Төтенше жағдайдағы қашықтықтан оқыту

                Алматы облысы Іле ауданы

Байсерке ауылы «Ниетай» бөбекжай

 балабақшасының тәрбиешісі

Джантаева. А.Н

 

                       Төтенше жағдайдағықашықтықтан оқыту.

 Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту жер шарының басым бөлігінде кеңінен қолданылуда. Эпидемиялық төтенше жағдайдың жариялануына байланысты елімізде орта білім ұйымдары, жоғары оқу орындары және қосымша білім беру ұйымдары қашықтан оқытуға көшкені бәрімізге белгілі. Қашықтықтан оқыту – бұл қашықтан білім алушы мен педагогтың өзара әрекеттестігін білдіретін, оқу процесінің барлық компоненттері бар және интернет технологиялары мен басқа да құралдардың көмегімен жүзеге асырылатын оқыту түрі.

Бұрын соңды кездеспеген, қалыпты жағдай болмағандықтан қашықтықтан оқыту барысында, әсіресе мектеп оқушылары мен ата-аналарында көптеген қиындықтар кездесіп жатыр. Педагог пен оқушылар арасында нақты бетпе-бет байланыстың болмауы, компьютер мен интернеттің қолжетімді болмауы, зертханалық және практикалық сабақтардың болмауы, оқушыларды ынталандыру әдістерінің аз болуы, сондай-ақ қойылған міндеттердің орындалуына тұрақты бақылаудың болмауы – оқу үлгерімі мен білім сапасының төмендеуіне алып келері анық.

Еліміздегі 3 миллионнан астам оқушының тиісті білім алуын қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Бұған дейін ұстаздың қарсы алдында отырып сабақ алған бала алғаш рет компьютер мен смартфонға үңілмек. Ал қашықтан оқытуға “Balapan” (қазақ тілінде) мен “Еларна” (орыс тілінде) телеарнасы да атсалысып жатыр.

Осы  IV тоқсандағы тәжірибемнен қоса кететін болсам, маған қашықтықтан оқыту ұнады. Себебі орта жаста болсамда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдану білімдерімді тереңдеттім.  ZOOM платформасымен видеосабақ жасауды үйреніп, оқушыларға шағын сабақтарды түсіндіріп Whatsapp  желісі арқылы жіберіп отырдым. Сонымен қатар оқушыларда үнемі кері байланыс жасап отырды.

Бұл ретте бұл жүйені қолданудың қауіпті тұстары да кездеседі. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын көп қолдану – баланың жұмыс қабілеттілігіне, физикалық және психикалық денсаулығына келтірер жағымсыз әсері аз емес. Сол себепті, техниканы қолдану барысында қауіпсіздік ережесін сақтап, уақытты тиімді пайдалану – келер зиянның алдын алу болып есептеледі. Елімізде төтенше жағдайдың жариялануы көптеген өзгерістерге алып келуі мүмкін. Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында қашықтан оқытудың тиімділігін арттыру – еліміздің алға дамуының бірден-бір себебі.

Әрине, кез-келген істің бастауы қиындық тудырары сөзсіз. Ең бастысы – қашықтықтан оқытуды дұрыс жағынан пайдаланып, қиындыққа мойымай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірге әрекет жасасақ, бағындырар биігіміз бен алынбайтын қамалымыз болмасына ешкім күмән келтіре алмас. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тəрбие беру қоғам алдындағы ең маңызды, жауапты іс. Қашықтан оқыту қалай жүзеге асады?

Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, мектеп оқушылары тоқсандық каникулға бір апта ерте шыққан еді. Әне-міне дегенше демалыс та бітуге таяу. Бірақ жаһан халқын тәубесіне келтірген вирустың беті қайтар емес, – деп жазады

Соған байланысты төртінші тоқсанның сабағы онлайн және қашықтан өтетін болды. Алайда, оған біздегі мектептер мен оқушылар дайын ба? Облыс, қала орталықтарында мүмкіндік бар шығар, ал шалғайдағы елдімекен мектептері қайтпек? Қалай болғанда да, бұл – лажсыздықтан қабылданған шешім. Дәл қазір онлайн немесе қашықтан білім беруге сақадай-саймыз ба, жоқ па деген сауалдың да басы артық. Егер бұл тәжірибеге бейбіт заманда көшсек, онда күрмеуі шешілмеген мәселенің бар екені талай уақытқа дейін айтылып, кейінге шегеріле берер еді. Ол – көптеген ауылды аймаққа интернеттің жетпегені, кейбір мектептердің толықтай компьютерленбегені, тағысын тағы. Ал біз тап қазір осы жолды таңдауға мәжбүрміз.

Қазір Білім және ғылым министрлігі нақты осы іске қызу кіріскен. Еліміздегі 3 миллионнан астам оқушының тиісті білім алуын қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Бұған дейін ұстаздың қарсы алдында отырып сабақ алған бала алғаш рет компьютер мен смартфонға үңілмек. Ал қашықтан оқытуға “Balapan” (қазақ тілінде) мен “Еларна” (орыс тілінде) телеарнасы да атсалыспақшы.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, аз уақытта жұмыс тобы құрылып, мамандар жаңа форматтағы білім жүйесінің моделін жасады. “Індет кезеңінде оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша уақытша шаралар енгізген көршілес елдердің тәжірибесі, халықаралық тәжірибе зерделенді. Мұғалімдер балаларды жаңаша оқытуға дайындалуда. Оқушылар үшін 2 мыңнан астам телесабақ әзірленеді.

Ал, “Balapan” телеарнасының директоры Мақпал Жұмабайдың айтуынша, 6 сәуірден бастап күнделікті эфирдің 6 сағаты 1-11 сынып оқушылары үшін бейнесабаққа арналады. “Сабақ кестесі телеарнадан және басқа да ақпарат құралдары арқылы таратылады. Белгіленген 6 сағат уақыт аралығы әр сыныпқа бөлінеді. Яғни, бір отбасында 4 бала болса, бір-біріне сәйкес келмейтін түрлі уақытта оқиды. Бұл сабақтар тиісті платформаларға жүктелген соң, балалар қайта көре алады”, – деді телеарна директоры.

 

Еліміз білім берудің бұл жолын жетіскеннен таңдаған жоқ. Онсыз да балалар карантиндегі каникулдан зерігіп кетті. Демалыста оқушылардың көбі министрдің баласы сияқты “Көшпенділер” трилогиясын оқымаса да, онлайн білім алудың әдіс-тәсілдерімен танысуға тырысты. Алайда, “Қыруар ақша бөліп, онлайн оқыту білім болып жарытпайды. Балалар бір-екі ай оқымаса білімсіз болып қалмас” дейтіндердің қарасы басым. Мәселен, белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы онлайн сабақ дегенді дереу тоқтату керек деп санайды. “Оқушылар 4 тоқсанды кейін, жазда, күзде оқыса да болады.

Себебі, біріншіден, мынадай жағдайда онлайн сабақ мемлекет үшін де, халық үшін де қосымша шығын, қосымша қаражат талап етеді. Мысалы, көпбалалы аналар ғана емес, 2-3 баласы бар аналар да қиналып отыр. Әр балаға жеке компьютер немесе смартфон керек. Көп халықта Wi-fi жоқ, болса да, интернет кейде бар, кейде жоқ,

 

Қорытынды Енді қорыта келе қазіргі таңдағы төтенше жағдай кезінде  көп оқушыларға қиынға соғып жатыр мұғалім және тәрбиешілергеде оңай тиіп жатқан жоқ. Балаларды сабырға шақырып сабақты қызықты өтуге тырысу керек балаларқашықтықтан оқысада белсене оқуда.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *