«Астана ел ордасы – Алматы тарих таңбасы»
Алматы қаласы №8 балабақша
№ 11 «Көгершін» ересектер тобы.
Тақырыбы: «Астана ел ордасы – Алматы тарих таңбасы»
Тәрбиеші: Дарубаева Алия
Осы тақырыппен өткізілген оқу қызметінде балалардың Туған елі, Отаны Қазақстан туралы Ел Ордасы-Астана туралы түсініктерін кеңейту .
Алматы-Оңтүстік астана Қазақстанның ең үлкен қаласы екенін, Алматы мәдениет өнер ,білім, орталығы .Әсем Алматының сұлу табиғаты, көрікті саябақтары туралы қос қала жайлы білетіндерін жарыс түрінде екі топқа бөліп сұрақ-жауап арқылы жарыстыру.
Сөздік жұмыс: Қазақстан,Отан,Астана еліміздің рәміздері: ту,елтаңба, гимн, бәйтерек.
Көрнекіліктер :Қазақстанның байлығының сұлу табиғатын,қалаларын.
Алматы қаласының көрікті әсерлері,бәйтеректің суреті. Алматы,Астана тобы болып екіге бөлінеді,топ басшыларын сайлау.
1.Астана тобының сұрағы: Жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі.Күз мезгілінде үш ай бар: қыркүйек, қазан, қараша.
2.Алматы тобы.
Бір жылда неше мезгіл бар?
Бір жылда төрт мезгіл бар: күз,жаз,қыс,көктем.
3.Астана тобы: Балалар біз қай республикада тұрамыз? Қазақстан Республикасында
4.Алматы тобы: Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Тәуелсіз мемелекет.
5.Астана тобы: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?
Н.Ә.Назарбаев.
6.Алматы тобы:Өз қалаларын туралы не білесіңдер?
1989 жылы 10маусымда Қазақстанның жаңа астанасының тұсау кесері болды.
Еліміздің ордасын бас қаласын көркейтуіне ел басымыз Н.Ә.Назарбаев өз үлесін қосып, аянбай еңбек етті.Астананы бүкіл әлемге танытып тұрған бәйтерегіміз бар.Оның ұзындығы 97 метр,төбесінде алтын жұмыртқа сияқты шар орналасқан,оның салмағы 300 тонна.
7.Астана тобы:Өз қалаларың жайлы не білесіңдер?
Алматы үлкен жасыл қала.Алматы қаласы Алатау бөктерінде орналасқан.Алматы қаласының ең көрікті жерлері 25 қабатты «Қазақстан» қонақ үйі,Қазақ циркі,Медеу мұз айдыны бар.
8.Алматы тобы:Астанада кімдердің атында ескерткіштері бар? Төле би, Айтеке би, Қазыбек би.
9.Астана тобы:Алматыда кімдердің атында ескерткіштер бар? Жамбыл Жабаев, Абай Құнанбаев ,Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова т.б.
10.Алматы тобы:Өз қалаларың жайлы тақпақ білесіңдерме?
Жаса жаса Астанам,
Өркен жая бастаған.
Болашақтың есігін ,
Өз қолыңмен аш маған.
11.Астана тобы:Алматы туралы тақпақ айтып беріңдерші?
Жап –жасыл ағашы,
Қып қызыл алмасы ,
Көшесі көрікті,
Алматы қаласы.
12.Алматы тобы:Күз мезгілінде Астана Қазақстанға қандай байлық береді? Астық, нан.
13.Астана тобы:Алматы күз мезгілінде қандай байлық сыйлайды? Алма,алмұрт,жүзім,картоп т.б.
14.Алматы тобы Күз мезгілі туралы тақпақ білесіңдерме?
Алма,өрікті қамбаларға,
Толтырыпты алтын күз .
Шәкірт болып парталарға,
Отырыпты алтын күз.
Бұлт болып та Алатауға,
Байланыпты алтын күз.
Дастарханда таба нанға ,
Айналапты алтын күз.
15.Астана тобы: Сендер де күз туралы тақпақ айтып беріңдерші.
Алтын сары, қызыл ,көк,
Алуан алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
16.Алматы тобы:Астана тобы сендер өздерің білетін астық , нан туралы мақал-мәтел, нақым сөз білесіңдерме?
«Нан болса,ән болады».
«Нанды бір қолмен үзбе».
«Нан қоқымын шашпаңдар.
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар».
17.Астана тобы:Қандай өнерлерің бар: Біз қызыл «Алма биін» билеп береміз.
18.Алматы тобы:Астаналықтар қандай өнерлерің бар: Біз «Егіншілер биін» билеп береміз.
Сұрақтарға толық жауап алынғаннан кейін . Ертегі: «Бәйтерек».
Ертегіден кейін құрастыру сабағы. Екі топ бірігіп ұжымдық жұмыс бәйтеректі құрастыруады .Сабақ соңында екі бала отан туралы ән айтады.
Тәрбиеші бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтай отырып қорытындылайды.