Ф.Оңғарсынова «Өлең мен сені аялап өтем»
Кулекешова Айнур Базарбаевна
Ақтөбе қаласы, Қараой ауылы
Қараой мектеп – балабақшасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақ тақырыбы: Ф.Оңғарсынова «Өлең мен сені аялап өтем» | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің аты – жөні : |
Сынып :9 | Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | Ф.Оңғарсынова «Өлең мен сені аялап өтем»
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты(мақсаттары) | 9.2.4.1. автор стиліне сүйене отырып,шығармашылық жұмыс жасау |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушы орындай алады:шығармашылық жұмыс барысында автор стилін анықтап,өлең шығарады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:автор стилін негізге ала отырып,тақырып төңірегінде шығармашылық жұмыстардың түрлі формасы бойынша шығармашылық жұмыс жасайды. Кейбір оқушылар орындай алады:автор стилін негізге ала отырып,жаңашыл бағытта шығармашылық жұмыс орындайды,өзіндік пікірін қалыптастырады,ойын жүйелі жеткізеді. |
Бағалау критерийі | Автор стиліне сүйене отырып,шығармашылық жұмыстарды түрлендіріп,жаңаша бағытта орындайды. |
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: автор стилін анықтайды,
жаңаша бағытта түрлендіреді,өлең шығарады, новелла жазады, кейіпкерге хат жазады. |
Талқылауға арналған сұрақтар :
-Өлеңің шығу мәнін түсіндір. -Неліктен автор өлеңді бұлай атаған? |
|
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:поэзия,шабыт,арын,серік ету,т.б. | |
Диалог құруға арналған тіркестер:-Не себепті… . -Неліктен… . – Қандай ой түйдің… . | |
Құндылықтарға баулу | Өзгеріске бейім,жаңашыл-шығармашыл,парасатты тұлға қалыптастыру. |
Пәнаралық байланыс | Әдебиет теориясы,психология,өзін-өзі тану |
Алдыңғы оқу (3-4 мин) | Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын сұрақ-жауап арқылы пысықтау. |
Жоспар
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы
(5-7 мин) |
Ой шақыру
Ф.Оңғарсынованың «Өмір мен сені аялап өтем» өлеңінен үзінді беріліп,мазмұны бойынша «Байланыстыру» әдісі арқылы «Поэзия»,«Шабыт», «Арын» болып үш топқа бөлінеді.
|
Оқу бағдарламасы, мұғалімге арналған нұсқаулық. |
Сабақтың ортасы
(20-25 мин) |
Ж.ж. 1-тапсырма «Бір тұжырым»әдісі
«Әдебиет порталы» сайтынан ақынның өз дауысымен оқыған өлеңін тыңда.Мазмұны мен мағынасын аша отырып,сатылай кешенді талдау жаса. Дескриптор: -Үзіндіні мәнерлеп оқиды. -Мазмұны мен мағынасын ашады. -Үзіндіні талдайды Кері байланыс: «Жылы сөз жүрекке» әдісі(ауызша)
Т.ж. 2-тапсырма «Білім аралы» әдісі Ф.Оңғарсынованың шығармашылығы мен жазу стилін негізге ала отырып,шығармашылық (новелла,арнау өлең,кейіпкерге хат) жұмыстарды жаңаша бағытта орында.Жазба жұмысын оқып,өзара бағала. Дескриптор: -Ақынның шығармашылығы мен жазу стилін негізге алады. -Шығармашылық жұмысты жаңаша бағытта орындайды. -Жазба жұмысын оқиды. -Өзара бағалайды. Кері байланыс: «Сұрақ ілмегі»әдісі (жазбаша)
Ж: 3-тапсырма «Ой толғаныс» әдісі Автордың өлеңде берілген ойына өз пікіріңді білдіріп,ойыңды әдеби тілде жүйелі жеткіз. Дескриптор: -автордың өлеңде берілген ойына өз пікірін білдіреді. -өз ойын әдеби тілде жүйелі жеткізеді. Кері байланыс: «Жағымды тілектер тізбегі» әдісі(ауызша) |
https://www.youtube.com/watch?v=o5J9axX6jNc
АКТ,интербелсенді тақта,
оқулық,кеспе қағаздар
|
Соңы (5-10 мин) | Рефлексия: «Жетістік түйіні» әдісі
· Не үйрендім · Не жаздым · Не түйдім
|
Таратпа қағаздар |
Қосымша ақпарат | Ақынның прозаларын оқып,бір өлеңін жатқа айту.
|
|
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырмасын қалай түрлендіресіз?
|
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс.
Денсаулық және қауіпсіздік.
АКТ – мен байланыс.
Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі). |
Сабақ барысында оқушыға мейлінше қолдау көрсетіледі.Деңгейлік тапсырмалар беріледі.Қабілетті оқушыларға тапсырма күрделеніп беріліп,салыстыра талдап,өзіндік көзқарасын білдіреді.Қолдау барысында оқулықтар мен сілтемелер ұсынылады.
Қабілеті төмен оқушылардың деңгейі ескеріледі.Тапсырма барысында ынтасын ашу мақсатында қолдау көрсетіліп,тапсырма жеңілдетіліп беріледі. |
Оқушылардың оқу жетістігін қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар құрастырылды.Мақсатқа жету әрекеті тапсырма орындау барысында бағаланып отырылды.
«Жылы сөз жүрекке», «Сұрақ ілмегі», «Жетістік түйіні» арқылы кері байланыс жасалып,бірін-бірі өзара бағалайды.Сабақ соңында рефлексия жасайды. |
Пәнаралық байланыс– әдебиет теориясы,психология,өзін-өзі тану
Денсаулық және қауіпсіздік-оқушының ойлау жүйесін дамыту, көздің көру қабілетін жақсарту, ептілікке баулу. АКТ – мен байланыс-интербелсенді тақта Құндылықтармен байланыс(тәрбие элементі)- өзгеріскебейім,жаңашыл-шығармашыл парасатты тұлға қалыптастыру |
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма ? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті. Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма ?) Уақытты қалай пайдаландым?Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім? |
ü Бүгінгі сабақ жоғары деңгейде өтті,мақсат-міндеттеріме жеттім. ü Шығармашылық жұмыстың түрлі формасы барысында оқушылар жұмыстарын әр түрлі формада ұсынып,тапсырманы нақты талапқа сай етіп орындады. ü Берілген тапсырмалар оқу мақсаттарына негізделіп алынып, жүйелі орындалды. ü Уақытты тиімді пайдаландым. ü Сабақ барысытоптық,жұптық,жеке жұмыс ретінде орындалды.
|
|
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты ) 1:Шығармашылық жұмыстың түрлі формаларын меңгеруі. 2:Әдіс-тәсілдердің орынды қолданылуы,тапсырмалардың жүйелі түрде берілуі. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ? 1:Поэзия минутының ұйымдастырылуы. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім ? 1:Жекелеген оқушыларға келесі сабақта тапсырмалардың күрделі түрлерін әлде де жетілдіру керектігін білдім. |