Біздің айналамыздағы диффузия

Куспанова Айгуль Сагитжановна

Ақтөбе қаласы, №73 ЖББОМ

Физика пәнінің мұғалімі

Біздің айналамыздағы диффузия

Біздің айналамыздағы адамдар, өсімдіктер мен жан-жануарлар, Жер мен Ай, Күн мен жұлдыздар әлемі табиғат деген ұғымды білдіреді.Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Халқымызда «Жер-Ана» деген қосырланған ұғым қалыптасқан. Жерді Анасына, Анасын күнге теңеу салтымызда бар. Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жаңбыр жауғанда кемпірқосақтың пайда болуы, найзағайдың ойнауы, судың булануы немесе мұзға айналуы, қардың еруі табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің үнемі қозғалып, орын ауыстыруы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзен мен көлдердің тартылып суалуы-осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Табиғат құбылыстарын физика, астрономия, география, геология, биология сияқты ғылымдар зерттейді. Әрбір ғылымның табиғатты зерттеу жөнінде өз мақсаты, өз әдістері бар. Мысалы, физика негізінен механикалық, жылу, электр, жарық құбылыстарына ерекше мән береді. Осы құбылыстардың бәрі физикалық құбылыстар деп аталады.
Физика – табиғат туралы ғылым ретінде алғаш рет гректің ұлы ойшылы, тарихта «бірінші ұстаз» аталған Аристотельдің шығармаларында баяндалды. «Физика» грекше фюзис-табиғат дегенді білдіреді. Бұл сөздің ғылыми мағынасын байытуда тарихта «екінші ұстаз» аталған біздің ұлы бабамыз – Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегі зор.Физиканы және басқа пәндерді оқып үйрену барысында әр түрлі ғылымдардың өзара қандай байланыста болатынын білеміз. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың жер бетінде, балықтардың су ішінде қалай қозғалатынын түсіндіреді. Олардың дыбысты қалай шығарып әрі еститінін және көру мүшелерінің құрылысы қандай екенін сипаттайды.Физика заңдары мен құбылыстарын көптеген мамандар, мысалы, инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, конструкторлар пайдаланады.
Ғаламкеңістігінде не бар болса, соныңбәрі материя депаталады. Материяғаөсімдіктер, жануарлар, планеталар, Ай, Күн, жұлдыздар да, сондай-ақәртүрліденелерде, олардықұрайтынәралуанзаттар да жатады.Материя зат пен өрістенқұралады. Затөтеұсақбөлшектердентұрады. Заттадыңөзі де, оны құрайтынбөлшектер де бір-біріменөрісарқылықарым-қатынасжасайды. Заттардыңұсақбөлшекктердентұраттынын диффузия құбылысыарқылы анықтадым.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *