Менің отбасым
Түркістан облысы
Арыс қаласы
№11 бөбекжай балабақшасы
Тәрбиеші
Ахметжанова Райхана Рахимжановна
Тақырбы: Менің отбасым»
Мақсаты: .Балаларға отбасы және отбасы мүшелері туралы түсінік беру.
Сөйлем құрап айтуға, дыбыстарды анық, таза жеткізе білуге дағдыландыру.
Отбасында үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор болу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай білуге тәрбиелеу.
Әдісі:сұрақ –жауап, әңгімелеу , ойын, слайд,
Көрнекілігі:Отбасы мүшелерінің суреттері,текшелер
Қажетті құрал – жабдықтар: теледидар,түрлі түсті қораптар
Билингвальді компонент: Ата – дедушка, Әже – бабаушка, Әке – папа,Ана – мама, Аға– брат, Апа – сестра, Іні –братишка.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық
Қозғаушы |
Шаттық шеңбер:
-Балалар, қане барлығымыз шаттық шеңберін құрайық. Қане,қане тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Тұрсақ егер шеңберге Алақанды ұрайық. Оң жақтағы балаға, Сол жақтағы балаға, Шапалақта шапалақ, Шапалақта шапалақ! -Балалар, қараңдаршы біздің топқа қонақтар келіп отыр. Барлығымыз амандасып алайық. Бақшамызға барғанда, Жолыққан бар жандарға. Ертемен,ақпейілмен, «Қайырлы таң»-деймін мен! Қайырлы таң,апайлар!Қайырлы таң,достар! Сәлеметсіздер ме! -Балалар, енді орнымызға отырайық. Бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады ? -Күзде ауа-райы қандай болады? -Күз мезгілінде не жауады? -Сендер күз мезгілінде қандай киімдер киесіңдер?
|
Балалар шаттық шеңберін құрып,өлең мазмұнына сай қимыл жасайды.
-Балалар қонақатармен амандасты.
Күз мезгілі.
Салқын болады. Жаңбыр жауады. Жылы киімдер киеміз. |
Іздену– ұйымдастыру шы
|
Балалар,мен бір өлең оқып берейін,ал сендер мұқият тыңдаңдар.
Аталар, әжелер, Әкелер, аналар, Апалар, ағалар, Әр үйде бар олар. -Балалар,бұл өлең кім туралы? Балалар,бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті отбасы тақырыбында болмақ. Балалар,мына суретке қараңдаршы.Мынау не?(суреттегі үйді көрсетеді) Бұл үйде кімдер турады?
Бір үйде тұратын адамдар тобын біз отбасы деп атаймыз. Отбасы мүшелері:Әке,ана,және олардын балалары. Әр адам ,үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді ,себебі: ол үйде оның отбасы тұрады.Олар бір-бірін сыйлайды,қамқор болады,тату болады.Бірге отбасылық мерекелерді тойлайды,үйдегі жұмыстарды бірлесіп орындайды. Белингвальды бөлім: Ата,дедушка,Әже, бабушка,Әке, папа. Ана-мама,Аға-брат, Әпке-сестра, Іні – братишка Сергіту сәті: «Акуленок» Ғажайып сәт: -Экранға қарайықшы. Балалар,бұл Білімпаз ата.Бүгін біз отбасы туралы оқу қызметін өтіп жатқанымызды естіп, отбасы тақырыбында сендердің білімдеріңді тексеріп көрмекші. Ол үшін сендерге әртүрлі тапсырмалар дайындапты. Сол тапсырмаларды жақсы орындасаңдар, Білімпаз атанын сендерге арнаған сыйлығы бар. Балалар, Білімпаз атаның тапсырмасын орындаймызба?
1-ші тасырма.«Отбасы туралы санамақ айт» – Балалар қәне отбасы туралы . «Бір үйде біз нешеуміз?» аттысанамақты айтайық. Балалар мен сендерге өте ризамын ,барлықтарың жақсы айттыңдар.
2-ші тапсырма «Кім тез табады?» деп аталады. – Балалар ойын ойнаймызба? Балалар,мына текшелерде кімнің суретін көріп тұрсыңдар? Шарты:Текшеде отбасы мүшелерінің суреті көрсетілген.Тақтаға шыққан 2 бала тәрбиешінің нұсқауымен отбасы мүшелері тез тауып көрсетеді. – Балалар, ойынды жақсы ойнай білдіңдер. Барлықтарың дұрыс таба білдіңдер. 3-ші «Баламен бетпе – бет» деп аталады. -Бұл тапсырмада бір бала өз отбасы мүшелерін таныстыру керек. -Балалар, суретке назар салайықшы, мына суретте кімді көріп тұрсыңдар?(экранда отбасы суреті) -Иә, бұл суретте дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.Бұл үлкен отбасы.Ата,Апа,әке,ана,әпке,іні бар.Татулығы,бірлігі жарасқан отбасы. -Ортаға Рахымжанды шақырамын. -Рахымжан бізді отбасы мүшелерімен таныстырады. Мынау кім?Отбасыңда кімдер бар? ( Слайдтан жеке-жеке сурет шығады) 4-ші тапсырма «Текшеден үй құрастыр» Текшелерден үй құрастырып,отбасы мүшелерінің суреттерін жапсыруды тапсырады. Жарайсыңдар! Мен сендердің білімдеріңе,татулықтарыңа риза болып тұрмын.Сендер бірлесіп қандай әдемі,мықты үй тұрғыздыңдар. Барлығыңда Білімпаз атаның сыйлығына лайықсыңдар. Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма? Балалар бүгін біз кімдер туралы айттық? Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? Қане енді, отбасы туралы жаттаған тақпақтарымызды айтайықшы.
Бүгінгі ашық оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін сендерді мына жұлдызшаларды беріп бағалаймын. Бүгінгі ашық оқу қызметі аяқталды. Енді қонақтарымызбен қоштасайық.
|
Өлең отбасы мүшелері туралы.
Бұл – үй.
-Ата,әже,әке,ана,әпке, іні, аға.
Тәрбиешімен бірге отбасы мүшелерін орыс тілінде атайды.
Сергіту жаттығуын теледидарға қарап орындайды Ия орындаймыз.
Бір үйде біз нешеуміз?
Ата,әже,әке,ана,аға,әпке,
Суретке қарап өз отбасы туралы айтады.
Мынау әжем.Мынау әкем,анам.Мынау менің ағам мен әпкелерім.Мен отбасымды жақсы көремін.
2 топқа бөлініп үлкен текшелерден үй құрастырады, тәрбиешінің көмегімен отбасы мүшелері суреттерін жапсырады Балалардың жауабы Отбасы туралы айттық -Ата,әже,әке,ана,әпке, іні, аға. Балалар тәрбиешімен бірге тақпақты қайталап айтты. 1.Атамнан басталар,Әжемнен қосталар.Отбасым мыналар,Ең жақсы адамдар. 2.Әкем мен анам бар,Бір туған ағам бар.Бір туған апам бар,Бәрін жақсы көремін,Еркелеймін ,еремін.
3.Мамочка милая,мама моя.Ты самая добрая. Я люблю тебя.
Сау болыңыздар қонақтар
|
Күтілетін нәтиже: