Ауа толы айнала
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Дүниетану Мектеп: Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектеп
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттар және олардың қасиеттері Күні Мұғалімнің аты-жөні: Бидашева Кульбану Тойкетаевна Сынып: 1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақ тақырыбы | Ауа толы айнала |
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.3.2.3 Ауаның кеңістікті толтыру қасиетін және жылу өткізгіштігін зерттеу.
2.1.2.3 Бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілей білу. |
Сабақ мақсаттары | Барлықоқушылар:Ауа бүкіл кеңістікті толтыратынын зерттеу.
Көптеген оқушылар: Шар ауаның екпінен итерілетінін білу Кейбір оқушылар: Ауаның орын алу және жылу өткізгіштік қасиеттерін сипаттау |
Бағалау критерийлері
|
-Ауа бүкіл айналаны толтыратынын зерттейді.
-Шар ауаның екпінен итерілетінін біледі. -Ауаның орын алу және жылу өткізгіштік қасиеттерін сипаттайды. |
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:Ауаның кеңістікті толтыру қасиетін сипаттайды.
Пән лексикасы мен терминалогиясы: Ғаламшар,ауа,тазалық,тыныс алу, мөлдірлік, газдану, сақтау,түсі жоқ, көлемі жоқ, жылу өткізгіш,кеңістікті толтыру,газ тәрізді. Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Талқылауға арналған сұрақтар. Неліктен біз ауасыз өмір сүре алмаймыз? Ауаның таза болуы неліктен маңызды? Ауаның қасиеттерін ата. Ауаның жылуды өткізу ерекшілігін адам қайда пайдаланады? Ауа қайда бар? Жылу-тепло-heat Ауа-воздух-air Ыдыс-посуда-dishes. |
Құндылықтарды дарыту
|
Табиғатты қорғауға және ауаны ластамауға
ұжымдық,топтық жұмыстары кезінде ынтымақтастық құндылықтарын дамыту. |
Пәнаралық байланыстар | Зерттеу жұмысы негізінде су,ауа тақырыбы бойынша дүниетану пәнімен байланысты. |
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта арқылы «Ауаның ластануы» туралы бейнежазба көрсетіледі. |
Бастапқы білім | Жердің ауа қабаты туралы біледі. Ауаның түсі иісі болмайтынын біледі. Ауа барлық тірі ағзалардың бәріне керек екенін біледі. |
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||
Сабақтың басы
3 минут
4 минут
2 минут |
Психологиялық ахуал қалыптастыру
«Қар кесегі әдісі» Мақсаты:Әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі,бір біріне жылылық сыйлау. Оқушылар қағазға жақсы сөздер жазады,анасы,әкесі қалай еркелетіп атайтынын.Кейін бір-біріне лақтырады, оқушылар бір – бірінің сөздерін оқып береді. Топқа бөлу.(қағаз қиындыларын таңдау арқылы жер, су, ауа болып үш топқа бөлінеді) Ширату: «Кубизм »әдісі Оқушылар кубикті айналдыра отырып,сұрақтар алады,топ болып жауап береді Егер таңдаған ұпайға оқушы жауабы болмаса, топ болып жауап береді топ болып жауап бермесе, басқа топтан сұралады.Ұпай саны сол топқа қосылады. – Жердің ауа қабаты дегеніміз не? – Ауаның түсі,иісі болама? – Бізді қоршап тұрған ауаны қалай білуге болады? – Сұрақтарға жауап алынады. – «Ынталандырушы бағалау шапалақтау» әдісі Ауаны ластамау керектігін бейнежазба арқылы көреді. |
Қағаздар
htths://youtu.be/m5f–AS7TZk |
||||||||
Сабақтың ортасы
5 минут
6 минут
4-минут
Сергіту сәті: 3 минут
6 минут
5 минут
|
(Т)Тапсырма.№1.Су толтырылған ыдыстың ішіне стақанды тігінен төңкеріп көріңіз.Не байқадыңыз? Стақан суға толдыма?Енді стақанды сол жағына қарай қисайтыңыз.Не байқадыңыз?Көпіршіктер қайдан пайда болды?Стақан неліктен бірден суға толып кетпей тұр? Өйткені стақанның ішінде ауа бар
Белсенді оқыту әдіс тәсілі. «Ойлан,жұптас,пікірлес» әдісі «Саралау» тәсілі.Диалог және қолдау көрсету тәсілі. Бағалау критерийі:Ауа бүкіл айналаны толтыратынын біледі. Дескриптор:Әуе шарының ауаға қалай көтерілетінін анықтайды.. Кері байланыс: мадақ сөздер арқылы топтық бағалау (Ұ)Тапсырма:№2 (МК) Бос қалташаларды көрсетемін. Содан кейін оны бос ойыншықтармен толтырамын, қазір қалташа қандай болды?Көлемі үлкейе түседі,қалташаны тесіп жіберемін,саңылауға қолдарын төсеп көрулерін сұраймын.Су толтырған ыдыстың ішіне стақанды тігінен төңкеріп көріңіз.Не байқадыңыз?Стақан суға толдыма? Белсенді оқыту әдіс тәсілі.«Зерттеу және зерделеу» әдісі. Саралау тәсілі Қарқын. Бағалау критерилері:Шар ауаның екпінен итерілетінін біледі. Дескриптор: Тәжірибенің нәтижесі бойынша ауаның орын алу қасиетін анықтайды. Кері байланыс: «Мұғалімге хат»әдісі Хатқа түсіндім, түсініп келемін,түсінбедім деп жазып береді.
(Ұ) №3 тапсыма дәптермен жұмыс. 26-жұмыс парағы. Ауаның жылуды нашар өткізетін қасиеті бейнеленген суреттерді боя. Ауаның қасиеттерін пайдаланып, жұмбақ құрастыр. Ұрайық алақанды Оңға қарай иіліп, Бір солға қарай иіліп Отырып,бір тұрып Бойымызды созайық. Белімізді жазайық, Оңға-оңға түзу тұр, Солға-солға түзу тұр. Жоғары-төмен қарайық, Қолымызды созайық. Бойымызға күш жинап Бір шынығып алайық. (Ж)Тапсырма:№4.Адамдар үйлеріне неліктен екі қабатты терезе орнатады?Қыста торғайлар неліктен жүнін қорбитып отырады?Бұл ауаның қандай қасиетін сипаттайды? Белсенді оқыту әдіс тәсілдері«Ойланып көр әдісі» Саралау: Дереккөздер тәсілі. Бағалау критерийлері: Ауаның орын алу және жылу өткізгіштік қасиеттерін сипаттайды. Дескриптор:.Ауаның жылуды сақтайтынын анықтайды. Кері байланыс: ББҮ
№5 тапсырма (Ө) Қалыптастырушы бағалау 2.3.2.3 Ауаның кеңістікті толтыру қасиетін және жылу өткізгіштігін зерттеу. Әр түрлі пішіндегі (дөңгелек ,сопақ,ирек тб)шарларды үрлеп көріңіз.Олардың ішіндегі ауа қандай пішінді болып көрінеді? Бағалау критерийі:Ауаның орын алу қасиетін сипаттайды. Дискриптор:тәжірибеге сүйеніп ауаның пішіні жоқ екендігі туралы ой бөліседі. Сұраққа қатысты ой бөліседі. Кері байланыс: «Шәкіл» әдісі арқылы өздерін бағалайды. Үйге тапсырма№29 бет. |
Стақан,ыдыс,су.
Қалташалар,шар,су стақан, ұсақ ойыншықтар,ине.
Түрлі түсті қағаздардан хаттар.
Әр түрлі пішіндегі шарлар.
Шәкілдің суреті. |
||||||||
Сабақтың соңы
2 минут |
Рефлекция:Пирамида сызбасын қолданамын.Сіз бұрыннан білетін нәрсе,сіз үйренген нәрсе,сіз білгіңіз келетін нәрсе. | Пирамиданың суретін пайдаланамын. | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасы ның сақталуы
|
||||||||
Қосымша сұрақ жауап, тақырыпқа байланысты күрделірек тапсырма беру арқылы, т.б. ребустар карточкаларга дайындап беремін. | Әр тапсырмадан кейін бағалаймын.Сұрақ жауап арқылы,тапсырма барысында әрекеттерін бағалап отырамын. | Зертханалық жұмыстарда абай болуы керек. Қайшымен дұрыс қолдану,
Ыстық суға немесе буға күйіп қалма. |
||||||||
Сабақ бойынша рефлекция
|
||||||||||
Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған. Жоспарланган тапсырмалардың барлығы орындалды деп ойлаймын.Оқу мақсаты сабақ мақсатына сай келеді.Сабақ жоспары бойынша жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын.Топпен жұмыс,жеке жұмыс,жұптық жұмыс түрлерін тиімді пайдаланамын. | ||||||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Акт қолдану. 2: Тәжірибе жүргізу. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақта қолданған әдістерім оқу мақсатына байланысты болды. 2: Ашық сұрақтар оқушылар сыни ойланып,диалогқа түсу арқылы өз ойларын жеткізе білді. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||||||||||