«Бастауыш сыныптарда сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі»
Мектеп:Түркістан обл,Сарыағаш ауданы,Сарыағаш қаласы №6 Ж. Аймауытов атындағы жалпы орта мектеп
Мұғалімнің аты-жөні:Толенбаева С.Н
Жоспар:
- І. Кіріспе
- Сыни ойлау технологиясының ерекшелігі
- ІІ. Негізгі бөлім
- А) Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әдіс- тәсілдері
- Б) Бастауыш сыныптарда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі
- ІІІ. Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Қосымша мәліметтерКіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде өмір сүру күрделенді, біздің елімізде демократиялық құрылымдар пайда бола бастады. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, мектепте қалыптастырған білімдерін алдағы өмірлерінде де қолдана алуға ықпал ету. Өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуды үйрететін жаңа технологиялардың бірі – «Сыни тұрғыдан ойлау»
Қызығушылығын ояту –
- Алдыңғы біліммен кейінгі білімді ұштастырады.
- Білімдерінің ішіндегі өзіне қажеттісін анықтау.
- Оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
- Оқушының белсенділігін ояту; Мағынаны тану-
- жаңа ақпаратпен танысу;
- ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе — эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады Ой толғаныс
- оқылған материалды талдау және қорытындылау.
- кестелер толтырады.түйін сөздерге қайта оралу.дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу.рефлексивті сұрақтарпікір алмасу.шығармашылық жұмыстар
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс- тәсілдері.
- Қызығушылығын ояту
Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диаграммасы, Т кестесі, Миға шабуыл, Топтастыру, Кубизм, Жуан-жіңішке сұрақтар, Дананың кіліттері, «Ирек» әдісі
- Мағынаны тану кезеңі Пікір – талас, RAFT, ДЖИКСО, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Талдау картасы, Дананың кіліттері, Бұрыштар әдісі, Идеялар банкі
- Ой толғаныс кезеңі
Эссе, Құндылық сызығы, Sinkuein немесе бес жолды өлең, Түйін сөз, Семантикалық карта, Еркін жазу, Дананың кіліттері.
Дананың кіліттері. Тони Райан жасаған тәсіл – ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген жиырма шақты іс-әрекеттер кешені.
Мақсаты: көмекші сұрақтар, тапсырмалар арқылы оқушының талдау жасау, сын тұрғысынан және креативті ойлау қабілетін ашу.
Кіліт түрлері: “Керісінше” кілті – сөйлемде “істей алмаймын”, “ешқашан” және “істемеймін”сөздерін пайдаланыңыз.
“Егер де” кілті – “егер де” деген деген сұрақты қойыңыз және оларды графикалық органайзерге жазып отырыңыз.
“Әліпби” кілті – берілген тапсырмаға қатысы бар сөздердің тізімін А – дан Я – ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.
“Кемшіліктер” кілті – нақты бір пән немесе практикалық сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.
“Жаңа дизайн” кілті – күнделікті заттарға жаңа дизайн беру.
“Жөнсіздік” кілті – виртуалды орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз, содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз.
“Қиыстыру” кілті – үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіріңіз.
“Тағы қалай” кілті – күнделікті қолданатын заттарды әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.
“Конструктор” кілті – шектеулі құрылыс материалдарын креативтілікпен пайдалануды талап ететін мәселелерді шешу жөніндегі тапсырма.
Бұрыштар әдісі (оқушылардың белгілі бір позициялы бұрыштарға тұрады. Бір топтан шыққан дәлелді ойды-келесі топтың оқушылары жалғастырып отырады. Оқушылар келесі бұрыштарға ауысып отырады. Қозғалғыш сыныптың ортасында отырады, кезкелген топтың пікірталасына араласа алады)
- Идеялар банкі. Бұл әдіс ой майданы деп аталады. Топтық алдына бір міндет қойылады, осы міндетті шешу үшін топ мүмкіндігінше жаңа, тың ұсыныстар айту керек. Барлық ұсыныстарды топ жинап алып, оларға баға береді. Бұл әдіс арқылы проблемалық жағдаят жасалып, оны шешу туралы ұсыныстар айтылып, ол ұсыныстар тексеріліп, бағаланады және ең жақсы ұсыныстар таңдалып алынады.
«Ирек» әдісі- Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Мұғалім алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат – әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында.
Нәтижесінде
Пайыммен, болжаммен, терең ойлауды көздейтін жеке тұлға қалыптасады, дамыта оқытыладыПсихологиялық ізгілік, білім ортасында жағымды ахуал туындайды.
Ұтымды әдістер қолданылады, мұғалім мен оқушының тапсырманы сыни ойланып орындауына мүмкіндік береді
Сапалы білім береді, шығармашылыққа баулиды
Қорыта келгенде, осы технологиямен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Дайын білімге қарағанда, өзінің қалыптастырған білімдерімен шыңға шықпақ. Ал, оқушы белсенділігінің арттуы оны шығармашылыққа жетелейді. Бүгінгі таңда білім берудің озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты болу мүмкін емес. Сондықтан да оқу мен тәрбие үрдісінде тұлға дамуына әсер етіп қана қоймай қоғамның белсенді азаматын тәрбиелеуге елеулі үлес қосуға мүмкіншілік жасау – біздің, мұғалімдердің міндеті.
Бүгінгі педагогиканың жаңалықтарын өзінің де оқушының да шығармашылық қабілетін дамытуға тиімді пайдаланғанда әрбір ұстаздың жемісі бітік шықпақ.
Барлығы кесте түрінде және суреттер түрінде болған. Өкінішке орай мұнда жүктелмейді екен.