“Жастығын жалын шарпыған”

« Жастығын жалын шарпыған »
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына
26 жыл толуына арналған кездесу-кеші.

Мақсаты:
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар
ерлігін үлгі ету.
Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тақырыптық көрме, интерактивті тақтада көрсетілетін слайдтар, деректі кинофильм, плакаттар, суреттер.

Өткізілетін күні: 17.02.2015 ж.

Кештің қонағы: Ауған соғыс ардагері: Крутущенко Михаил Иванович.

Кездесу барысы

1-жүргізуші. Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шырарылғанына 26 жыл толуына байланысты «Жастығын жалын шарпыған» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз. Қазақстан Республикасының Әнұраны ойналады!

2-жүргізуші. Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймын. Рақмет отырыныздар!

1-жүргізуші. Сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі. (Шакетова С.Е.)

2-жүргізуші. Ендігі сөз кезегін Әскери жетекші мырзаға беріледі. (Жакиев Г.М.)
Әскери жетекші – Құрметті оқушылар және бүгінгі біздің кешіміздің қонақтар. Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына байланысты өткізіліп жатқан «Жастығын жалын шарпыған» тақырыбындағы кешімізге қош келдініздер!
Соғыс кинодан қарағанда қызық, ал өмірде бұл мүлде керісінше. Соғыс жан алып – жан беру. Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт. Ауған елінде 1979-1989 жылдары 10 жыл бойы ұрыс қимылдары жүрді. Осы Ауған соғысына Қазақстаннан 22000 адам қатысып олардың 761 қаза тапты, 21 хабар ошарсыз жоғалды. Ауған соғысының аяқталғанына 26 жыл болса да, жүректегі соғыс жарасы әлі де сыздап ауырады. Біздің ауылымыздан осы ауған соғысына бірнеше азаматтар қатысты. Олар: Жұмағалиев Әділбек 1986-1988 жылдары жылдары Ауған республикасына интернационалдық борышын өтеді. «Ерлігі үшін» және «Совет Қарулы Күштерінің 10 жылдығы» медалімен награтталған. Ақтөбе медициналық академиясын бітіріп, қазіргі уақытта дәрігер. Сулейменов Бақтығали 1986-1988 жылдары Ауған республикасына интернационалдық борышын өтеді. «Ауған халқының алғыс медалі», «Совет Қарулы Күштерінің 10 жылдығы» медалімен награтталған.
Бүгінгі кешіміздің мақсаты Ауған соғысы жайлы тереңірек біліп-тану, мәлімет алу. Ержүрек ағаларының ерліктерін болашақ жас ұрпаққа, сіздерге үлгі ету. Осы мақсатта ауған соғысына қатысқан ардагер ағамызды қонаққа шақырдық. Енді қонақтарымызды таныстырайын. Бүгінгі кешіміздің қонағы Крутущенко Михаил Кеңес әскері 1988 жылдың 15 мамырынан 1989 жылдың 15 ақпан аралығында ауған аралығынан шығарылды. 1968 жылы туған. Күзде қараша айында әскер қатарына Ақтөбе қаласының Богословск деген ауылында екі күн болып, Ташкент облысы Термес ауылында жарты жыл сол жерде дайындық курсын өткен. Михаилмен бірге төрт жолдасы 1987 жылы Ауғанстанға Кабул деген жерге түскен, сол Кабулда БМП, МП деген жабдық машинамен Биграм деген жерге апарған.

1-жүргізуші.
Армысың, ауылымның адамдары.
Мейір гүлін шашатын маған бәрі.
Ащы терді аямай сендер үшін
Әнге қосып жүремін өзіңді әлі.

2-жүргізуші.
Сол Ауғанда талай досты жерледік,
Қарлы шыңға күн-түн демей өрледік.
Сұрапылда ерледік те шерледік
Намыс туын қолдан бірақ бермедік.

1-жүргізуші. Баяндама: «Ауған ақиқаты». Оқушы.
КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген Халықтық демократиялық үкіметті қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 жылы қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік Қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған ауғанстан халықтық-демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлініп Халық тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал Парчам тобын Б.Кармал басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауғаныстан халық-демократиялық партиясының екі тобы бірігіп асыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мухаммед Дауд үкіметі халық-демократиялық партиясына қысым жасап, 1978 жылдың сәуірінде оның бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғаныстанда АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға көшті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңістік мамандарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б бұхара халықтың наразылығын тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қақтығусылар басталды. Ауған үкіметі КСРО мен достық тату көршілес және ынтымақтастық туралы шартқа отырып Мәскеуге арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырынды 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978 жылы шілде-тамыз) оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырды. Бұл жағдайда Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп парчамшыларды билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов, Н.А.Громыко Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстан ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761 адам қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.

2-жүргізуші. Ауған елінде, қан майданның өтінде күн сайын емес сағат сайын қауіп-қатермен беттесіп жүрген шақ.

1-жүргізуші. Ән «Бейбітшілік – ән ұраны». Оқушы.

2-жүргізуші.
Өзі батыр, өзі қайсар, төзімді,
Бір полкка ерлігімен өзі үлгі.
Оралғалы Ауғаныстан елінен
Талай болды көрмегелі өзіңді.

1-жүргізуші. Келесі сөзді келген қонағымызға берейік.

2-жүргізуші. Өлең: «Қаруластар рухына» Оқушы.

1-жүргізуші.
Біздің батыр алған беттен қайтпайды,
Бір сөйлейді, сірә, екі айтпайды.
Тұрса мейлі қылша мойын тұзақта,
Тіс жармайды, қимас досын сатпайды.

2-жүргізуші. Оқушылар сапта қарумен жасайтын «Қару-кеудеге», «Қару-белдікке», «Қаруды-түзет», «Қару-арқаға», «Қару-белдікке», «Бөлімше, қаруды-қой», «Қару», «Бөлімше, қарулан», «Қаруға» тәсілдерін орындайды. Қабыл алыңыздар !

1-жүргізуші. Келесі кезекті сұрақ-жауапқа берейік. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын ардагер ағаларына қояды.

2-жүргізуші.
Сеннен табам асыл үлгі іздесем
Сен деп білем алтын бесік – ел көсем.
Өткен күннен белгі болар тарих бар.
Мекенімді бабалармен тілдесем.

1-жүргізуші. Енді кезекті биге берейік. «Кең жайлау»

2-жүргізуші.
Бізге ыстықсың көргеннен соң көзіңді
Екі етпедік әрбір айтқан сөзіңді.
Жазылмастай жара салып жүрекке
Талай боздақ бөтен елде «көз ілді»

1-жүргізуші.
Самғап жүрсек бостандық жыр әнім,
Шарықтайды кең көлемде бүл әнім –
Ән. «Атамекен» оқушылар орындауында.

2-жүргізуші. Қонақтарға арналған сыйлығымызды тапсыруға рұқсат етіңіздер. Оқушылар тапсырады.
Гүлін жарып, жайқалып үміт бағы,
Таңдарым ата бермек күліп тағы.
Бізге мәлім жылжып жыл өткен сайын,
Қырғи қабақ соғысты ұмытпағы.
Дүниені достықтың орап әні,
Көңіл сандық шаттыққа толады әні,
Өмірде шырын еміп өскен ұрпақ
Ащылықты білмейтін болады әлі.
Өтеді жаз, өтеді талай күз кеп,
Кірпішік сәнді өмірдің қалаймыз көп.
Сенемін «бомба» сөзін кейінгі ұрпақ,
Түсінбей сөздіктерден қарайды іздеп.

1-жүргізуші. Қорытынды сөз кезегін әскери жетекші мырзаға береміз.
Әскери жетекші – Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары, әріптестер және оқушылар. «Жастығын жалын шарпыған» тақырыбындағы кешіміз өз мәресіне жетті. Әскерлерде «Бұйрық-талқыланбайды, бұйрық орындалады» дегендей ауған соғысына қатысқан ардагер ағаларыңыз өздеріне берілген бұйрықты адал орындады, Ауған халқына өздерінің интернациональдық көмектерін аяған жоқ, әскери антына адал болды.
Соғыста взвод командирінің өмірі 5 минут болса, қатардағы сарбаздардың өмірі санаулы секундтар болуы мөмкін. «40 жыл қырғын болса да ажал өледі» – дегендей, «соғыс отынан» аман-есен келген ағаларыңыз міне ортамызда отыр. Сол ауған соғысында талай боздақ ауған жерінде көз жұмды, талай ана жарынан, талай ата-ана бауыр еті бауырларынан айрылды. «Ессіз оқ» ешкімді де аямайды екен. Біз енді бұл ардагер ағаларыңның ерліктеріне қалай үн қоса аламыз? Мұның үшін өзіміздің үлгілі оқуымызбен, тәртібімізбен көріне білсек, «құс екеш құста өз ұясын қорғайды» – дегендей бізде өз отанымызды қиын сәтте қорғай білуге дайын болуымыз керек. Қажет болса көршілерімізге қол ұшын беруге әзір болуымыз керек. Сөзімді қорытындылай келе айтарым, денеге түскен жара уақыттың өтуімен жазылады, бірақ жүрекке түскен «соғыс жарасы» оның жазылуы екі талай.
Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлерінің де қатары жылдан-жылға сиреп келе жатыр. Жастарды Отансүйгіштікке баулу, патриоттық тәрбие беру енді ауған соғысы ардагерлерінің еншісіне өтіп жатыр. Сіздерге ашық аспан, өмірлеріңізге тыныштық, бақыт, денсаулық, жастарға патриоттық тәрбие беруде игілікті істеріңізге жеміс, табыс тілеймін. Рахмет!
2-жүргізуші. Осымен «Жастығын жалын шарпыған» тақырыбындағы кешімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!

1 – жүргізуші:
«Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.

ІҮ. «Ардагермен сұхбат»
– Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?
– Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?
– «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?
1 – жүргізуші:
Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. Біздің білетініміз 15 ақпан 1989 жылы 40- армияның Ауған жерінен генерал Боир Громовтың шығуы еді. Шын мәнінде оқиға басқаша болған. Соғыс бітсе де шекаралар мен негізгі құрамалар қалдырылған. Соңғы шығушы қазақстандық офицер Виктор Харичев басқарған шекарашылар. Олар ешқандай сән – салтанатсыз. Құшаққа алған гүлдерсіз Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Өкінішке орай бұны әркім біле бермейді.

Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 24 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз.

Крутущенко Михаил Кеңес әскері 1988 жылдың 15 мамырынан 1989 жылдың 15 ақпан аралығында ауған аралығынан шығарылды. 1968 жылы туған. Күзде қараша айында әскер қатарына Ақтөбе қаласының Богословск деген ауылында екі күн болып, Ташкент облысы Термес ауылында жарты жыл сол жерде дайындық курсынөткен. Михаилмен бірге төрт жолдасы 1987 жылы Ауғанстанға Кабул деген жерге түскен, сол Кабулда БМП, МП деген жабдық машинамен Биграм деген жерге апарған.

Жұмағалиев Әділбек 1986-1988 жылдары жылдары Ауған республикасына интернационалдық борышын өтеді. «Ерлігі үшін», «Совет Қарулы Күштерінің 10 жылдығы» медалімен награтталған.
Ақтөбе медициналық академиясын бітірді – дәрігер.

Сулейменов Бақтығали 1986-1989 жылдары Ауған республикасына интернационалдық борышын өтеді. «Ауған халқының алғыс медалі», «Совет Қарулы Күштерінің 10 жылдығы» медалімен награтталған.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *