Бақ-бақ гүлі
Білім беру салалары: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: «Бақ-бақ гүлі» (киндердің қорабымен мақта таяқшалардан)
Мақсаты: Киндердің қорабын қосымша бөлшектермен толықтыру арқылы гүл жасау .
Міндеттері:
- Киндердің қорабын қосымша бөлшектермен толықтыру арқылы гүл жасауға үйрету.
- Саусақ қимыл – қозғалыстарын, көз мөлшерін дамыту.
- Тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу
Қостілділік компонент (сөздік жұмыс): бақ-бақ –одуванчик, сары-желтый, мақта таяқша- ватные палочки, көгал-лужайка, ақ -белый ,
Құрал-жабдықтар: кішкене смайликтер, әрбір балаға киндер қораптары, мақта таяқшалары және «Сиқырлы сандық».
Қызметтің кезеңдері | Тәрбиеші әрекеттері | Балалардың әрекеттері |
Мотивциялық – түрткі болатын | «Сиқырлы сандық » үстел үстінде.
– Балалар біздің топта сандық тұр ғой. – Кәне, сандық ішінде не бар екенін білгілерің келеді ма? Ол үшін сиқырлы сөздерді айту керек. Сөйтіп сандық ашылады.( балаларға жұмысқа арналған тастанды заттар шығады) Балалар мына тастанды заттарды қараңдар. – Мен сендерді сиқырлы көгалға шапшаң жеткізейін. ( бір –бірімізді мықтап қолдан ұстаймыз , көзді қаттырақ жұмамыз) |
Балалардың қызығушылықтары артады.
-Иә білгіміз келеді. « Сандық ,сандық ашылшы, Ішінен шашу шашылшы!»
Балалар қуанып қалады.
Балалар мұқият қарайды.
(балалар екі шеңбер айналып тоқтайды, көздерін ашады) |
Ұйымдық – іздену
|
1. Тақырыпты хабарлау:
( үлгімен жұмыс) -Тамаша балалар, міне сендермен сиқырлы көгалдамыз. – Айнала қандай тамаша, көптеген гүлдер. – Мына гүл бақ-бақ деп аталады.
– Ол сендерге ұнады ма? – Ол неден жасалған?
– Онда біз бүгін бақ-бақ гүлін өз қолымызбен жасап көрейік. – Тамаша! Онда, маған назар аударып мұқият қараңдар. |
Балалар риза болып қалады.
Бірге қайталап «бақ-бақ»-дейді. (2-3 рет хормен және жекелей қайталайды) – Иә ұнады. – Ол киндер қорабы мен мақта таяқшасынан жасалған. Балалар келіседі. |
2. Көрсету, түсіндіру: ( үлгі жасау)
Берілген киндер қорабындағы дайын тесіктерге мақта таяқшаның бір ұшын тыға бекіту. – Балалар мынау не? – Қорап қандай? – Мынау не? – Мақта таяқшаны қалай орналастырдым? – Міне, бақ-бақ гүл дайын болды. |
Мұқият қарайды зейін қойып тыңдайды көзбен көреді.
-Кидер қорабы. -Қорап сары, ұсақ тесіктері бар. -Ол мақта таяқша. -Таяқшаны қораптың тесіктеріне тығу. Балалар қызығушылық білдіреді. |
|
3.Сергіп дем аламыз.
Орнымыздан тұрайық, Мойнымызды бұрайық, Бір отырып, бір тұрып , Жаттығуды жасайық |
Бірге қайталайды. |
|
4. Балалардың жұмысы:
( қиынсынған балаларға көмектесемін) |
Балалар көргенін жасауға тырысады. | |
5. Қайтала, есте сақта: | бақ-бақ –одуванчик; сары-желтый мақта таяқ- ватные палочки ,көгал-лужайка, ақ -белый . | |
6. Сабақты талдау:
– Сиқырлы сандықтан қандай заттар шықты? – Қандай гүл жасадық? – Біз бақ- бақ гүлді неден жасадық?
– Рахмет, балалар бүгін тамаша жұмыс жасадыңдар! Жарайсыңдар! |
– Киндер қораптары, мақта таяқшалар. – Бақ –бақ гүл. – Бақ-бақ гүлін киндер қорабынан жасадық. Балалар риза болып қуанып қалады. |
|
Рефлекстік – түзету
|
-«Сиқырлы сандықтан» сыйлық сұрайық?
Ол үшін тағы да сиқырлы сөздерімізді айтайық. Сандықтан әр балаға смайликтер шығады оны әр балаға таратып беремін. Балаларды мақтап мадақтап қоямын. |
« Сандық ,сандық ашылшы, Ішінен шашу шашылшы!» -деп айтады. Сөйтіп қуанып, жақсы көңіл күйде болады. |
Күтілетін нәтиже :
Түсінуге тиіс:
- Киндердің қорабын қосымша бөлшектермен толықтыру арқылы гүл жасау
Білу :
- Дайын тесікке бекіте білу
- көзбен көргенін қолмен жасай білу
Істей білу керек:
- өз бетімен жұмыс жасау