Жазбаша түрде қалдықпен бөлу
Пән: Математика
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 3С бөлімі – Жазбаша көбейту және бөлу Күні: 21.02.19ж Сынып: 3 |
Мектеп: №18
Мұғалімнің аты-жөні: Нурбаева Калияш Турахметовна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақ тақырыбы | Жазбаша түрде қалдықпен бөлу | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.1.2.10 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану | |||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: есептерді шығару әдісін түсіндіреді.
Көптеген оқушылар: Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу мүмкіндігі, көбейту және бөлу тапсырмаларында есептеуді орындайды. Кейбір оқушылар: оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды. |
|||
Бағалау критерийлері | Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу мүмкіндігі, көбейту және бөлу тапсырмаларында есептеуді орындайды. | |||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология
Қамтиды: бөлу, бөлінгіш, бөлгіш, бөлінді, толымсыз бөлінгіш; көбейту, көбейткіш, туынды; түсіндіру, есептеу, анықтау; алғашқы, одан кейін, келесі, алдыңғы, соңғы; бастау … онда … соңында … Талқылауға арналған сұрақтар: Бұл есептеу қандай түрге қатысты? Сіздің дұрыстығыңызға қалай сенім арта аламыз? Алдыңғы әрекетті қалай табуға болады? Неліктен екенін айта аласыз ба…? …біздің бұл әрекетті ең алдымен орындауымыз керек пе? … жауап (…) мәнінен жоғары болу керек пе?. |
|||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | |||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; | |||
Ресурстар | Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., кері байланыс парағы т.б | |||
Бастапқы білім | Кестедегі және ауызша кестеде жоқ көбейту және бөлу әрекеттерін орындау. Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу мүмкіндігі, көбейту және бөлу тапсырмаларында есептеуді орындайды. | |||
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы
Білу
|
Психологиялық дайындық
Қане балалар, математика сабағында айтылатын ұранымызбен сабағымызды бастайық! Күндей жадырап Айдай арайлап Жұлдыздай жарқырап Судай таза көңілмен Математика сабағын бастаймыз! Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты, дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! Үй тапсырмасын тексеру Бұл қандай теңдеу? b-70·3=345 а :(400-360)=8 45:5·b=900 b-210=345 а: 40=8 9·b=900 b=345+210 а=8· 40 b=900:9 b=555 а=320 b=100 555-70·3=345 320:(400-360)=8 45:5·100=900 345=345 8=8 900=900 Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) – Балалар,біз қандай бөлімді оқып жатырмыз? “Атақты тұлғалар” бөлімі бойынша кімдерді, нені білдік? 1. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? (Керей,Жәнібек,Қасым) 2.Қазақ халқының ұлы ағартушылары кімдер? 3. Ежелгі замандағы ұлы математиктер: (Пифагор) 4. Фигуралардың ауданын есептеудің ортақ тәсілін ойлап тапқан математик кім? (Архимед) 5.Диаграммаларға аты берілген математик:(Льэнорд Эйлер, Джонн Венн) 6.Қазақстанның математигі:(Орымбек Жәутіков) 7.Ғарышты зерттейтін құралды ойлап тапқан астроном кім?(Г.Галилей) Олай болса мен 3 топқа тапсырмалар беремін.Тез,шапшаң орындап жіберейік. 1 топ: 242*2 483:2 2 топ: 321*2 698:3 3 топ: 421*2 465:2 ҚБ: 3 шапалақ арқылы бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Жаңа сабақ |
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
||
Сабақтың ортасы | Жазбаша түрде қалдықпен бөлуді орындай отырып ғарышты зерттеген астрономмен таныс болдық. Бүгінгі сабағымызда да ғарыш ғылымының негізін қалаушылардың бірі:
Константин Циолковский Осы заманғы космонавтика мен ракеталық техниканың негізін қалаған орыстың өнертапқыш ұлы ғалымы. бүгін 56:2 іске асуы 75:5 мүмкін
84:6
ертең 96:6 мүмкін болмаған нәрсе 38:2 Өзіндік жұмыс “Қолдану” №2 тапсырма. Өрнекті баған түрінде жазып, қалдықпен бөлуді орында. 1 топ: 679:5=135(4қ) 949:8 =118(5қ) 659:5=131(4қ) 2 топ: 764:3=254(2қ) 537:5 = 107(2қ) 554:4=138(2қ) 3 топ: 815:8= 101(7қ) 565:4 = 141(1қ) 564:5=112(4қ) №3. Шешуін баған түрінде жазып, қалдықпен бөлуді орында. Болды-338 Бөліп алды-3 бала Қалды? Ш: 338:3= 112 (2 қалд) Ж: 2 бөлшек қалды Қиындықтарды түсіндіру – Қане тапсырманы дұрыс орындадық па? – Кімде қиындық туындады? – Қай жерден қате жібердіңіз? – Жіберілген қатенің себебін анықтаңыз? – Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаған болса, өз мақсатыңызды нақтылаңыз. (Қосымша тапсырма орындау). – Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты? (Қателерді түзету). – Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз. – Әркім өзінің оқыту есебін айтады. Мұғалім бағалау критерийлері бар дәптердегі тапсырманы орындауды ұсынады. Мен: Жазбаша түрде қалдықпен бөлу алгоритмін түсіндіруді; Жазбаша түрде қалдықпен бөлу алгоритмін қолдануды; Қалдықпен бөлуді тексеруді білуді; Сызбасы бойынша есеп құрастыра білуі; Фигураның периметрін таба алуы; Теңдеулерді шеше білуі; 3 шапалақ №4. Есепті шығар. Шешуін өрнек түрінде жаз. Конструктордағы 3 қалтаның әрқайсысында 112-ден бөлшек бар.Ғарыш кемесінің моделін жасау үшін 289 бөлшек жұмсалды. Қанша бөлшек қалды? Болды- 3*112 Ш: (3*112)-289=47 Жұмсалды-289 Ж: 47 бөлшек Қалды-? №5 “Топтық жұмыс” Сызба бойынша есеп құрастыр. Ш.50+(50*9)=500 Ж:500 адам СЕРГІТУ СӘТІ: “Талдау” №6. Есептерді шығар. Ә ) Қара түсті б-145 Ш: 145+(145+40)=330 Ақ түсті б-? 40-ы арт Ж: 330 бөлшек “Жеке жұмыс”№7 а) Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің ұзындығы 120м, ал ені ұзындығынан 3 есе кем.Осы жер телімінің периметрін тап. 120:3=40см Р=(а+в)*2 Р= (120+40)*2=320см ә) Р= (100+60)*2=320cм “Жинақтау” №8. Теңдеуді шеш: Бұл теңдеулер деңгейінің қандай екенін сұрайды (қиындатылған). Оқушылар мынадай теңдеулерді шешу алгоритмін түсіндіреді: 1.Теңдеуді оқы.
Оқушылар алгоритмге сәйкес теңдеуді шешеді. №10. Атауын айтпай фигураны сипатта. 1. Жасыл түсті 6 жағы,12 қыры,8 төбесі бар. 2. Қызыл түсті,барлық қабырғалары тең,4 төбесі бар 3. Сары түсті,3 қабырғасы,3 төбесі бар 4. Көк түсті,4 қабырғасы,4 төбесі бар |
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
|
||
Сабақтың соңы | Қорытынды бөлім:
Рефлексия Үйге тапсырма:№9; 70-бет |
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,
толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Оқушылардың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету. |
||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. |
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылат ын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. |
||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||||