлімін толтырады. Оны уақыт болса, деңгейлеріне қарай 3 оқушыдан сұраймын.

Үйге тапсырма:Әлеуметтік желі туралы презентация жасап келу.

 

Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)
Мен жұмыс тәжірибемде ұйымдастырылатын мақсатқа және оқушы деңгейінің қабілеттерін ескеріп, тапсырмалар дайындаймын. Тапсырманы орындау үшін жетелеуші, бағыттаушы, дамытушы сұрақтар, тірек сөздер, сөйлемдер, ресурстар арқылы қолдау көрсетемін.

Әр тапсырманы бөлінетін уақыт , әдіс-тәсілдер мен қолданылатын дереккөз, ресурстар арқылы  жүзеге асырамын.

Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беремін және  үлгермей жатқан оқушыларға көмектеседі.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер.

Етістіктің шақ түрлерін тілдесім барысында қолданады,

Мәтін үзінділерін тыңдай отырып,оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды.

Сабақ құрылымын түрлі пәндермен байланыстыра жоспарлаймын. Әдебиет, шешендік өнер, философия.Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндірмейді. Оқу бағдарламасының нормасына сәйкес алынған. Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта алады.  Сондықтан көп қолдануға тырысамын.

Досты қадірлеуге, адал болуға, ренжітпеуге, достықты сақтауға тәрбиелеу..

Рефлексия

Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?Бүгін оқушылар не үйренді?Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?Уақытты қалай пайдаландым?Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

 
Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.

2.Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *