Теңге. Монета және қағаз ақша
Ұзақ мерзімді жоспар
Мектеп: Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектеп МКМ 3В бөлім. Көбейту жəне бөлу. Мұғалімнің аты-жөні: Тохтабаева А. |
|
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Ортақ тақырып: | Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті |
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.1.3.6. 50 тг, 100 теңгелік монеталарды, 200 тг, 500 тг
купюраларды ажырату жəне түрліше төлем жасау. |
Сабақтың тақырыбы | Теңге. Монета және қағаз ақша |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар:
•50 тг, 100 теңгелік монеталарды, 200 тг, 500 тг қағаз ақшаларды ажырату.
|
Көптеген оқушылар:
•50 тг, 100 теңгелік монеталар, 200 тг, 500 тг қағаз ақша жинағын ұсақтай алу. |
|
Кейбір оқушылар:
•күнделікті өмірдегі есептесулерде монеталармен жəне қағаз ақшалармен операциялар жасауды білу. |
|
Бағалау критерийі | 1.50тг, 100тг, 200тг, 500 теңгелік ақшаларды купюраны ажыратады.
2.Көрсетілген соманы ұсақтай алады жəне жинақтай алады. 3.Құны әр түрлі ақшалармен төлем жасайды. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: ақшаның белгілі бір сомасын түрлі монеталар жəне қағаз ақшалармен қалай жинауға болатынын түсіндіре алады. |
Пəндік лексика жəне терминология:
Теңге, монеталар, қағаз ақшалар. |
|
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Рөлдік ойындар ойнау: дүкенші мен бала |
|
Үштілділік: теңге, ақша- монета- coin
|
|
Құндылықтарға баулу | «Теңге ілу» ойынын ойнау арқылы қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыру. |
Пәнаралық байланыс | Рөлдік ойындар ойнау «Дүкенші мен бала» әдебиеттік оқу пәнімен байланысады. |
Акт қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта арқылы теңге тарихы бейнежазба |
Тақырып бойынша алдыңғы білім | 1сыныпта өткен теңге, монета және қағаз ақша еске түсіру. |
Тірек білім, білік, дағдылар | Теңге, монеталар. |
Сабақ барысы |
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
2-минут
1-минут
1-минут
|
Ұйымдастыру кезеңі. «Менің көршім» шаттық шеңбері арқылы сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастырамын. Оқушылар көршісіне мінезінің жақсы қасиетін атау арқылы оған қошемет көрсетеді.
«Қос шеңбер» әдісі арқылы екі шеңбер оқушылары бір біріне сұрақтар қояды. Осы әдіс арқылы оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдері тексеріледі. Әрбір топ өзінің сұрақтарына берілген жауаптарын қошемет беру арқылы бағалайды. Оқушыларды үш түрлі бау арқылы топтастырамын: 1 топ – теңге 2 топ – монета. 3 топ – қағаз ақша
|
Суреттер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 мин
3 мин |
(М) Жаңа тақырыпты таныстырылым арқылы түсіндіремін.
Жаңа тақырыпты ашу мақсатында теңге, монета, қағаз ақша туралы бейнежазба көрсетемін. Оқушыларға «Ашық сұрақтар» арқылы сабақтың тақырыбын ашу мақсатында қолданамын. 1.Теңге қай жылы шықты? 2. Ақшада не бейнеленген? 3. Қазіргі теңге мен бұрынғы тиынның айырмашылығы қандай? 4. Өмірде ақшаны не үшін қолданамыз? Валюта-Қазақстан «рубльдік» зонадан 1993 жылы қараша айында шықты, 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта «теңге» болып енгізілді. |
Оқулық 2 сынып
Бейнежазба, Теңге тарихы
Монеталар жəне купюралар. Сабаққа арналған тұсаукесер.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
5-минут
6-минут
Сергіту сәті 2 мин
6 минут
«Дүкенші мен бала» 2 минут
|
Тапсырма №1 (т) Қарқын тәсілі «Лездеме» әдісі
1-ші топқа.Бірінші,Төртінші машинаның иeсіндегі құны 50тг, 100 теңгені тап. 2-ші топқа.Eкінші,Үшінші машинаның иeсіндегі құны 200 тг, 500 теңгелік купюраларды тап 3-ші топқа.Бірінші,Үшінші машинаның иeсіндегі қағаз ақшаны табады. Оқушылар межеленген орындарға жеткізген жауаптарындағы сөздерге үштілділік жұмыс жүргіземін. теңге, ақша- монета- coin
Бағалау критерийі: 50тг, 100тг, 200тг, 500 теңгелік ақшаларды купюраны ажыратады.
Дескриптор 1. 50, 100 теңгелік монетаны белгілейді 2. 200, 500 теңгелік купюраны белгілеп көрсетеді 3. Орындаушыны мeжeлeнгeн орынға жeткізу теңге, монета, қағаз ақшаны анықтайды
Кері байланыс: «Теңге жинау» әдісі 1. 50, 100 тг монетаны ажырата аласызба? 2. Құны 200, 500 тг купюраны білесізбе?
Тапсырма №2 (т) Нәтиже және тапсырма тәсілі. «Жаңалық ашамыз» әдісі арқылы тапсырмадан тыс өзінің шеберлігіне байланысты есеп құрастыра алуы. Әр балада неше монета барын есепте. Сұрақтарға жауап бер.
1.Әр балада неше монетадан бар? 2.Әр балада неше теңге бар? 3.Қайсысының монетасы бәрінен артық? 4.Қайсысының ақшасы бәрінен аз? Бағалау критерийі. Көрсетілген соманы ұсақтай алады жəне жинақтай алады. Дeскриптор 1.Теңгенің өмірде қолданатынын біледі. 2.Монеталардың артық не кем екенін табады. 3.Нәтижeгe жeту үшін орындалатын теңдік және теңсіздік құрады. Кері байланыс: «Теңге жинау» әдісі 1.Монеталардың артық не кем екенін ажырату жолдары қандай? 2.Теңдік және теңсіздік құра білдіңізбе?
«Теңге ілу» ойыны Мақсаты: Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықты «ат» қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, теңгені іліп алып, әрі өтіп кетеді. Ұпай әр сайыскердің іліп алған теңге санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.
Тапсырма №3 (ж) Диалог және қолдау көрсету тәсілі. Ойлан, жұптас, бөліс әдісі
Есептерді шығар. Неше кері есеп құрастыруға болады? Олардың біреуін шығар? а) Әмиянда 100 теңге және 50 теңгеліктен 4 монета бар. Барлығы неше теңге болады? ә) Санжар а) есепте берілген әмияннан 50 теңгеліктен 2 монета және бір 100 теңгелік алды. Әмиянда неше теңге қалды?
Дəптердегі тапсырма бағалау критерийлерін қолданумен орындау ұсынылады. Оқушылар есептерді өздері шығарады. Артық ақшаны қайтарып беруге болатын монеталарды қоршайды.
Бағалау критерийі Құны әр түрлі ақшалармен төлем жасайды. Дeскриптор 1. Көрсетілген сомаларды жинақтай алады. 2. Артық ақшаны есептей алады.
Кері байланыс: «Теңге жинау» әдісі 1.Кері есеп құрастыра алдыңызба? 2.Әмиянда қанша теңге болды? 3.Санжар қанша теңге алды?
Мадақтау арқылы бағалап отырамын.
Бала. – Сәлеметсіз бе! |
Оқулық жəне дəптер.
Карточкалар
А) Ә) |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
10-минут
Үйге тапсырма
Бағалау |
«Дұрыс және бұрыс тұжырымдар» тәсілі
– Теңге дегеніміз не? Кері байланыс ББҮ әдісі.
№4 47 бет Сабақтан алған әсерін, көңіл күйін смайликтер арқылы білдіреді және қалыптастырушы бағалау арқылы бағалау парағымен бағаланады. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша мәліметтер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тəсілмен
көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз
оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Пәнаралық байланыс. Денсаулық жəне
қауіпсіздік техникасын сақтау.АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы | «Қос шеңбер» әдісі, «Қарқын» әдісі, ББҮ-кестесі, «Дұрыс және бұрыс тұжырымдар» | Әдебиеттік оқу. Сілтеме материалдар. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, әрқайсысы өз идеясын ұсынуға мүмкіндік беретіндей топтық жұмыстарды ұйымдастырамын. Қабілеті жоғары оқушылар бар топтың тапсырмасын күрделі етіп беруге тырысамын.
Қабілеті жоғары оқушы мен қабілеті төмен оқушыларға қарқын тәсілі арқылы бір біріне қолдау көрсету мақсатында жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастырамын. Теңге. Монета және қағаз ақша туралы, шығу жолдарын табу арқылы оқушыларыдың ой-өрісін кеңейтуге қол жеткіземін. «Бұрқасын сұрақтар» тәсілі арқылы өзара сұрақ алмасуға, өткенді талдауға және қорытынды жасауға қол жеткіземін.
|
Тапсырмаларға берілген дескрипторлар арқылы оқушыларды бағалаймын. Сұрақтарды ауызша талқылау барысында оқушылардың жауаптарын қадағалап, смайликтер беріп отырамын. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігіне қарай мадақтаймын. Топтық бағалауды қолданамын. Кері байланыс арқылы өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын.
|
Техника қауіпсіздігін, өмір қауіпсіздігін сақтауды ескертемін.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары Немесе оқу Мақсаттары шынайы, Қолжетімді болдыма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Иә шынайы әрі қолжетімді болды. «Лездеме әдісі», «Жаңалық ашамыз» әдістері арқылы жүзеге асты.
Монеталар мен купюраларының құнын білді. Көрсетілген соманы ұсақтап жинақтай алды. Ақшаны өмірде қалай пайдалану керек екенін рөлдік ойындар ойнау арқылы біледі.
Саралаудың әдіс-тәсілдері қолжетімді болып, сабақ барысында саралау жүргізілді. Қарқын тәсілінде «Лездеме әдісі» «Жаңалық ашамыз» әдісі, «Ойлан, жұптас, бөліс» әдістері бойынша оқушылардың қызығушылығы артып нәтиже көрсетті.
Сабақ жоспарынан ауытқулар болды, келесі сабақта уақытты тиімдірек пайдаланамын және сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдерді жоспарлаймын. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Қос шеңбер әдісі арқылы балалар өткен сабақты еске түсіруі 2: Ақшаны өмірде дұрыс пайдалана алуы
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар үлестіру. 2: АКТ қолдану.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет? |
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718