Сан есім
Шымкент қаласы
Мектеп:Абдраш Назарбеков атындағы 87 жалпы орта білім беретін мектеп
Мамандық: Бастауыш сынып мұғалімі Зейнабилова Гульзада Толебаевна
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Қазақ тілі | Мектеп: Абдраш Назарбеков атындағы 87 жалпы орта білім беретін мектеп
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым. Ортақ тақырып: «Саяхат» |
|
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Зейнабилова Гульзада Толебаевна |
Сынып: 2 А | Қатысқандар:-24 |
Қатыспағандар саны:- | |
Сабақтың тақырыбы | Сан есім |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)
|
2.1.3.1 – күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
2.2.3.1 – мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру 2.3.1.1 – мұғалім көмегімен жеке сурет арқылы шағын әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу |
Сабақ мақсаттары
|
Жеке суреттерді пайдалана отырып, әңгіме құрап жазу.
Сан есімді сұрақ қоя отырып ажырату. Сан есімге байланысты мақал- мәтел құрастыру. |
Бағалау критерийлері | Жеке суреттерді пайдалана отырып, әңгіме құрап жазады.
Мәтінді оқып, сан есімді сұрақ қоя отырып ажыратады. Сан есімге байланысты мақал- мәтел құрастырады. |
Тілдік мақсат
|
Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы:
Сан есім, қанша? Неше? Нешінші? Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері: Егжей-тегжейлі, бекерден-бекер, туризм. |
Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизм, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық. |
Пәнаралық байланыстар | Математика, дүниетану |
Алдыңғы меңгерілген білім | Сөз таптарын біледі, |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы
3 мин.
2 мин.
5 мин.
5 мин.
|
(Мк) Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал: Оқушыларды шаттақ шеңберге тұрғызу (Оқушылар өзінің есіміне сын есімді қосып айтады).
Топқа бөлу Оқушылар сөз таптарына байланысты сөздермен топқа бөлінеді. 1-топ «Зат есім» 2-топ «Етістік» 3-топ «Сын есім» Білу. (Ұ) «Иә, жоқ» ойыны арқылы сөз таптарын бекіту. Сұрақтар: 2. Бота сөзі жалпы есім? -жоқ 3. Үйлер сөзі зат есімнің көпше түрі? – иә 4. Не істеді? Қайтті? сын есімнің сұрақтары? -жоқ 5. Ойнайды сөзі етістік? -иә
(Ұ, Ө) Білу және түсіну. Видеожазба тамашалау. Видеожазбаны мұқият көріп, тыңдап қай қалаға саяхатқа шыққанымызды анықтап, тақырып бойынша түсінік қалыптастыру. Ашық және жабық сұрақтар: Видеожазбада неше қалаға саяхатқа шықтық? Жауабы: 1 Қай қалаға? Иә Астана қаласы. Астана қаласының қанша зәулім ғимараттарын көрдік, санадық па? Жауабы: (1,11) Бұл сөздер заттың несін білдіріп тұр? Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сөз таптарының бірі «Сан есім». Сан есім дегеніміз не? Ереже құрастыр. |
А4 қағазына жазылған сөз таптары
Интербелсенді тақта. |
||||||
Сабақтың ортасы
5 мин.
5 мин.
2 мин. 5 мин.
|
(Ұ,Мк) Қолдану. 1-тапсырма. Белсенді оқыту.
«Допты лақтыру» ойыны. Ашық және жабық сұрақтарға жауап береді. Мәтінді түсініп оқу арқылы, диалогке түседі. – Туризм дегенді қалай түсінесің? – Саяхатшылар саяхатта жүргенде не істейді? – Мәтіндегі қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөздерді ата? Дескриптор: – мәтінді түсініп оқиды. – сұрақтарға жауап береді. – қанша? неше? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді табады. Қалыптастырушы бағалау: «Білдім, білемін, үйренгім келеді» кестесі арқылы.
(Т) Талдау. Саралау тәсілі. 2-тапсырма. «Астанаға саяхат» тақырыбына байланысты, әр топқа Астана қаласының әдемі ғимараттарының суреттері беріледі. Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөздерді пайдалана отырып, жұмыс жасайды. I-топқа Байтеректің суретін салу. II- топқа Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөздерді пайдалана отырып, әңгіме құрастырады. III- топқа Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөздерді пайдалана отырып, өлең шығарады. (А) (В) (С)
Дескриптор: – сурет бойынша әңгіме құрастырады; – әңгімені құрастыру барысында сан есімді қолданады. Қалыптастырушы бағалау: «2 жұлдыз 1 тілек» әдісі арқылы
ергіту сәті. Көңілді күн, (Ө) Қолдану. Жазылым. 3-тапсырма Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз. Сан есімнің астын сыз. Дескриптор: – мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып, қатесіз көшіріп жазады. – сан есімнің астын сызады. Қалыптастырушы бағалау: Бір-бірінің қатесін тексеру арқылы бағалау. |
Энциклопедия
журналдар, сөздік кітаптар.
|
||||||
Сабақтың соңы
5 мин.
2 мин. |
Жинақтау. 4-тапсырма. «Ойлан, жұптас, бөліс» ойыны.
Әр топ суреттер арқылы сан еісмге байланысты мақал-мәтелдер құрастырады. 1-топ: Жүз теңгең болғанша, Жүз досың болсын. ІІ-топ: Алтау ала болса ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. ІІІ-топ: Батыр бір рет өледі, Қорқақ мың рет өледі.
Дескриптор: – сан есімге мақал-мәтел құрастырады; – мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіреді. Кері байланыс: «SMS» хабарлама арқылы. Оқушыларға қағаз ұялы телефондарға сабақтың қалай өткендігі туралы, ол қалай жемісті жұмыс істегені туралы бір-біріне қысқа хабарлама (SMS) жазу ұсынылады.
Үйге тапсырма: 26 жаттығу. Жұмбақты шешу.
|
А4 қағазда салынған ұялы телефон суреті. |