Ертегілер әлемі
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Тәрбиеші: А.Абайқызы
Білім беру саласы: Коммуникация, Әлеумет
Бөлімі: Көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Ертегілер әлемі»
Мақсаты: Балаларға шын көңілден шаттық көңіл күй сыйлау.Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің іс – әрекетін сезіну және одан әсер алу, қызығушылық әрекетін қабілеттерін ояту.Ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке,мейірімділікке және адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Жасанды ағаштар, текше, құм, Мыстан кемпір, Алтын балық,тапсырмалар,кітап.
Билингвальды компонент: Ертегі – сказка-fairy tale, қыс-зима- winter
Оқу қызметінің кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбер:
Сәлеметсіздерме-здравствуите-(хелеу чилдрен) хелеу тиче.
Достарымның барлығын Сыйлап, жақсы көремін Алақаным арқылы Жылуымды беремін.
Балалар қәзір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі үш тілде айтайықшы? Енді осы қыз мезгілдерінің ерекшеліктерін осындай шеңбер арқылы көрсетіңіздерші.
Балалар мен сіздерге ерекше кітап алып келдім. Қалай ойлайсыздар бұл қандай кітап, не туралы кітап? Балалар сіздер ертегіні жақсы көресіздер ме? Балалар ашып көргілеріңіз келе ме? Балалар мұқият қарайықша, не болды ертегі кітабымызға? Бұл жерде ертегіміздің кейіпкерлері ауысып кетіпті, не болды екен балалар? (кітаптан хат түседі) Хат Мыстан кемпірден екен балалар, не деді екен? Мыстан кемпір. – Мен бұл кітапты сиқырлап тастадым, енді сіздер кітапты оқи алмайсыздар, себебі кейіпкерлердің орнын ауыстырып тастадым, ертегілерді балалар түсінбейтін болады. Балалар енді не істедік? Бұл кітапты орнына келтіруіміз керек, себебі бізден кішкентай бүлдіршіндер ештеңе түсінбейтін болады. Ендеше балалар ертегілер еліне барайық, бірақ балалар біз дұрыстап дайындалуымыз керек, біз көптеген өткелдерден өтуіміз керек. Жаттығулар арқылы саяхатқа шығу. |
Амандасу рәсімі:
«Алтын ұя» атты бақшаның, Тәрбиелі баласымыз. Алдыменен қонақпен, Амандасып аламыз. Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good morning!
-Қыс -Қыс-зима- winter
-ертегілер туралы кітап -иә -иә Балалар таңырқай қарайды.
Ертегілер еліне барып Жалмауыз кемпірді тауып алайық. |
Ұйымдастырушылық-ізденушілік | Тыныштық сәті: Ертегілер елі өте ғажап, айнала толы әдемі түрлі – түсті гүлдерге, жап жасыл ағаштарға толы керемет.
Балалар айналамызға қарайықшы ертегілер әлемі әдемі ме? Ертегілер әлемінің ауасы қандай таза? Ауамен аздап демалайықшы . Таза ауада демалған қандай жақсы ( мұрынмен демалу жаттығуларын жасату)
-Балалар тыңдайықшы бір дыбыс шығатын секілді, бұл ненің дыбысы? Алтын балық -Көмектесіңіздерші, көмектесіңіздерші. Тәрбиеші: Балалар бұл алтын балыққо.Саған не болды алтын балық? Алтын балық -Сәлеметсіздер ме балалар? Менің суым тартылып қалып, енді сусыз өмір сүре алар емеспін.Маған көрші суларға жетуге көмектесіңіздер ші. Тәрбиеші -Әрине алтын балық.Біз балалар көмектесеміз иә? (Алтын балықты суға жіберуге алып барамыз)
Ақылды өзен -Тоқтаңыздар балалар мен Ақылды өзен боламын.Алтын балықты мен қабылдасын десеңіздер, бірінші менің тапсырмамды орындаңыздар.
Тәрбиеші -Әрине ақылды өзен орындаймыз. Тапсырма 1. «Артық ертегі кейіпкерін тап» Мақсаты:балаларға ертегі туралы түсінік беру және оларды ажырата білуге үйрету. Барысы: ертегілердің ішінен төртінші ертегіні тауып артығын айту.
Алтын балықты өзенге жіберу. Алтын балық -Балалар сіздерге көп рахмет, енде менде сіздерге алғыс ретінде бір тілектеріңді орындайын. Тәрбиеші -Ендеше балалар алтын балықтан жол сұрайық? Алтын балық -Балалар алдарыңыздан құм қалашығы шығады, ол жерде «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерін құм басып қалған.Құмның ішінен кейіпкерлерді тапсаңыздар.Сіздер сиқырлы ағашпен тілдесездер.Әрі қарай жолды табуға көмектеседі. Тәрбиеші -рахмет Алтын балық сау бол.
Құм қалашығы
Сиқырлы ағаш -Сәлеметсіздер ме балалар? Мен Сиқырлы ағаш боламын.Жарайсыздар сіздер ертегі кейіпкерлерін құмнан құтқардыңыздар.Менің білуімше сіздер Мыстан кемпірді іздеп жүрсіздер.Мен сіздер ге көмектесейін.Ол үшін менің бір шартым бар. Бұл жер көңілсіз айнала құмға толы, менің көңілмді көтерсеңіздер мен жол көрсетер едім.
Тәрбиеші -Жарайды, ендеше балалар біз «Ертегілер» атты сергіту сәтімізді орындайық
Сергіту сәті. «Ертегілер» әніне би билеу.
Сиқырлы ағаш -Рахмет балалар менің көңіл күйім көтерілді. Менің жапырақтарымның астында гүл бар соның ішінде сиқырлы жіп бар, соны алыңыздар.Оны жіберсеңіздер сіздерді Мыстан кемпірдің үйне апарады.
Тәрбиеші Рахмет Сиқырлы ағаш, сау бол. (Жіп домалап Мыстан кемпір үйінің алдына барады) Тәрбиеші -Балалар қараңыздаршы біз Мыстан кемпірді тапқан секілдіміз.Қәне үйінің есігін қағып көрейік. Мыстан кемпір -Бұл не шу? кім бұл мазамды алған? Тәрбиеші -Сәлеметсіз бе әже, біз балалармыз сізге алыстан келіп тұрмыз.Біздің ертегі кітабымызды сиқырлап тастапсыз.Бізге өзіміздің ертегі кітабымызды қайтаруыңызды сұрап келдік. Мыстан кемпір. -ха ха ха, жоқ жоқ мен сіздерге оңайлықпен кітаптарыңыздың сыйқырын қайтармаймын.Алдымен мен сіздерді сынаққа алғым келеді. Мен сіздерге ертегілерден үзінді тыңдатамын, ал сіздер оның қай ертегіден екенін табуларыңыз керек. (Аудиожазба арқылы балаларға ертегілерден үзінді қосу) Мыстан кемпір -Жарайсыңдар балалар ақылдарың көп екен.Қәне ендеше кітаптарыңның сыйқырын қайтарайын. (Кітаптың сыйқырын қайтарады) -Балалар міне сіздердің кітаптарыңыз және сіздерге арнап тағы бір кітап бермекшімін.Сіздер болашақта мектепке барасыздар, сондықтан әріптерді үйренуге бұл кітаптың көмегі зор.Бұл жәй кітап емес сіздерге арнап бір сыйқырымды көрсетейін. (Сыйқырын көрсетеді) Тәрбиеші -рахмет сізге әже.Ендеше балалар кітабымызды алып тобымызға бөбекжайымызға қайтайық. |
Балалар айналасына таңырқай қарайды.
Тыныс алу жаттығуын орындайды.
Назарларын алтын балыққа аударады.
-көмектесеміз.
Тапсырмаларды орындайды
Иә
Ертегі кейіпкерлерін құмның арасынан тауып ретімен орналастыру қажет.
Сергіту сәтін орындайды.
Сиқырлы ағашпен қоштасады
Мансұр Мыстан кемпір үйінің есігін қағады.
Балалар Мыстан кемпірге таңырқай қарайды.
Мыстан кемпірдің тапсырмасын орындайды.
Балалар таңырқай қарап, қуанады. Мыстан кемпірмен қоштасып, топқа қайтады.
|
Рефлексиялық-түзетушілік | -Балалар сіздерге ертегілер әлемі ұнады ма?
-Біз кімге көмектестік? -Қандай ертегі кейіпкерлерімен жолықтыңыздар? -Балалар жарайсыздар.Сіздерге ризашылығым ретінде осындай алқа ұсынғым келеді. Рахмет сіздерге оқу қызметіне жақсы қатыстыңыздар. |
-Иә
-Алтын балық, Қызыл телпек, ертегі кейіпкерлерін құмнан құтқардық. Балалар қуанып қалады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: ертегі кейіпкерінің атын атауды біледі.
Түсінуге тиіс: кейіпкердің мінез-құлықтарын ажырата отырып, жақсы мен жаманды ажырата алады.
Істей білу керек: ертегілер мазмұнын айта біледі, әуенге сай қимыл-қозғалыстар жасай біледі.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718