Я дыбысы мен әрпі
Сыныбы: 0 «А»
Өткізген мектепалды даярлық топ мұғалімі: Амангелдиева Ғ.Ұ
Қараой ауылы 2019-2020 оқу жылы
Білім беру саласы: «Қатынас»
ҰОҚ: Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: Я дыбысы мен әрпі.
Бөлім – 1. Тыңдалым және айтылым.
Бөлімше – 1.1 Сөздердің дыбыстық формаларын ажырату.
Оқу мақсаты: 0.1.1.3 Сөзді буынға бөлу,сөздегі буын санын және орналасу ретін анықтау.
ҰОҚ мақсаты: Сөзді буынға бөледі, сөздегі буын санын және орналасу ретін анықтайды.
Қолданылытын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойындар, құрастыру
Ресурстар: қима қағаздар, кубиктер, доп, суреттер, ойыншықтар, асықтар.
ҰОҚ кезеңі | Педагог әрекеті | Бала әрекеті | |||||||||
Мотивациялық-
Қозғаушылық 2 мин |
Психологиялық ақуал.
Шаттық шеңбері. Балалар бүгінгі сабағымызды жақсы өлең жолдарымен бастайық Аспанға қарап ай көрдім! Жерге қарап гүл көрдім! Жан –жағыма бұрылып, Егеменді ел көрдім! |
Балалар өлең жолдарын іс –әрекет арқылы көрсетеді. | |||||||||
Ұйымдастыру шылық- ізденістік 5 мин |
-Балалар, бүгінгі сабақта сендер 3 топқа бөлінесіндер. -Сабаққа белсенді қатысқан топқа алма беріледі.Сабақ соңында көп алма жинаған топ жеңіске жетеді. Cөздік жұмыс. Алма- яблоко- apple |
1- топ: Таңғы ас 2- топ: Түскі ас 3- топ: Кешкі ас
Бағалау.
|
|||||||||
Негізгі бөлім
20 мин
|
Алдыңғы оқу.
«Ыстық доп» ойыны. Мақсаты: сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыптады еске түсіру. -Дыбыс дегеніміз не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -һ дыбысы қандай дыбыс? – һ дыбысы бар қандай сөздер бар?
Жаңа сабақ. – Балалар, бізге сендер сияқты Аян мен Саят деген балалар хат жазыпты. Олар сендерден мына жұмбақтың жауабын шешуге көмек сұрапты. Көмектесеміз бе? Жұмбақ: Аяқта бар, Баста жоқ. Таяқта бар, Таста жоқ.
-Я әрпін таныстыру. – Я = Й+А Қосарлы дауысты дыбыс.
Баспа түрімен Тақтаға жазбаша түрімен. Оқулықта берілген я әрпін бастыру. Топтық тапсырмалар:
1-топ: 1-тапсырма: Жерден өніп шығатын тағамдарды жасыл түспен қорша. Малдан алынатын тағамдарды қызыл түспен қорша. Сөздерді буынға бөліп көрсет.
2-топ: 2- тапсырма: Дыбыстық талдау жаса. Сия, ұя,таяқ
3-топ: 3-тапсырма: Пісірмей жейтін тағамдар қайсысы? Белгіле.
Сергіту сәті Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы – қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып секірді.
1-топ. Таңғы ас тобы «Адасқан әріптер» ойыны Мақсаты: әріптерден сөз құрау және баланың қолының ұсақ маторикасын дамытуға арналған тапсырмалар. Шарты: Қағазға жапсырылған ойыншықтар, асықтар мен әріптерді жіпті пайдалана отырып сөз құрау. 2- топ: Түскі ас тобы «Әріптерден сөз құрау» Мақсаты: дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату және әріптерден сөз құрау. 3-топ: Ойлан, тап! Шарты: пайдалы және зиянды тағамдарды ажырату. |
-Дыбысты естиміз, айтамыз – Екіге дауысты,дауыссыз. – Дауыссыз дыбыс. – жиһаз, айдаһар, гауһар, қаһар, қаһарман,шаһар, жиһан т.б
– Я әрпі
Оқулықтағы я әрпін жазу.
-ал-ма, қи-яр, сә-біз
– құрт, май , нан
– қарбыз, орамжапырақ, қызанақ
Балалар өлеңді қимыл қозғалыс арқылы көрсетеді.
– Қияр, пияз,бояу.
– Алма, өрік, анар, арша
Пайдалы тағамдар – сүт өнімдері, жеміс-жидектер, дәнді дақылдар,көкөністер. Зиянды тағамдар – қуырылған картоп, газдалған сусындар, сағыз,тәттілер, балмұздақ.
|
|||||||||
Қорытынды бөлім
3 мин |
-Балалар, бүгін біз қандай әріппен таныстық?
– я қандай әріп? -сөздің қай жерінде кездеседі?
Бағалау. Жинаған алмаларыңды себетке санап саламыз, қай топта көп алма сол топ жеңіске жетті. |
– я әрпі
– Қосарлы дауысты дыбыс. – Ортасында , басында.
|