«Пішіндер»

Алматы қаласы №8 балабақша

№ 2 «Балдырған» орта тобы.

Тақырыбы: «Сиқырлы пішіндер»

Тәбиеші: Дарубаева. М.С

Алматы 2019 ж

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Таным ,Шығармашылық»

Оқу қызметі: ҚМҰҚ ,Аппликация.

Мақсаты: Балаларды көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру, ойлау қабілеттерін арттыру, 5-ке дейінгі сандарды пішіндер арқылы қайталату.

Әдіс тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелесу.

Көрнекіліктер: пішіндер, құстардың суреттері , қатты түрлі түсті қағаз.

Амандасу.

Шаттық шеңбері.

– Сәлеметсіздер ме?

Шуағына бөлеген.
Аялаған демеген.
Тәрбиеші апайлар мейірімді не деген.
Жақсылыққа құмармыз, жақсы адам шығармыз .
Таза адал ниетпен қабылдаңыз мың алғыс.
Сәлемметсіздерме апайлар.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?
Көктем мезгілі.
Күз мезгілінің айларын атап беріңдерші.
Наурыз , сәуір , мамыр.

Балалар бүгін көктем мезгілінің ерекшелігіне тоқталайық. Балалар көктем мезгілі басталғалы көптеген тақпақтар жаттап едік кәне есімізге салайықшы.
1.бала
Көктем келді ,құс келді,
Ойнаймыз біз саз илеп,
Біздің көлге түсті енді
Былтыр кеткен қаз –үйрек.

Ғажайып сәт:

Дымбілмес кіреді.
Балалармен амандасады.
Балалар мен сендерден бірнеше тапсырмалар ала келдім, маған көмектесіңдерші құстарға ұя жасайын десем мына пішіндердің тапсырмалары бар екен, тапсырмаларды орындауға шамам жетпеді.
Тәрбиеші :
Жақсы Дымбілмес біз саған көмектесеміз.
1.Ал балалар біз пішіндерді өте жақсы білеміз бірақ олардың сиқырын білу үшін тапсырмаларын орындайық.
1. Үшбұрыштың :
Яғни бірінші үшбұрыш , алдымен үшбрыш неге ұқсайды және оның түсін айта кетейік .
Балалар : Үшбұрыш үйдің төбесіне сәукелеге ұқсайды.
Үшбұрыштың тапсырмасы 1-5 ке дейін тура және кері санау білесіңдер ме?
Балалар жауап береді.
2.Төртбұрыш : Түсін атап , үйдің қабырғасына ,телевизорға ұқсайды.
Төртбұрыштың тапсырмасы :Сандар туралы санамақтар білесіңдер ма?
Балалар дың жауабы.

Әли: Бір дегенім , білім
Білім жарық күнің.

Адия: Екі дегенім еңбек.
Еңбек бәрін жеңбек.

Әмір: Үш дегенім үміт.
Үмітсіз жоқ жігіт.

Ғани: Төрт дегенім талап
Талмайтұғын қанат.

Анел: Бес дегенім бірлік .
Бірліксіз жоқ тірлік

3.Тіктөртбұрыш. Түсін атап береді . Есікке , терезеге ұқсайды.
Тапсырмасы: Сандар туралы мақал мәтел білесіңдер ме?

Қымбат: Алты жыл аш болсаңда ,
Ата салтыңды сақта.

Жансая: Жүз сомың болғанша
Жүз досың болсын.

Дарина: Отыз тістен шыққан сөз
Отыз рулы елге тарайды.

4. Шеңбер. Түсін атап береді , допқа , қарбызға ұқсайды.
Тапсырмасы: Бес саусақ туралы санамақ білесіңдер ма?
Балалар бес саусақ туралы санамақ айтып береді.

Бес саусақ туралы санамақты айта отырып біз бесінші пішіннің тапсырмасына да келіп жеттік . Бұл пішін сиқырлы пішін екен балалар , өйткені бұл пішінді ашу үшін біз алдымен мына пішіндерден Дымбілместің жасай алмаған құстарға ұя жасасақ бұл пішінді аша алады екенбіз.
Ұя жасамас бұрын орнымыздан тұрып денемізді сергітіп алайық.

Сергіту жаттығуы.

Ұя жапсыру . (Муз әуенімен).
Тәрбиеші : Міне балалар біз барлық тапсырманы орындадық енді сиқырлы пішін ашылады.
Балалар бұл пішін қандай пішін екен ?
Балалар бес бұрыш деп жауап береді.
Тәрбиеші ия дұрыс кәнем бұрышын санайықшы , түсі қандай екен қызыл .
Дұрыс балалар ал неге ұқсайды№
Балалар жұлдызға деп жауап береді.
Тәрбиеші дұрыс балалар жұлдыз деген жұлдызша ол жақсы оқыған балаларды жақсы деп бағалайды деген сөз , яғни бес деген сөз . Бүгін бәрің оқу қызметіне өте жақсы қатысқандарың үшін мен сендерге жұлдызша қоям.
Міне Дымбілмес біздің балалар сенің орындай алмаған барлық тапсырмаларыңды өте жақсы орындап шықты.
Дымбілмес : Рақмет балалар сендер өте білімді ақылды балалар екенсіңдер .
Сендерден көп нәрсе үйрендім енді мендем білімді ақылды боламын сау болыңдар.

Күтілетін нәтиже: Білуі қажет: Көктем мезгілінің ерекшелігін.
Түсінігі: Пішіндердің ерекшеліктерін .
Іс-әрекет дағдылары: Есте сақтап, қайта айтып бере білу.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *