Төрткөл керуен сарайы

Төрткүл керуен сарайы
Мен осы Тараз қаласының ішінде орналасқан тарихи ескерткіштердің бірі Төрткүл керуен сарайын және Қарахан баба кесенесін зерттеуді шештім.Себебі Тараз қаласының екі жарым мыңжылдық тарихында маңызды роль атқарады.
Ерте дәуірлерден-ақ Орта Азия аймағын өзге де елдермен байланыстыратын керуен жолдары болған.
Керуен Сарай (парсыша: کاروان‌سرا‎ [kārwānsarā]) — Азия құрлығында, Оңтүстік Еуропада, Қазақстан мен Кавказ елдерінде қалалар мен керуен жолдарының бойында ежелгі дәуір мен орта ғасырларда, ішінара жаңа дәуірде салынған аялдама, дамылдау орны.
Керуен Сарай тұрғызу ерте заманнан белгілі. Үлкен керуен жолдарының бойында («Ұлы жібек жолы», т.б.) көптеп тұрғызылған. Керуен Сарайлар, әсіресе, 7 ғасыр мен 19 ғасырдың аралығында халықаралық байланыс пен сауда-саттықтың дамуы әсерінен маңызды орын алды. Керуен Сарайдың екі түрі: төбесі жабық тұйық аулалы және төбесі ашығы бар. Жабық түрі Кавказда (Арменияда) жиі кездеседі. Керуен Сарайдың ортасында мал суаты, айналасында жолаушылар жайғасатын қонақ бөлмелер болған. Екінші түрінде көлікті ортадағы тұйық алаңға жайғастырып, бір кейде бірнеше қабатты шағын бөлмелерге жолаушылар орналасатын болған. Кейбір жерлерде Керуен Сарай кешенді түрде (дамылдау, қонақ үйі, мешіт, асхана, т.б.) салынған. Керуен Сарайлар көп жағдайда қамал-қорғандармен қоршалып, немесе рабаттар мен ханакаларға жалғастырыла салынған. Ірі Керуен Сарайлар Қазақстандағы ежелгі Отырар, Тараз, Түркістан, Сауран, т.б. қалаларында болған.

Керуен Сарай Кередж, Иран Буюк Хан, Никосия, Кипр
20 ғ-дың бас кезінде ұзын дуалдар төңірегінде отыздан астам төмпешіктер-қорғандар, қоныстар, некропольдер қалдығы бар еді. Қазіргі кезде олардың бәрі тегістеліп, үйлер салынған. Сүлейманов көшесінің батыс бөлігіндегі төрткүл және телеорталық ауданындағы қоныс, сондай-ақ қаланың солтүстік шетіндегі ұзын дуалдардың жекелеген бөліктері сақталынып қалды. 1867 ж. қалашықты П.И. Лерх зерттеді. 1893-94 жылдары Талас даласындағы ескерткіштермен бірге Әулиеата аумағындағы қалалар ескі орнын В.В. Бартольд қарап шықты. Алғаш рет қазба жұмысы 1927 ж. (М.Е. Массон) жүргізілді. 1938 ж. қалашық шахристанымен қамалына КСРО ҒА Қазақ бөлімшесі экспедициялары (А.Н. Бернштам) алты жерден қазу жүргізді. 1940 ж. қазуды Жамбыл археологиялық пункті (Г.И. Пацевич), 1958 ж. – Қазақ КСР-нің АЭҒЗИ-нің Тараз археол. экспедициясы (Т.Н. Сенигова) жүргізді. 1960-65 жж. Қазақ КСР ғылым академиясының АЭҒЗИ (Е.И. Агеева, Т.Н. Сенигова, М.С. Мерщиев) орта азиялық экспедициясы қайта қазу жұмыстарын жүргізді, 1983-85 жж. Қазақ КСР ғылым академиясының Тараз археология экспедициясы, одан кейін Қазақ КСР-нің тарихи және мәдени ескерткіштер жиынтығы археолгия. Ескерткіштердің түгелдей жойылғанына қарамастан көп жылғы археол. жұмыстардың, сондай-ақ қазіргі қала аумағына құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде табылған заттар нәтижесінде көне және орта ғасырдағы Тараз өмірінің әртүрлі кезеңдерін сипаттайтын елеулі материалдар жинақталды. Тараз орнына құрылыс орындары салынды, сондықтан қалашықтың бейнесін 19 ғ.: және 20 ғ-дың 30 жылдарындағы жиналған мәліметтер негізінде көз алдымызға елестетуге болады. Ерте дәуірлерден-ақ Орта Азия аймағын өзге де елдермен байланыстыратын керуен жолдары болған. Ежелгі қала орындарына жасалған археологиялық қазба жұмыстары сауда жолындарында түрлі өркениеттердің болғанын дәлелдейді. Соның бірі Тараз қаласындағы «Төрткүл» керуен сарайы.

«Төрткүл» кешені IX ғасырда ірге көтерген, төрт ғасыр бойына сауданың қайнаған қызу ортасы болған, Тараз тарихының тамырын тереңге тартатын кешендерді бірі. Кешеннің жалпы аумағы 100 шаршы метрден асады. Қорғандарының биіктігі 5 метрдей болса, қалыңдығы да 5 метрге жуық. Қорған айналасында 4 мұнара, оңтүстік және солтүстік жағында 8 метрлік 2 қақпа жасалған. Негізгі қақпаның екі шетіндегі 4 бөлмеде қолданбалы өнер шеберханасы болған.
Керуен сарайы кешенінде қонақ үй, жүк таситын түйе мен жылқыларға қоралар, жүк сақтайтын қоймалар қарастырылған. Бұл жерлерде керуендер мен оның құрамын қарақшылардан қорғайтын арнайы жасақтар да қызмет ететін.
Керуен сарайлардың қорғаныс мақсатындағы салынуы және оның ішкі құрылыс бөліктері сыртқы пішінінің бекініс түрінде көрінуіне себеп болды. Олар қамал дуалдарымен қоршалды. Көпшілігі екі бөліктен дуалмен қоршалған. Дуал бекіністері тік төртбұрышты пішіндес келетін, ішкі алаңқайлары жан-жағына әртүрлі мақсаттағы бөлмелер салынған.Қазба барысында табылған түрлі қыш ыдыстар, арабша жазуы бар мыс тиындар, жебе ұштары, үзеңгі секілді ат әбзелдері, бөлмеде орналасқан қазан ошақтары, сақтау қоймалары ғылыми-лабороториялық зерттеумен айқындалып, қазба барысында табылған заттай деректер Алматыдағы археология институтына жіберілген.

Бір қызығы, керуен сарайлары жол бойына арнайы жүйелі есеппен салынған. Таңертең керуен сарайдан шыққан керуен күн бата келесі бір тұраққа жетіп тоқтайды. Ол керуеншілерде жол бойындағы қонақ үйлердің қай жерде орналасқаны туралы анықтама кітапшалары болған.

Көне Тараз қаласының ортағасырлардағы сәулетті құрылыстарының бірі ерте ислам дәуірінің мешіті (IX-XII ғғ.) және оған қосалқы салынған керуен-сарайы (VIII-XII ғғ.) қазіргі Тараз қаласының орталық бөлігінде, Төле би көшесінің бойында Қарахан кесенесіне жақын жерде орналасқан. Ескерткіш 2017 жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген.

Ежелгі Таразда түркі қағандары билік құрған заманда әртүрлі дін өкілдері бейбіт өмір сүрді. Х ғ. араб географы әл-Мағдиси: «Тараз – бекiнiстi үлкен қала, бау-бақшалы, халқы көп, айнала ормен қоршалған, төрт қақпасы және рабады бар. Ал базардың нақ ортасындағы үлкен мешiтi көрiнiп тұрады» – деп сипаттайды. Тарихи деректерге жүгінсек, ІХ ғ. дейін Тараз қаласының аумағында несториандық-христиандық шіркеу болып, кейіннен мешітке айналған құрылыс нысаны болғандығы жайлы мәліметтер кездестіреміз. Мұндай мешіттер ортағасырлық Дихнуджикес, Хамукет, Атлах, Жікіл, Бехлу қалаларында да болған. Бұл кезең жазба деректер бойынша ІХ ғасырдың аяғында Таразды саманидтердің жаулап алған уақытына түспа-тұс келеді. Жазба деректер бойынша, 893 жылы Исмаил ибн Ахмад Таразға әскери шабуылдар жасап, көптеген қиындықтар туғызады. Тараз әмірі елін аман алып қалу үшін соғыссыз беріліп, 10 мың қала жұртымен бірге ислам дінін қабылдайды. Осы кезеңнен бастап басқа діндегі ғибадатханалар мен христиандық шіркеулер толығымен исламдық мешіттер ретінде қайта жасақталған.Тараз қаласының орталық бөлігіндегі мешіт пен оған қарама-қарсы орналасқан керуен-сарай да исламдық мәдениеттің келуімен қайта құрылған ескерткіштер болуы мүмкін.

Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында 8 бөлмеден тұратын керуен-сарай ғимараты үш рет қайта құрылып, қалпына келтірілгендігі анықталған. Мешіт пен керуен-сарай құрылысы Орта Азиялық ислам мәдениетінің сәулет ескерткіштеріне ұқсас келеді. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде тиын, қыш-құмыра, тұрмыстық бұйымдар мен өзгеде тарихи жәдігерлер табылған.

2016 жылы нысанда уақытша сақтау және музейлендіру жұмыстары жүргізіліп, жергілікті тұрғындар мен туристер келіп тамашалайтын тарихи ескерткіш орнына айналған.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *