Эстафеталық жарыс «Мен спортты сүйемін!»
Нұрсұлтан қаласы ЖШС «Ақ босаға-kz» «Алпамыс батыр»
балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы
Құрамыс Махаббат Төлеуқызы
Эстафеталық жарыс
«Мен спортты сүйемін!»
Жүргізуші: Құрметті балдырғандар, спортшылар! Сіздерді «Мен спортты сүйемін!» атты эстафеталық жарысқа қатысуға шақырамыз! Сіздерге зор ден – саулық «жарыста» сәттілік тілейміз. Ортаға жарысқа түсетін үш топты шақырамыз:
№1топ -«Тұлпар» командасы
№2топ -«Жеңіс» командасы
№3топ -«Қыран» командасы
Командалар сәлемдесуі.
«Тұлпар»командасынан жалынды сәлем.
«Жеңіс»командасынан жалынды сәлем!
«Қыран»командасынан жалынды сәлем!
Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға, Жас спортшылар жеке – жеке команда.
Ал, балалар өздеріңді танытыңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанда!
Тақпақ: Дене шынықтыру керек бәрімізге!
Дариға: Жаттығу ырғағы қосылады әніме
Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,
Ауру сырқауды жолатпайды тәнімізге!
Ал, қанекей бір – бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
«Жеңіске»жетеміз деп
Жалынды ұран тастаймыз.
Жүргізуші: «Алақай»деген ұранды ортаға біз тастаймыз.
Жарысымызды денені қыздырудан бастаймыз.
Эстафета 5этаптан тұрады:
1 – этап «Кім жылдам?»
Шарты: Доппен секіріп, жылдам келу.
2 – этап: «Жалауды тез жеткізу»
Шарты: Кеглиді айналып жүріп, жалаушаны 2 – балаға жеткізу
3 – этап: «Жүйрік ат»
Шарты: Шарды екі аяғына қысып секіру
4этап: «Шебер»
Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу.
5 – этап: «Жаңа орын»
Шарты: бірінші бала айналып жүгіреді, екінші баланың қолынан ұстап, орындыққа отырғызады.
Жүргізуші: Бүгін міне, оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз!