«Мамандықтар».

Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтар».

Сабақтың мақсаты: Балалардың есту арқылы сөйлеуі мен сөйлеу тілі қимылдарын дамыту. Сөздік қорын молайту.
Сабақтың міндеті:
1. Білімділік-мамандық туралы білімдерін нақтылау және шыңдау, тақырып бойынша сөздік қорын белсендіру. Жаңа білім негіздерімен қаруландыру;
2. Түзету-дамытушылық – сөйлеу тілі белсенділігі мен диалогты сөйлеу тілін дамыту, дыбыстық талдау-жинақтау дағдылары мен фонематикалық процестерін дамыту. Ауызша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, есту, ойлау, есте сақтау қабілеттері мен тіл кемістіктерін түзеу;
3. Тәрбиелік- оқуға деген ынтасын көтеру, мұғалімдердің сөзін тыңдай білуге инабаттылыққа тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: Проектор, компьютерлік технология, заттық суреттер,дидактикалық материалдар, қуыршақ, доп т.б
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
— Балалармен сәлемдесіп, назарын сабаққа аударамыз.
— Артикуляциялық және тыныс алу жаттығуларын жүргіземіз.
— Үй тапсырмасын қайталап шығу.
ІІ. Негізгі бөлім.
— Бері қараңдаршы не деген бейберекетсіздік. Мұнда біреулер заттарын шашып тастап кетіпті. Оларды атап шығайықшы- мына ара мен балға құрылысшының заттары. Қайшы мен тарақ кімнің заттары болды екен? т.б.с.с
— Бұл заттар әр түрлі маман иелеріне керек.

Спасибо, объявление скр

Тақырыпты хабарлау.
— Бүгінгі біздің сабағымыз өте ерекше болмақ. Біз «Мамандықтар» қаласына саяхатқа барамыз, ол жерде біз көптеген мамандар туралы ақпараттар аламыз.
— Ал біз ол қалаға немен барамыз, әрине автобуспен барамыз.
ІV. Тақырып бойынша жұмыс.
— Балаларға проектормен әр түрлі мамандық иелері туралы суреттер көрсетіледі.

1) Жүргізуші мен кондуктор туралы білімдерін бекіту.
— Автобусты кім айдайды? (жүргізуші)
— Автобуста билетті кім жинайды? (Кондуктор)
— Жарайсыңдар. Енді жолға шығайық.
— Кенеттен автобустың дөңгелегі жарылып қалды (ш-ш-ш дыбысын дыбыстаймыз)
— Жүргізушіге жел үрлеп көмектесейік (с-с-с-с дыбысын дыбыстаймыз)
— Жүргізуші дабылын қақты кәне қайталайық (би-би-би-би)
Міне қалаға да келіп жеттік.

2) Аспазшы мамандығы туралы білімдерін бекіту.
— Сендер мына тәтті иісті сезіп тұрсыңдарма? Тамақтың иісі шығып тұрған сияқты. Біз кімге қонаққа келдік?
— Аспазшы не істейді?
— Аспазшыға тамақ жасап көмектесейік (Борщ жасаймыз)

3) Дәрігер туралы білімін бекіту.
Балалар үстелге жақындайды. Үстелдің үстінде дәрігердің заттары мен қуыршақ жатыр.
— Іш ауырса, бас ауырса
Саған дәрі береді.
Барлық ана, барлық бала
Оны жақсы көреді.
Мен кім туралы айтып отырғанымды білетін шығарсыдар.
— Дәрігер не істейді?
— Ол қай жерде жұмыс істейді?
— Мына қуыршақ ауырып қалыпты, сен оған көмектесші. (Қуыршақты емдейміз ойыны)

СЕРГІТУ СӘТІ
— Біз жүре-жүре шаршадық, бір демалып тынығып алайық.
ША-ША-ША күн қандай тамша
ШЫ-ШЫ-ШЫ айналаңа қарашы
ШУ-ШУ-ШУ жан-жағымда шу
ШЕ-ШЕ-ШЕ отырайық ендеше
4) Сатушы туралы білімдерін бекіту.
Балалар ойыншықтар дүкеніне жақындайды. Дүкенде кітаптар, ойыншықтар, ыдыстар, азық түліктер бар.
— Біз қайда келдік?
— Дүкенде кім жұмыс істейді?
— (рөлдік ойын «Сатушы»)

V. Сабақты бекіту.
— Біздің саяхатымыз осымен аяқталды. Біз жол жөнекей кімдермен кездестік естеріңе түсіріңдерші.
— Қазір мен сендермен ойын ойнаймын «Қатемді түзе»
— Мұқият болыңдар!
— Жүргізуші стады—жүргізеді
— Тігінші шаш қырқады——тігеді
— Сатушы тамақ дайындайды——-сатады
— Құрылысшы ұшақы айдайды——үй салады
— Ұшқыш көлік жүргізеді———ұшақты жүргізеді.
VІ. Қорытынды.
— Ал сендер болашақта кім болғыларың келеді?
— ЖҮРГІЗУШІ, АСПАЗШЫ, ШАШТАРАЗ, МҰҒАЛІМ, ДӘРІГЕР, ҚҰРЫЛЫСШЫ,ӘНШІ,БИШІ бұлардың барлығын бір сөзбен қалай айтамыз?
— Сендерге сабақ ұнады ма?
VІІ. Үйге тапсырма.
— Үйде артикуляциялық жаттығуларды қайталап, өздеріңе ұнаған мамандық туралы әңгіме құрастырып келіңдер.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *