Қоршаған ортамен танысу тақырыбы: “Менің мейірімді отбасым”
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы:«Таным»
Бөлімі : «Қоршаған ортамен танысу»
Тақырыбы : «Менің мейірімді отбасым»
Мақсаты :- отбасы сүйіспеншілігі сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;
– отбасындағы өзара сыйластық қарым -қатынас дағдыларын дамыту;
– отбасындағы үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Отбасы суреті, үй, дидактикалық материалдар.
Сөздік жұмыс: Отбасы мүшелері, менің жақындарым, туыстарым, менің үйім.
Билингвалдық компонент: Менің сүйікті үйім – мой любимый дом, отбасы – семья, мейірімді отбасы – добрая семья
Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс –әрекеті Балалардың іс –әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері
Бақыт – біздің сиқырлы шеңберіміз!
Бақыт – біздің достарға сенгеніміз!
Бақыт – біздің жарқын болашағымыз!
Бақыт біздің тату – тәті отбасымыз!
Бақыт біздің бала бақшаға келгеніміз!
– Балалар тыңдаңдаршы бұл не қылған дыбыс?
– Жақындап қарайықшы.
– Қараңдаршы тауық пен әтештің нелері пайда болды?
– Балапандар қайдан шығып жатыр?
– Енді оларды қалай айтуға болады? Балалар өлең жолдарын айтып, сәйкес қимыл-қозғалыстарды орындайды
Балалар тыңдайды.
-Бұл тауық пен әтештің дыбыстары.
– Олардың балапандары пайда болды.
– Балапандар жұмыртқаны жарып шығып жатыр.
– Оларды бір отбасы деп айтуға болады.
Іздену-
Ұйымдастырушы -Отбасы дегеніміз не?
– Отбасы орысша қалай айтады?
– Дұрыс айтасыңдар, әр кімнің өзінің отбасы болады.
– Отбасында кімдер тұрады?
– Отбасы мүшелерін орысша атап айтайықшы.
– Ағылшынша айтайық.
– Отбасы мүшелері туралы білетін тақпақтарыңды айтыңдаршы.
– Балалар, сендер ата-аналарыңмен біргефотокөрме ұйымдастырған болатынсыңдар.
– Біздің қонақтар сендердің отбасыларың туралы білгісі келеді, сондықтан таныстырып кетейік.
– Рахмет балалар, сендердің отбасыларыңмен де таныстық.
Сергіту сәті: (саусақ гимнастикасы)
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, ойнайық екеуміз:
Бас бармағым – папам,
Балаң үйрек – апам,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен,
Титтей бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз!
– Балалар сендер отбасымды жақсы көреміз деп айттыңдар, ал сендер оларға көмектесесіңдер ме?
– Ендеше қазір тексеріп көреміз. Мен сендерді «Мейірімді істер» атты ойынға шақырамын.
– Балалар менің қолымда әдемі себет бар осы себетке мейірімді істерді жинаймыз.
Ол үшін мынатүрлі-түсті гүлдерді алып үйде ата – аналарыңа қандай көмек көрсететіндеріңді айта отырып гүлді себетке салу керек.
– Жақсы балалар, қараңдаршы біздің себетіміз мейірімді істерге толды.
– Балалар бізге Камиланың анасы мен Айшаның анасы келіп отыр тыңдайық.
– Құрметті аналар, біздің балалар жаңа ғана өздерінің отбасы және отбасына қандай көмек көрсететіні жайлы айтып берді. Енді сіздер өз балаларыңыз жайлы айтып берсеңіздер.
(Ата- аналар өз балалары жайында айтып береді)
-Балалар ағылшын тілінде өлеңді есімізге түсірейік.
-With my foot I tap, tap, tap.
With my hands I clap, clap, clap.
Right foot first, left foot than. Round, around and back again.
– Балалар ал осы тұрған бәрімізді бір отбасы деп айтуға болады ма? Неге?
– Бір үйде, бір пәтерде тұратын адамдар.
– Отбасы дегеніміз жақын адамдар, үйдегілер.
– Отбасы – семья.
– Отбасында ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, қарындас тұрады
– Мама, папа, бабушка, дедушка, сестра, брат.
– mother, father, grandfather, grandmother, sister, brother.
Балалар отбасы, отбасы мүшелері туралы тақпақтар айтады.
– Анашымды сағынам,
Оған ешкім жетпейді.
Анасының жанынан,
Бөбегі де кетпейді.
– Әр күн сайын,
Маған дәйім.
Қамқор болдың,
Әкетайым!
(Балалар фотосуретте кім бейнеленгенін айтып түсіндіреді.)
– Мынау менің әкем, мынау анам және мен, біз бұл суретке отбасымызбен саябақта түскен едік.
– Мына суреттегі менің отбасым, атам, әжем, әкем, анам, ағам және мен. Менің отбасым үлкен.
– Мынау- менің отбасым.
Танысыңдар, достарым.
Мынау- әкем, бұл шешем,
Інім, әпкем және мен.
– Мен отбасымды жақсы көремін. т.б
( балалар саусақтарын, жұдырықтарын ашып сөздерді айта отырып көрсетеді)
– Ия, көмектесеміз.
Балалар ойынға тұра қалады.
Балалар әдемі гүлдерді бір-бірден алып:
– Мен ыдыс жуамын.
– Мен үй жинаймын.
– Ойыншықтарымды жинаймын.
-Ұйқыдан тұрған соң төсегімді жинаймын.
– Үйдегі гүлдерді суарамын.
– Щаңсорғышпен шаң сорамын. т.б айтып салады.
Балалар аналарын тыңдайды.
Балалар ағылшын тілінде өлеңді айтып, қимылмен көрсетеді.
– Ия бір отбасы деп айтуға болады.
-Өйткені біз бір балабақшаға келеміз.
– Бір топқа келеміз.
– Бірге ойнаймыз.
– Бірге тамақ ішеміз.
– Бірге өлең айтып билейміз.
Рефлексивті коррекциялаушы – Ендеше мен сендерді бір отбасы ретінде коллаж жасауды ұсынамын.
– Балалар қараңдаршы істеген коллажымыз қалай болды?
– Несімен ұнады?
– Енді осы коллажды қабырғаға іліп қояйық.
– Балалар, «Менің отбасым» деген өлеңін айтайықшы.
Атамнан басталар,
Әжеммен қосталар
Отбасым мыналар:
Ең жақын адамдар
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар…
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін еремін.
-Жарайсыңдар балалар, келген қонақтармен қоштасайық.
Балалар коллаж жасайды. Өздерінің фотосуреттерін жапсырады.
Коллаждың қалай шыққандығын әңгімелейді.
– Коллаж өте әдемі шықты.
– Маған ойыншықтар ұнады.
Коллажды қабырғаға іліп қояды.
Балалар өлеңді айтып, қимылмен көрсетеді.
Балалар келген қонақтармен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:.
Жасай біледі: Өз отбасылары туралы әңгімелеп айтуды;
Түсінеді : Отбасындағы үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болу керектігін;
Қолданады : Отбасы мүшелері туралы тақпақ, өлең айтуды;