Қазақтың ырым тыйымдары
Тақырыбы: Қазақтың ырым тыйымдары.
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет ғұрпын, салт- дастүрін,ырым-тыйым ,мәдени мұрасын, окушылар бойына дарытып, теориялык білімдерінің жүзінде ұштастыра отырып, ата-аналар тәжірибесінің ең жақсы үлгілеріне, халықшылыққа, имандылыққа, еңбекшілдік және адамгершілік рухында тәрбиелеу. Оқушылар бойына рухани байлығын сіңірту, ұлтымыз-дың дәстүрлерінен үлгі алу, ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Рухани жан дүниесін дамыту.
Көрнекілігі: қазақтың ырым – тыйым сөздері кітапшасы, ырым – тыйым сөздер,түрлі-түсті шарлармен безендіріледі
Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе бөлім.
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Сабаққа дайындығын қадағалау.
ІІ.Негізгі бөлім.
а). Жүргізуші сөзі
ә). Оқушылардан сал–дәстүр, әдет–ғұрып туралы білімдерін тереңдету үшін ойын арқылы сұраққа жауап беру.
б). Саяхатқа шығу. Киіз үйдегі сұрақтарға жауап беру арқылы жылжып жүреді.
Сәләметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін «Қазақтың ырым-тыйым сөздері» тақырыбындағы тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
. Жас кезінен ұрпағын «тек» деп өсірген халқымыз теріс қылық мінезге де тыйым салған. Бұл балалық шақтан бастап, отбасы болғанша сақталған ереже тәрізді. «Олай жасама, бұлай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес» т. б. сөздердің жауабын «жаман болады» дегенмен аяқталып отырған. Өмірде әр тақырыпқа байланысты ырым – тыйым сөздер кездеседі. Балаға, малға, әйел адамға т. б.
IV. Ырым – тыйым сөздердің мән – мағынасын түсіндіру.
1) Балаға ми жеуге болмайды – мидай былжыр, ынжық болады. Жас балаға бұғана қабырғасын бермеген – бойы өспей қалады деп ырымдаған. Омыртқаның жұлынын жегізбеген – суға келіп қалады деген жаман ырым бар. Қойды аттама – ол киелі мал. Меккеге барған.
2) Бос бесікті тербетпе – балалы болмайсың деген жаман ырым бар. Қазанның, ыдыстың түбін тырнақпен қыруға болмайды – төрт түліктің желініне шығу шығады. Ыдыстағы суға аузыңды малма – себебі сол ыдыстағы су арам болады. Ыдысты еңкейтіп ішу керек деп тазалықты талап еткен.
3) Қамшыны бейсауат қамшылама – мал шетінейді. Малдың желінген басын түнде лақтырма – түнде далаға лақтырса малдың ырысы кетеді деп ырымдайды.
4) Бетіңді баспа – қайғылы адам берін басады.
5) Мойныңа белбеу салма – буыншақ ауруына ұшырайсың. Тұзды баспа – астың иманы, төресі деп киелі санады. Отқа түкірме – сол үйдің оты сөнсін, иесіз қалсын деген мағынада жаман ырымға жориды.
6) Жатқан кісіні аттама – талай киелі, қасиетті адамдар болған олар кеселге, бақытсыздыққа ұшырайды деп тыйым салған. Бақан, құрын аттама. Бақанмен шаңырақ көтереді, құрықпен жылқыны ұстайды.
Бақан үйдің тірегі болғандықтан, ал құрық тіршіліктегі құрал.
Сұрақтар қою.
• Оқушылар қандай ырым- тыйым сөздерді білесіңдер?
• Шілдехана тойының қандай маңызы бар?
• «Итжейде» қандай болуы керек?
• «Қалжаның» сыры неде?
Сәлем, анам, алтын күн,
Сәлем, қарты халқымның!
Уақытыма риза бол,
Бақытыма шалқыдым.
Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз.
1-жүргізуші:
Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
2-жүргізуші:
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған салтымыз,
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
ӘН: «ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ»
-Ал, ендеше, балалар! Біз бүгінгі сабағымызда бойымыздағы бар білімімізді жолымызға азық етіп, жолсерігімізбен «Салтын сүйген-халқын сүйер» ауылына саяхатқа барамыз. Бәріміз саяхаттан қалмай керуенімізбен саяхаттау үшін мына конверттердегі тапсырмаларда орындауымыз керек.
1 тапсырма: -Біз атадан балаға мирас болып келе жатқан қандай әдет-ғұрып салт-дәстүрін білеміз?
/Балаға ат қою, Атқа мінгізу, Тоқым қағу, Сүйінші, Сәлемдеме, Көрімдік, Базарлық, Жеті ата, Шашу, Ерулік, Енші, Аманат. т.б./
2 тапсырма: Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болып, қартайғанға дейінгі халқымыздың дәстүрлі той мерекелерін кім атайды?
/Бесікке салу, Қырқынан шығару, Тұсау кесу, Сүндет той, Мүшел той,
Ендеше оқушылар керуенімізді бастамай тұрып алдымен киіз үй туралы не білеміз, соны біле кетейік.
1 Киіз үйдің жабдықтарын атаңдар?
2 Киіз үй неше қанатты болады?
3 Кереге дегеніміз не?
4 Уық дегеніміз не?
5 Шаңырақ дегеніміз не?
Ал, ендеше керуенімізге барайық. 1 киіз үйдің сұрағын оқиын.
1-аялдама. «Сөздің басы сәлем»
Амандасу қай халықтың болмасын мәдениетінің алғашқы беташары. Қазақ халықындада амандасу мен жөн сұрасудың өзіндік дәстүрлері бар, осы жайында не айтуға болады?
2- аялдама. «Кісі күту-қонақжайлылық»
-Халықымыз «Қонақ келсе қоң етін кесіп беретін қонақпыз» -деп бекер айтпаған. Қонақ келсе шабылып қаламыз. Ертеде әрбір жолаушы кез келген қазақ үйінен қонақ асын жеп кететін болған. Ертеде алаш хан деген хан бар дүние мүлікін, малын тең төрт бөлікке бөлген екен, үш бөлігін үш баласы- Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүзге беріп төртінші бөлігін қонақ сыбағасы болсын деп, үшеуінің ортақ меншігіне қалдырыпты.
-Құдайы қонақ дегеніміз кімдер?
-Мейман қонақ дегеніміз кімдер?
3 – аялдама. «Қонақ кәделер жасау»
-Халықымыз үйіне келген қонақтарын қалай күткен?. Қонақтарды үйге кіргіземіз, қолдарына жылы су құйып, астына таза жұмсақ төсек салып, астың дәмін алдына қойып жағдайын жасап жылы жерге төсек салып береміз. Қонақ кәделер жасап өнерлерімізді көрсетеміз. Мысалы ән, би.
Ән Егемен елім әні: Қайрат Жүнісов.
4 – аялдама. «Ұлттық ойындар»
-Халқымыздың қандай ұлттық ойындарын білеміз?
(Алтыбақан, Қыз қуу, Көкпар, Қыз қуу, Алтын сақа, Ақ сүйек т.б)
5- аялдама. «Қазақтың ұлттық тағамдары»
-Халқымыздың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?
(Ет асу, Қазы, Ірімшік,Жент, Қымыз, құрт т.б)
6-аялдама. «Туыстық атаулары»
Қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша азаматтардың үш жұрты болады Олар өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты. Қазақ үш жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенімен бірін бірі бөтен санамайды. «Қарға тамырлы қазақпыз», – деп жақын тартып жүрген. Сұраса келе, қазақ туыс болған.
Ата, Әже, Апа, Әке, Бала, Тұңғыш бала, Кенже бала, Немере, Қарындас, Іні, Аға, Қайны, Абысын, Келін, Жеңге, Бөле, Бажа, Құдаша, Күйеу, Жезде, Балдыз, Дос, Сырлас, Құрдас дегеніміз кімдер? /Оқушыларға жеке-жеке сұрақтар қою/
7- аялдама. «Қонақтарды шығарып салу»
Үйімізге келген қонақтарды қалай шығарып саламыз?
-Қонақ мейманды қарсы алу, күту шығарып салу рәсімдері қонақ күтумен бірдей. Бірақ, әрбір мейманың сыйласымдымдылық дәрежесіне қарай қонақты шығарып салу кезінде оған сый-сипат көрсетіп, жолжоралғы жасау(ат мінгізу, шапан жабу, жол сыбағасын беру т.б) отбасы міндеті болып табылады.
8– аялдама. «Бата»
Бата дегеніміз не?
«Батамен ел көгерер, еңбекпен жер көгерер» Үлкендердің алды-нан кесе өтпей, жол берсең үлкен кісі сол кезде «үлкен жігіт бол, бақытты бол»-деп батасын береді. Қонағын жақсы күткен үй иесіне, келген қонақ риза болса, сол кезде қонақ үй иесіне бата береді. Той соңында дастархан батасы беріледі.
/оқушылардан бата сұрау/
1-жүргізуші:
Біздер бұрын көрмеген,
Салт – дәстүрім өлмеген.
Үйренеміз дәріптеп
Заманымды өрлеген.
2-жүргізуші:
Егемен болмай ел болмас,
Етек-жеңі кең болмас,
Терезесі тең болмас,
Енді қазақ кем болмас.
ӘН: ҚАЗАҒЫМ
Қорытынды.
Бір сөзбен айтқанда салауаттылық, білімділік жеке адам үшін емес, ел тағдыры, ұлттың, заман тағдыры, қоғам тағдыры іспеттес. Ырымдар мен тыйымдар адамдардың бір – бірімен қарым – қатынасын, табиғатқа, қоршаған ортаға берілген тұжырым, түйінделген қағида. Ырымдар мен тыйымдар халық арасында ерте кезден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін жетті. Әрбір тыйым бекер айтылмаған, әрқайсысының тәрбиелік мәні бар, оқушылар үшін ереже болып табылады. Хадық өзінің осы ырымдар мен тыйымдар арқылы тәрбиелеп, дұрыс жолға салған, қателігін бетіне басқан.
1. Бүйіріңді таянба, таяққа сүйенбе – бұлар жаман әдеттер. Ертеде кісісі өлген үйдің ерлері таяққа сүйеніп, әйел адамдар бүйірін таянып жоқтау айтқан.
2. Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба. Біріміздің өміріміз бірімізбен тікелей байланысты деп оларға зәбір көрсетілмеген. Көзіне ақ түскен адамға құмырсқаның илеуін тауып, жем егіп басына қойған. Сонда көзден ақ шел кетіп қалған.
3. Үйге қарай жүгірме. Тосын жағдай болғанда жаман хабар келгенде үйге қарай жүгірген. Осы айтылған тыйым сөздерді – ырымдарды ұмытпай бір – бірлеріңе айтып жүріңдер және оларды орындап жүруді әдетке айналдырыңдар.