Жұрнақ пен жалғау
САБАҚ:
Жұрнақ пен жалғау Мектеп: №44
Күні: Мұғалімнің есімі: Набиолдинова Р.Т.
СЫНЫП: 2 Қатысқандар саны: Қатыспағандар: 0
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары) 2.1.2.1 – мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
• Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:
• Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
• Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі,тарих.
Жоспарланған
уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы 5 минут
Топқа бөлу2 минут
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
3 минут
«Қызыл гүлім-ай» би 1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»
Ортасы 20 минут Білу және түсіну 10 минут
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Дәптермен жұмыс.
№67. Мәтінді түсініп оқы.
Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі
Жалпыға арналған тапсырма:
Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.
• Палуан қандай болуы керек?
• Қандай палуандарды білесің?
• Қажымұқан туралы тағы қандай ақпараттарды білесің?
Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.
№68,69,70. Өздік жұмысы.
«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.
«Интервью» әдісі
Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.
Сергіту сәті
2 минут «Қыдырып қайтайық!»
би билеу
«Қыдырып қайтайық!» биі
Аяқталуы 20 минут Синтез
Екі түрлі түсініктеме күнделігі.
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына Сол жағына
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)
Оқушылар кестемен жұмыс жасайды
Үйге тапсырма: №71,30-бетте.
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғарыоқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы
байланыс
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал
қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген
уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма
қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? «Менің көңіл-күйім баспалдағы»
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.
САБАҚ:
Тең топтармен санау.
Тең топтарға бөлу. Мектеп: №44
Күні: Мұғалімнің есімі: Набиолдинова Р.Т.
СЫНЫП: 2 Қатысқандар саны: Қатыспағандар: 0
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары) 2.1.1.5 – 50-ге дейін 3, 4, 5-тен топтап тура және кері санау; жұп/тақ сандарды ажырату; заттар тобын 6, 7, 8, 9-дан тең бөліктерге бөлуді көрсету
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
• Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:
• Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
• Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі,тарих.
Жоспарланған
уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы 5 минут
Топқа бөлу2 минут
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
3 минут
«Қызыл гүлім-ай» би 1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»
Ортасы 20 минут Білу және түсіну 10 минут
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Дәптермен , тақтамен жұмыс.
Оқулықта берілген есептерді түріне қарай топта, жұпта, жеке орындату. Тапсырмалар орындау соңында кері байланыс орнату. Оқушылардың тапсырманы орындау деңгейіне сай бағалап отыру.
«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.
Сергіту сәті
2 минут «Қыдырып қайтайық!»
би билеу
«Қыдырып қайтайық!» биі
Аяқталуы 20 минут Синтез
Оқушылар тапсырмалармен жұмыс жасайды
Үйге тапсырма: оқулықта қалған тапсырманы аяқтау.
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары
шынайы ма? Бүгін оқушылар
не білді? Сыныптағы ахуал
қандай болды? Мен жоспарлаған
саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен? «Менің көңіл-күйім баспалдағы»
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.
Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» ММ
«№44 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекеме
« Жаңаша оқытуда шығармашалық іс- тәжірибені тарату.
Жаңартылған білім беру жүйесінің дәстүрлі мектептен айырмашылығы оқушы алған білімін өмірлік жағдайда , әлеуметтік тәжірибе арқылы қолдана алуы. Жалаң теориалық білім оқушыға қызмет ете алмайды сол себепті оқушының әлеуметтік тәжірибесін арттыруға ерекше назар аудару керек. Менің сабақтарымда әлеуметтік мазмұн басым. Сабақта оқушы мен ұстаз коммуникативтік қарым қатынас әрекетінің белсенді мүшесіне айналады. Мысалы: «әдебиеттік оқу» пәні бойынша «дебат» әдісін пайдаланған өте тиімді.
Қазақ тілі байлығы мол сауатты да, шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелеуге өз үлесін қосуға көмегін тигізеді.Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» мысалында «Бірінші жолаушының пікірі дұрыс» деп ортақ тақырып ұсынып,даттаушы топ және бекітуші топ екі топқа бөліп, уақытты бекітіп,тақырапты ұсынамын.Бұл жерде оқушы тілі шебер сөйлеуге, өз ойын дәлелдеуге тырысады,дұрыс ойлауға, даттаушы топтың пікірінің қатесін табуға, терең пайыдау жасауға және оөушылар арасында эмоционалдық байланыс орнайды.Сонымен бірге басқаның пікіріне құлақ түруге,талдауға, жинақтауға,топпен жұмыс жасауға үйренеді.
«ЖИГСО» әдісін қазақ тілі сабағында жиі пайдаланамын.Бұл әдісте оқушылар бір-біріне көмек береді. Мысалы: Оқушыларды топқа бөліп алып, әр топқа алдын ала дайындаған ,қағазға жазылған тапсырмалар үлестіріп беріледі.1 топ Зат есім деген не? 2-топ Зат есімдерді сыныптан тап.3- топ оларға сұрақ қой. Әр топ өзіне берілген тапсырманы толық меңгерген соң,менгерген білімдерін келесі топқа түсіндіреді.Бір-біріне ережені, сұрақты,мысал келтіріп талқылайды.
Матемтаика сабағында «Тарсия», «Кофе таяқшасы», «Инсерт» әдістерін қолданған өте тиімді деп ойлаймын және жиі пайдаланамын. «Инсерт» әдісінде оқушылар бұрыннан білетін білімдерін «+», жаңадан үйренгендерін «-», түсінбегендерін «?» Белгілермен белгілеп отырады. Осы әдіс арқылы оқушы нені түсінбегенін біліп сұрақ қойып.сол бойынша мұғалімнен қосымша тапсырма алады.
Мен математика пәнінен өткен ашық сабағымда мынандай әдіс тәсілдерді қолдандым.
Тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту/Қазақ халқының ұлы ағартушылары. Мектеп:44 .орта мектеп104-сабақ. Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту / Қазақ халқының ұлы
ағартушылары
Күні:12.02.2019
Мұғалімнің аты-жөні:Набиолдинова.Р
3 «А»-сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары 3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 12∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.
Күтілетін нәтижелер Барлық оқушылар:
-мына жағдайда: 123∙2үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолданады.
Бірқатар оқушылар:
-мына жағдайда: 123∙2үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритміне сәйкес түсінік береді.
Кейбір оқушылар:
-мына жағдайда: 123∙2үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмін түсіндіре алады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар:
үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін түсіндіреді.
Пәндік лексика және терминология:
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтудің жазбаша тәсілдері.
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.
Талқылау:
Үштаңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді баған түрінде жазу ыңғайлы.
Бірліктерді бірлікке көбейтіп, бірліктердің астына жазады.
Ондықтарды ондықтарға көбейтіп, ондықтардың астына жазады.
Жүздіктерді көбейтіп, жүздіктердің астына жазады.
Жазу
Үштаңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді жазбаша жазыңдар.
Тірек білім, білік, дағдылар Разрядтан атамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту, үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жіктеу, қосындыны санға көбейту.
Жоспар
Жоспарлан-ған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Қоры
0-3 мин
Ынталандыру.
Мұғалім қазақ ағартушылары туралы әңгімелейді. XIX ғасырдың екінші жартысында Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин сынды қазақ мәдениетінің айтулы ағартушылары өмір сүріп, шығармашылықпен айналысты.
Оқушылар ауызша есептеудің тәсілдерін еске түсіреді және өрнектің жұп мәндерін атап – Ш. Уәлихановтың кім болғанын білетін болады, ал тақ мәндерін атап – Ы. Алтынсариннің кім болғанын біледі. Оқулық,
портреттер
слайд-1
слайд-2
4-6 мин
Белсендіру.
Оқушылар оқулықтан №1 тапсырманы ауызша орындайды.
Өрнектің мәнін тауып, оқушылар жұп сандарды іріктейді, санның неге жұп сан екенін (екіге бөлінетін сан) түсіндіріп, Ш.Уәлихановтың кім болғанын біледі, тақ сандарды атап – Ы.Алтынсариннің қызмет түрімен танысады.
Дискриптор
123∙2 жағдайында екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін қолданады;
123∙2 жағдайында екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмімен сәйкес түсінік береді;
123∙2 жағдайында екі таңбалы санды біртаңбалы санға көбейту алгоритмін түсіндіреді. Жұп сан-2ге бөлінетін сан.
Слайд-3
Тақ сан-2ге бөлінбейтін сан.
Слайд-4
7-11 мин
Мақсат қою (проблемалық жағдаят туғызу)
«Оқулықта берілген көбейтудің жазбаша үлгісін түсіндіре аласыңдар ма?»
Оқушылар екі таңбалы санды бір таңбалы санға баған түрінде жазбаша көбейтумен, жазбаша тәсілдің бұл жазбасымен таныс екеніне көз жеткізеді
Бұл жағдайда – үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту, осымен байланысты қиындық туындайды. Оқулық
Слайд-5
12-29 мин
Жаңаны ашу.Жаңа сабақ.
Жаңаны ашу және туындаған қиындықтан шығу үшін мұғалім оқушылардан мына жағдайда есептеу тәсілін ұсына алатындығын тексереді. Оқушылар разрядтан атамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге ұқсас әрекет жасауды ұсынады, тағы бір амал қосылады – нәтижесі жүздіктің астына жазылған жүздікті бір таңбалы санға көбейту. Оқушылар алгоритммен танысады, өздерінің шешімдерін мәтінмен салыстырады.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Оқушылар оқулықтағы №2 тапсырманы орындайды, өрнекті баған түрінде жазып, есептейді.
142*2 134*2 122*4 132*3 242*2 312*3
321*2 143*2 321*2
Сөздік бағалау «Керемет!» «Талпын!», «Жарайсың!»
Топтық жұмыс
№3 тапсырманы орындайды, оның жанама есеп екеніне мән береді. Есепті екі амалмен орындалатынын анықтайды.
Шарты:
Қыз-211 / 4есе кем—ұлдардан
Ұл-?
Барлығы қанша?
Шешуі:
211*4 =844 ұл
844+211=1055 барлығы
Жауабы: 1055
Сөздік бағалау: «Жарайсыңдар!» «Керемет!»
№4а/ 48ұл
36 қыз
4 топқа бөлді
Неше топ?
Шешуі:
48+36=84
84: 4=21
Жауабы: 21
«От шашу!» бағалау
№4ә/
. Мәтін құрастыр.Осы сандарды пайдаланып
48 кг картоп
36 кг сәбіз
4кг бөліп салды
Неше қап?
«Бармақ» арқылы бағалау Дәптер, оқулық,
тақтамен
жұмыс
«тақтамен жұмыс»
«топтық жұмыс»
30-35 мин
Жаңа сабақты екінші рет бекіту «Тарсия әдісімен»
Жұптық жұмыс
№7 есеп
318+498=816 676-167=509 300-195=105
784-206=578 1000-654=346 68+525=593
Дәптермен жұмыс
«Кім тез» ойыны арқылы №8
№8 тапсырманы жеке орындайды. Геометриялық фигураның әрбір қабырғасындағы сандардың қосындысы ортасында тұрған санға тең болатындай, бос орындарға сандар Тарсия әдісі
Жұптық жұмыс.Карточкамен
Кофе таяқшасы арқылы сұрау.
35-40 мин
Үйге.
№5 тапсырма жаңа сабақты қайталауға арналған міндетті түрде орындайтын тапсырма болып табылғандықтан үйге берілді.
Кері байланыс
Сабақ ұнады ма?
Сабақ несімен ұнады?
Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?
Қандай жұмыс жасадық?
Бір тамшыдайдай болса да,білім алсаңдар «Тамшылар» әдісі арқылы бағалаңдар.
«Тамшылар» әдісі
Осы бір ғана сабақта бірнеше әдіс- тәсілді қолдандым .Топтық жұмыс.жеке жүмыс. Жұптық жұмыс және тиімді жұмыс жасау үшін компьютер. Проектор.тақтамен флип-чарттар, плакаттар, маркерлер,А-4 фоматындағы қағаздармен « тарсия», «кофе таяқшасы», « миға шабуыл», «серпілген сұрақтар»әдістерін тиімді қолдандым. «Серпілген сұрақтар» әдісін сабақты қорыту кезінде қолдандым. Мысалы:Али Нұрымның сұрағына қандай қосар ойың бар?Оны қалай дамытуға болады.Барлық сұрақтарды біріктіруге бола ма? Т. С.С.
Сонымен қатар «Тамшылар» әдісін сабақты қорытындылау кезеңінде қолданған жақсы нәтиже көрсетті.Оқушы жаңбыр тамшысы салынған суретті алып,бүгінгі сабақта бір тамшы мынандай білім алдым деп,алған білімін сабақта өзіне ұнаған тұсын айтады Солай әр-бір бала қолындағы тамшылырды қойып шығады.Сол тамшылар жиылып үлкен көл болады.
Яғни,теңіз тамшыдан құралғаны сияқты , тамшыдан білім,ғылым жинайды деген қорытындыға келеді.
Қорыта келе «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» – деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын.