Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы
Пәні: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
«Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыруы»
Күні: 13.03.2020ж Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Жанаева А.К.
Сынып: 10
Сабақ тақырыбы Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 10.3.1.2 – Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;
10.3.4.6 – Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлін анықтау;
10.3.4.7 – мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттей отырып Қазақстан Республикасының даму бағдарларын болжау
Сабақ мақсаттары Тәуелсіз Қазақстанның маңызды оқиғаларын білу, Тәуелсіздік алудың маңызын түсіну, Тәуелсіздік тарихындағы тұлғаларды білу, 1991 жылдан бергі Қазақстанның прогресін бағалау, Қазақстан Республикасының даму бағдарларына болжам жасау
Бағалау критерийлері – Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерінің хронологиясын біледі;
– Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамаларына мысал келтіреді;
Тәуелсіздік алудың маңызына баға береді;
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология:
Тілдік құзыреттіліктерді дамыту:
Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.
Жазылым: кесте толтыру кезінде жазба жұмысты орындау.
Айтылым: барлық сыныппен ұжымдық талқылау, сонымен қатар топта жұмыс жасау кезінде.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Тәуелсіздік тарихындағы маңызды оқиғалар деп….
Мен үшін тәуелсіздіктің маңызы….
Н.Назарбаевтың бастамаларына маналарды жатқызамын, мысалы….
Құндылықтарды дарыту
Патриотизм, ұлттық сана-сезім, өз-елі үшін мақтаныш, тәуелсіздік.
Пәнаралық байланыстар
Термин сөздермен, ұғымдармен жұмыс жасауда дүние жүзі тарихы, өзін-өзі тану, құқық негіздері пәндерімен байланыс болады
АКТ қолдану дағдылары
Сабақта интерактивті тақтадан слайдтар, бейнеролик көрсетіледі.
Бастапқы білім
География, тарих, құқық, өзін-өзі тану пәндерін меңгеру кезіндегі білімдер мен дағдылар
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
0-5 мин
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Жағымды ахауал туғызу.
Оқушылар шеңберде тұрып, қарама-қарсы тұрған көршісімен қолымен, табанымен және иықтарымен түйістіру арқылы сәлемдеседі
Топқа бөлу – суреттер арқылы
І топ – Бәйтерек тобы
ІІ топ – Ақ Орда тобы
ІІІ топ – Ханшатыр тобы
ІҮ топ – Мәңгілік ел тобы
БЫМ Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі. Оқушылар суреттерге қарай отырып, жаңа сабақтың тақырыбын болжайды.
М. Мұғалім сабақ тақырыбы, мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстырады
Слайд 1
Слайд 2
Слайд 3
Сабақтың ортасы
6-20
21- 30 мин
31-35 мин
36-38 мин
Интерактивті тақтадан «Қазақстанның тәуелсіздік шежіресі» бейне-фильм көрсетіледі. Оқушылар дәптерлеріне маңызды оқиғаларды, терминдерді жазып отырады.
Топтық жұмыс: Мұғалім оқушыларға мәтін тағы басқа қажетті ресурстарды таратып береді. Топтар өздеріне берілген тақырыптар бойынша мәтінге және өз білімдеріне сүйене отырып презентациялар дайындайды, ортаға шығып қорғайды.
«Бәйтерек»тобы – КСРО -ның ыдырауы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
«Ақ орда» тобы –Қазақстанда егемендігін жариялауы, бүкілхалықтық сайлау
«Ханшатыр» тобы- ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев
«Мәңгілік ел» тобы- 2019 ж 19 наурыздағы кезектен тыс Президент
сайлауы.
Дескриптор:
– Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерінің баяндайды;
– Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамаларына мысал келтіреді;
Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Топтар бір-бірінің жұмыстарына 2 жақсы жағын және 1 ұсыныстарын айтып баға береді.
Жт.ж. «Пирамида» әдісі.
Әр топқа пирамидалар таратылады, пирамиданың әр қырында сұрақтар жазылған. Берілген сұрақтарға жұптасып талқылап, жауап береді.
Желтоқсан оқиғасы не себепті халықтың есінде қалды?
«Қайта құру» реформасының мәні не болды?
1991 жылы қандай маңызды оқиғалар орын алды?
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құрудағы рөліне қандай баға бересің?
Бағалау: «Жұлдызшалар» арқылы
Ж.ж. «Хронологиялық кесте» қалыптастырушы бағалау парағы
Жылы Оқиға
1991 жыл 1 желтоқсан
Семей ядролық палигонының жабылуы
Қазақ КСР-ның Қазақстан Республикасы болып аталуы
1991 жылы 21 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің бекітілуі
1997 жыл шілде
1993 жылы
Бағалау. «Өзін-өзі бағалау» әдісі. Мұғалім дұрыс жауаптарын береді. Оқушылар өзін-өзі бағалап, қате кеткен жерлері болса дұрыстайды.
Мұғалім оқушыларды Н.Назарбаевтың кітаптарымен таныстырады. Слайдтардан көрсете отырып елбасының Қазақстанның Тәуелсіздік тарихындағы еңбектері мен бастамалары туралы әңгімелейді.
М. Сабақты қорытындылау
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z910004400_
Слайд 4
Формат А3, фломастерлер стикерлер
Слайд 5
Слайд 6-7
Таратпа қағаздар
Слайд 8-9
Сабақтың соңы
39-40 мин Рефлексия:
«Табыс баспалдағы». Стикерге оқушы өз атын жазып, тиісті жерге жабыстырады, сөйтіп оқудағы өз деңгейіне баға береді
Үйге тапсырма: Тәуелсіздік кезеңінде өз қалаңның дамуы туралы таныстырылым жасаңдар.
Слайд 10-11
Стикерлер
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
1:
2: