Ашық сабақ “Ертегідегі ертекші, әжемізде қонақта”

Ақтөбе облысы.
49 “Думан”бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Узакбаева Сапаргуль Буркитбаевна.Ашық сабақ.
Тақырыбы.«Ертегідегі ертекші,әжемізде қонақта»
(Ұйымдастырылған оқу-қызметі)
Кіріктірілген сабақ.(ҚМҰҚ, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру, шығармашылық).
Мақсаты: Балалалардың өткен тақырып бойынша
білімдерін тиянақтау(.Дидактикалық ойындар арқылы.) Балалардың көркем шығармалар арқылы тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін және оқу жылы бойы алған білімдерін көрсету.(сұрақ жауап арқылы, сандарды жатқа білуі ).
Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту,және үлкендерді сыйлап, көмектесуге тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу-қызмет барысы:
Бүгін бізде балалар ерекше оқу-қызметі ұймдастырылады. Бүгін оқу жылы бойында үйренген, меңгерген білімдерімізді ортаға салу үшін ертегілер еліндегі ертекші әжейге саяхаттап қайтайық. Олай болса ертекші әжейге немен барамыз.
Тәрбиеші. Балалар мына сиқырлы қораптың ішін ашып көрейік ,ішінде бірдене бар сияқты. Мүмкін сиқырлы кілемше болар, ұшақ болар.(қораптың ішінде түрлі түсті қағаздар болады)Балалар мына қағаздарды құрастырып көрейік, не шығады екен.Балалар құрастырады,автобус суреті шығады.
Тәрбиеші . сонымен автобуспен барамыз.
Балалар: автобуспен барайық!.
-Жарайды, ендеше ана тұрған автобусқа барып жайғасайық, автобусқа билеттерің менде мен алып келгенмі.(балаларға билеттер таратып беред) Балалар билетті алғанда мұқият қараңдар әр түрлі сандар мен пішіндер орналасқан сондықтан да өз орнымызды тауып отырайық
Дид ойын. Өз орныңды тап.
( билеттерде әр түрлі сандар, пішіндер белгіленген болады).
-Жолымыз сәтті болсын!
Тәрбиеші : балалар автобуста немесе көліктерде отырғанда терезені ашуға болмайды,терезеден қол, басын шығаруға болмайды. Автобус тоқтамас бұрын отырған орнынан тұруға да болмайды
Үлкен адамдарға орын беруі керек..
(Автобус бір сәтте тоқтай қалады. Не болды?, неге тоқтадық?)
Тәрбиеші: балалар автобус бағдаршамға тоқтады.
– Орыс тілінде қалай атаймыз? (Светафор)
– Бағдаршамда неше көзі бар? (Үш шамы бар)
– Қызыл көзі жанғанда не істейміз? (Тоқтаймыз)
– Сары көзі жанғанда не істейміз? (Дайындаламыз)
– Жасыл көзі жанғанда не істейміз? (Жүреміз.
Тәрбиеші: балалар, біз әжейге келіпте қалдық, автобустан түсейік.
Тыныс алу жаттығуы
Балалар ауыл қандай әдемі, табиғат қандай тамаша , құстардың дыбысы, гүлдердің иістері, әжеміздің ауласындағы гүлдер қандай әдемі.
( әже үйшікте отырады.)
Тәрбиеші: сәлеметсізбе әжей
Әже: қош келдіңдер балалар!
Балалар: сәлеметсіз бе әже!
Тәрбиеші: әжей балалар сіздің ертегілерңізді тыңдауға келді.
Ертекші әже: Бүгін сендер мезгілсіз уақытта келіпсіңдер, таң атқалы көңіл күйім болмай отқаны.
Менің аулама , жабайы аңдар кіріп кетіпті соларды маған ажыратып беріңдер.»(дид ойын үй жануарлары мен , жабайы аңдарды ажырату.)
Тәрбиеші: әжей сіз уайымдамаңыз қазір ақ балаларыңыз жабайы аңдарды өздерінің ормандарына жайғастырып береді. біздің балалар барлығын біледі, балалар біздер әжейдің тапсырмаларын орындай аламыз ғой иә?
Балалар: иә, орындаймыз.
Әжей: Балалар үй жануарлары қайда тұрады?.
Балалар: Қорада.
Әжей: Жабайы аңдары қайда жүреді?.
Балалар: Орманда.
Әжей: Жарайсыңдар балаларым рахмет сендерге.
Тәрбиеші. Әжей көрдіңіз бе балалар сіздің тапсырманы орындап болған сияқты.
Әжей: менің тағы бір тапсырмам бар.Мына менің сандығымда көптеген ертегілер бар соны маған қандай ертегі екенін тауып беріңдер
(дид ойын ертегінің атын тауып бер.)
(бауырсақ, үйшік. Шалқан) ертегілері
Тәрбиеші. Балалар мен әжейге көмектесейін, ертегі кейіпкерлерін көрсетіп тұрамын, ал сендер атын атап қандай ертегі екенін айтып бересіңдер…
Әжей. Жарайсыңдар балалар сендер шынымен де тапқыр екенсіңдер..
Тәрбиеші: балалар сендер әжейдің тапсырмасын орындадыңдар енді мұқият отырып әжейдің ертегсін тамашалайық

(көлеңке театр арқылы ,алма ертегісін сомдау

Ертекші әже: Балалар олай болса қазір мен сендерге, Жабайы алма ертегісін айтып берем
Бір күні қоян орманда келе жатса ағаштың төбесінде жалғыз тұрған алманы көреді, содан алманы алғысы келіп ұмытылып секіреді бірақ алманы алалмайды.Оны көріп тұрған қарға, қоянжан сен неге секіріп тұрсын не болды саған?,- дейді.
Қоян: Ана тұрған алманы алалмай тұрғаным маған көмектесесінбе,- дейді.
Қарға: Жарайды, екеуміз бір орманда өмір сүреміз саған көмектеспегенде кімге көмектеседі дейсін, қазір мен саған алманы алып берем деп ағаштың басына барып алманы тұмсығымен итеріп жібереді. Сол кезде алма жердегі ұйқтап жатқан кірпінің үстіне түсіп кетеді.
Кірпі қаша жөнеледі. Қоян қорқып кетеді, алмаға жан біткенбе қаша жөнелгені несі деп. Кірпінің артыннан қоян мен қарға қуып жетіп.
Қоян айтады бер ол алма менікі дейді.
Кірпі: Жоқ алма өзі келді маған , енді алма менікі болады деп қоян мен кірпі орманды басына көтеріп айқайлап шулап жатқанда,
Аю келеді:
-бұл не айхай-шу, орманды бастарыңа көтеріп не бөлісе алмай жатсындар,- дейді.
Қоян айтады:
– Аю осы орманда ақылдысы сенсің ғой, бізге алма кімдікі екенін айтып берші,- дейді.
Қоян: Менің алмамды кірпі алып қашып бара жатыр ол алма менікі дейді.
Қарға айтады:. ол алма менікі бірінші болып ағаштан мен ұзіп алдым дейді
Қоян айтады:. Жоқ! менікі бірінші алманы мен көрдім,- дейді.
Аю айтады ендеше алма үшеуіңе де тиісті, бұл алманы алу үшін үшеуіңде еңбектеніпсіңдер дейді. Қоян айтады қалай үшеумізге тиісті өзі бір алма емеспе дейді. Сол кезде кірпі алманы алып төртке бөліп береді.
Көрдіңдерме балалар достарды ренжітуге болмайды.
«Береке басы бірлікте» деген осыдан қалған екен.
Әжей. Балалар. ертегі сендерге ұнадыма?.
Тәрбиеші:.Балалар, көрдіңдерме достар бір біріне барлық уақытта көмектесіп жүреді екен
Сергіту сәтті.
Ал балалар тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Ормандағы аңдардың
Жүрістерін салайық.
Әжей. Балалар мына менің столымның үстінде бірнеше алмалар тұр ,сол алмаларды рет ретімен санап, оңға, солға ажыратып беріңдер.
(Дид ойын алманы ретімен орналастыр.(
Тәрбиеші әжей біздің балалар санамақта біледі,беске дейін санамақ айту.(бір дегенім білім,
Екі дегенім есік.
Үш дегенім үйшік.
Төрт дегенім төсек.
Бес дегенім бесік..
Тәрбиеші: Әжей енді біздің балабақшаға қайтатын уақтымыз болды.
Балалар әжеймен қоштасайық.
Әжей: жарайды, балаларым мені ұмытып кетпей тағыда келіңдер, мен сендерге бауырсақ пісіріп қойғанмын,жолда жейсіңдер. Сау болыңдар балаларым!.
Тәрбиеші: .Балалар, қане өз орнымызға орналасып алайық.
Балалар, бүгінгі оқу іс әрекетіміз сендерге ұнадыма?. Біз қайда бардық қонаққа?
Балалар: ертекші әжейге.
Тәрбиеші: Әжей бізге қандай ертегі айтып берді?
Балалар: Алма.ертегісін айтып берді.
Тәрбиеші: немен бардық ?
Балалар: Автобуспен
Тәрбиеші: Балалар, барлықтарың бүгінгі оқу іс әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.Ал міне, балабақшамызға да келдік,енді жайлап құлап қалмай түсіп сапқа тұрып тобымызға барайық.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *