Ы.Алтынсарин Атымтай Жомарт
Қысқа мерзімді жоспар үлгісі
ҰМЖ бөлімі | 2-бөлім:Тәрбиенің қайнар бұлағы | ||||||||||||||
Сабақ | Қазақ әдебиеті | ||||||||||||||
Тақырыбы | Ы.Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі. Жомарттық пен сараңдық | Мектеп: Бейнеу ауданы
Бейнеу селосы «Бейнеу ауданының әкімдігінің «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ |
|||||||||||||
Мерзімі | 23.06.2017 ж | Мұғалім: Оразалы Перуза Әсенқызы | |||||||||||||
Сынып : 5 | Қатысқандар: 17 | Қатыспағандар: 0 | |||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттар | 5.А/И1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу
|
||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | 1.Барлық оқушылар орындай алады: Шығарма мазмұнын түсінеді, зерттейді. Рөлдік ойындар, таныстырылым әдістері арқылы шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра отырып, тұжырымдайды. Қарама-қарсы ұғымдағы жомарттық пен сараңдықты мәтін мазмұнынан табады,салыстырады. | ||||||||||||||
2. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Көркем шығармада көтерілген мәселе бойынша өз көзқарасын дәлелді етіп жеткізеді. Шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра отырып, тұжырымдайды, «Ойлан,зерделе» әдісі арқылы сыни ойлау тұрғысынан зерделейді. | |||||||||||||||
3. Кейбір оқушылар орындай алады: «Құнды пікір» әдісі арқылы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра отырып, түйінді ой айта алады. Жомарттық пен сараңдықты адамгершілік тұрғысынан салыстыра бағалайды. Әдеби шығармада көтерілген мәселеге анализ жасай отырып, өмірдегі шындыққа көзқарасын қалыптастырады. | |||||||||||||||
Бағалау критерийі |
|
||||||||||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстырып және қарама-қарсы суреттеулерді тауып, диалог, пікірталасқа түсу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана алады. | ||||||||||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: көңілге жел кіру, дәулет,әдет, кем-кетікке жәрдем беру, әбірет алу | |||||||||||||||
Диалог құруға\шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: шөп тасып, жұмыс қылады, ұмытармын деп қорқамын, әбірет алсын деймін. | |||||||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Әңгіме оқырманға қандай үлгі-өнеге көрсетеді? – Қазіргі заманның Атымтай Жомарты қандай? -Егер сен бай болсаң, не істер едің? |
|||||||||||||||
-Не себепті Атымтай Жомарт дәулетті болса да, шөп тасып,күнде еңбектенеді? | |||||||||||||||
Ишара: рөлдік ойындағы қол қимылдары | |||||||||||||||
Құндылықтарға баулу
|
Зайырлы қоғам мен жоғары руханият. «Атымтай Жомарт» әңгімесінің айтар негізгі түйінді ойы арқылы еңбекке деген құрмет, өмір бойы білім алу құндылықтарына, рухани өрлеуге баулимын. | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдеби шығармадағы кейіпкердің пікірі арқылы, оқушыларға сұрақтарды талдату арқылы еңбекке деген құрметті қалыптастырамын, еңбекке баулу пәнімен байланыстырамын. Шығармадағы жомарттық пен сараңдықты салыстыру арқылы анализ жасай отырып, адамгершілік,ізгі құндылықтарға ынталандырып, өзін-өзі тану пәнімен байланысты шебер де ұтымды қолданамын. | ||||||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім | «1 минут» әдісі. Оқушылар шеңбер құрап тұрады. Оқушылар өтілетін тақырып бойынша не білетінін 1 минут тоқтамай айтып шығады. | ||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері |
|||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Қалыптастырушы бағалау | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 3мин | 1.«Сәлемдесу» сергіту сәті. Білім
алушылар орындарынан тұрып, көршісінің аттас саусақтарына кезек-кезек тигізеді, бас бармақтан бастайды: -Мен саған тілеймін(бас бармағын тигізеді) -Бақыт(сұқ саусағын тигізеді) -Денсаулық(ортаңғы) -Барлығында(атаусыз саусақ) -Барлық жерде(шынашақ) -Сәлеметсің бе!(алақанын бір-біріне тигізеді) 2.«Суреттер: не болды?» әдісі. Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі. Оқушылардан суретте не болып жатқанын және түсіндіріп берулері сұралады.
Білім алушының назарын шоғырландыру үшін қосымша жетекші сұрақтар қойылады: – Суреттен не байқадыңдар? – Бұл қандай адам? Оның бойында қандай жақсы қасиет бар деп ойлайсыз? – Бүгінгі сабақтың тақырыбы не жайлы? Болжаңыз. 3. Оқушылармен бірігіп, бүгінгі сабақ мақсатын айқындап аламын. 4. Үлестірме қағаздар арқылы сынып оқушыларын топқа бөлемін. І топ. Жомарт ІІ топ. Мейірім ІІІ топ. Еңбек |
|
«Суреттер: не болды?» әдісіне арналған суреттер
«Жомарт», «Мейірім», «Еңбек» топ аттары жазылған үлестірме қағаздар |
||||||||||||
Сабақтың ортасы
4 минут
3 минут
10 минут
10 минут
6 минут
6 минут
|
Білім алушы әрекеті: Оқушылар «Атымтай Жомарт» әңгімесінің мазмұнын талдай отырып, шығармадағы оқиғаларды рет-ретімен «Уақыт тізбегі» әдісі бойынша сызбаға жазады. Тапсырманы орындауда мағынаны ұғынуға арналған оқылым мен жазылым тапсырмасы арқылы орындатамын.
Ойлау дағдысының деңгейі: білу,түсіну Бағалау критерийі: Шығарма мазмұнын түсінеді Тұжырым жасайды. Тапсырма. «Уақыт тізбегі» әдісі. «Атымтай Жомарт әңгімесінің мазмұнын талдай отырып, оқиғаларды рет-ретімен сызбаға орналастырып жазыңыз.
Атымтай жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын таныстары сұрады дейдi: – Жомарт, құдай бергей дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп. Жомарт айтты дейдi: – Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiншiсi: құдайтағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi.
Дескриптор: 1. Әдеби шығарманың мазмұнын түсінеді. 2. Мәтін мазмұнына анализ жасайды. 3. Шығармадағы оқиғалар тізбегін сызбаға түсіреді. Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын сөздер: «Жарайсың!», «Керемет!», «Әлі де ойлан!»
Жұптық жұмыс. «Ойлан, зерделе» әдісі Білім алушы әрекеті: Берілген сөздің мағынасын түсіне отырып, жомарттық пен сараңдық сөзі қатысқан мақал-мәтел тауып, кестені толтырады. Тапсырманы орындауда тілдік мақсатты басшылыққа ала отырып, жазылым тапсырмасы арқылы орындатамын.
Ойлау дағдысының деңгейі: қолдану Бағалау критерийі: Жомарттық пен сараңдық сөзінің мағынасын ашады. Тапсырма. Жомарттық және сараңдық сөзінің мағынасын анықтап, осы сөздер қатысқан мақал-мәтел тауып, кестені толтырыңыз.
Дескриптор: 1 «Жомарттық» сөзінің мағынасын ашады. 2. «Сараңдық» сөзінің мағынасын ашады. 3. Мақал-мәтелді тауып жазады. 4. Кестені толтырады. Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Дәл таптыңыз!», «Орынды айтылған!», «Жарайсың!»
Топтық жұмыс «Топтық тергеу немесе зерттеу» стратегиясы Білім алушы әрекеті: Білім алушылар интерактивті тақтада жазылған топ аттарына назар аударып, өзінде қызығушылық тудырған топқа бірігеді. Сол топқа берілген тапсырманы орындайды. Ойлау дағдысының деңгейі: қолдану,талдау Бағалау критерийі: Кейіпкерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды. Тапсырма:
Дескриптор: 1 Шығарманың мазмұнын баяндайды. 2. Шығарма туралы, оның авторы туралы зерттейді. 3. Мәтін мазмұны бойынша әр түрлі деңгейлегі сұрақтарды құрастыра алады. 4. Шығармадан афоризмдерді, нақыл сөздерді табады. 5. Жомарт адам мен сараң адам бейнесін салыстырады. 6. Жомарт пен сараң адам бейнесін интернет желісінен табады немесе сурет салады. 6. Шығармада көтерілген мәселені қазіргі заманмен салыстырады.
Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Шебер орындалған!», «Құнды пікір айттыңыз!», «Дөп түстіңіз»», «Өте жақсы!»
Топтық жұмыс. «Тұжырымда» әдісі Білім алушы әрекеті: Білім алушылар шығармадағы әңгімедегі Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра және қарама-қарсы ұғымдағы суреттеулерді мәтіннен тауып, өзіндік пікірлерін дәлелдеп, тұжырым жасайды. Тапсырманы орындауда саралау тапсырмасы негізінде орындатамын. Берілген тапсырмалар оқушының қызығушылығына орай, деңгейіне қарай сараланып алынды. Бірлескен оқу жүзеге асады.
Ойлау дағдысының деңгейі: талдау Бағалау критерийі: Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді, жомарттық пен сараңдықты мәтіннен табады. Тапсырма. Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың айтқан пікірлерін оқи отырып, өзіндік жеке пікірлеріңді дәлел келтіре отырып, тұжырым жасаңдар. Жұмыстың нәтижесін постер қорғау, рөлдік ойын, диалог, пікірлесу арқылы көрсетіп, қорытындылаңыз. Талқылау сұрақтары: -Неліктен Атымтай Жомарт дәулетті бола тұра, шөп тасып,еңбек қылды? Себебін түсіндіріңіз. -Жомартыққа қарама-қарсы қасиетті қай кейіпкердің сөзінен байқадыңдар? Дәлел келтіріңіз. – Атымтай Жомарттың пікірінен қарама-қарсы суреттеулерді табыңыз, анализ жасаңыз. І топ. Постер дайындау ІІ топ. Рөлдік ойын көрсету ІІІ топ. Диалог, пікірталас Дескриптор: 1 . Шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстырады, 2. Анализ жасай отырып, өзіндік баға береді. 3. Постер дайындайды. 4. Рөлдік ойынды көрсетеді. 5. Диалог,пікірталас ұйымдастырады.. Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздер: «Тамаша!», «Жарайсың!», «Құнды пікір!», «Жақсы!»
Жұптық жұмыс. «Қос диаграмма» әдісі Білім алушы әрекеті: Білім алушылар жомарт адам мен сараң адамның бейнесін салыстырады,ұқсастығы мен айырмашылығын тауып,жинақтайды. Берілген диаграммаға салады. Мәтіннен түсінгенін және өзінің ойын білдіру үшін графикалық органайзерлерді тиімді қолданысқа енгіздім.
Ойлау дағдысының деңгейі: жинақтау Бағалау критерийі: Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді, жомарттық пен сараңдықты мәтіннен табады. Тапсырма: Жомарт адам мен сараң адамның бейнесін салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, диаграммаға салыңыз. Интербелсенді тақтада орындаңыз.
Дескриптор: 1 . Жомарт адам мен сараң адамның бейнесін салыстырады, 2. Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ажыратады. 3. Ұқсастығы мен айырмашылығын табады. 3. Қос диаграмманы толтырады. Кері байланыс: «Өте жақсы жазылған», «Дұрыс таптың!», «Орынды айттың!», «Интерактивті тақтада орындағын жұмысыңыз үздік болды!», «Шебер орындадыңыз!»
«Құнды пікір» әдісі Білім алушы әрекеті: Білім алушы сыни тұрғыдан ойланып, шығарманың құндылығын анықтайды. Әдеби шығармада көтерілген мәселеге анализ жасай отырып, өмірдегі шындыққа көзқарасын қалыптастырады. Ойлау дағдысының деңгейі: бағалау Бағалау критерийі: Кейіпкерді шынайы өмірмен салыстырып,бағалайды. Тапсырма:
Білім алушының ойлау қабілетінің эмоциялық жағына әсер ету үшін бағалаушы сұрақтарды тиімді қолданамын,өйткені жаңа ақпарат білім алушының ішкі дүниесіндегі жағымды ассоциациялармен байланысты болса, ақпаратты тез қабылдайды. Дескриптор: 1 . Сыни тұрғыдан ойланып, шығарманың құндылығын анықтайды. 2. Кейіпкерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды. 3. Өмірден мысал келтіріп,өз ойын дәлелдейді. 3. Шығармадағы көтерілген мәселені бүгінгі күнмен байланыстырады. Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Ұтымды жауап», «Өте жақсы!», «Құнды пікір айттыңыз»» |
Смайлик арқылы бағалау Қалыптастырушы бағалауды сабақ барысында оқу үдерісін түзетіп отыру үшін тиімді қолданамын.
«Бас бармақ» әдісі Басбармақ жоғарыға қарай – өте жақсы Басбармақ көлденең – жақсы Басбармақ төмен қарай- орташа Қалыптастырушы бағалауды сабақ барысында оқу үдерісін түзетіп отыру үшін тиімді қолданамын.
«Мадақтау сэндвичі» бағалауы 1 бөлік – позитивті комментарий,не ұнады; 2 бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек; 3-бөлім- Келешекке арналған комментарий, маған ұнады,бірақ келесі жолы… Қалыптастырушы бағалауды сабақ барысында оқу үдерісін түзетіп отыру үшін тиімді қолданамын.
«Сөздік бағалау» әдісі бойынша ауызша бағаланады. «Өте жақсы» «Жарайсың» «Дәл тауып айттың»,т.б. сөздері арқылы Қалыптастырушы бағалауды сабақ барысында оқу үдерісін түзетіп отыру үшін тиімді қолданамын.
Бағдаршам арқылы бағалау: жасыл – өте жақсы, сары – жақсы, қызыл – орташа Қалыптастырушы бағалауды сабақ барысында оқу үдерісін түзетіп отыру үшін тиімді қолданамын.
«Бойтұмар» әдісімен бағалау: тапқыр, зейінді, ақылды, көшбасшы, ойшыл, зерек, білгір,т.б. Қалыптастырушы бағалауды сабақ барысында оқу үдерісін түзетіп отыру үшін тиімді қолданамын.
|
«Атымтай
Жомарт» әңгімесі
«Уақыт тізбегі» әдісі Интербелсенді тақта
«Ойлан, зерделе» әдісі
Жұптық жұмыс
«Топтық тергеу немесе зерттеу» стратегиясы
Топтық жұмыс
«Тұжырымда» әдісі Топтық жұмыс
«Қос диаграмма» әдісі Жұптық жұмыс.
Интербелсенді тақта |
||||||||||||
Сабақтың соңы
3 минут |
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі
Оқушы әрекеті: Білім алушы өздеріне жақын сөйлемді таңдайды. Айтылған ойды жалғастырады.Білім алушы «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсырады. -Бүгінгі сабақта мен … түсіндім, … білдім, … көзімді жеткіздім. -Мен өзімді … мақтар едім. -Маған ерекше ұнағаны … – Сабақтан соң маған … келді. – Бүгін маған .. … … сәті түсті. – Қызықты болғаны …. – ….. қиындық тудырды. – Менің түсінгенім … -Енді мен …. аламын. Білім алушылар өз – өзіне есеп беріп, қажеттілігін,өзіндік көзқарасын қалыптастыру үшін және де өз – өзіне баға бере алу үшін«Аяқталмаған сөйлем» әдісін тиімді қолданамын. |
Стикер | |||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||
Саралау:
Саралап оқытуды ұйымдастыруда Гарднердің көптік зият теориясына негіздеп, білім алушылардың лингвистикалық және тұлғааралық жеке қабілеттерін ескере отырып құруды басты назарда ұстанамын. Себебі әдебиет сабағында қолданатын саралау тапсырмалары – білім алушының жеке тұлғасының дамып, қалыптасуын көздейтін бірден-бір таптырмас дидактикалық үдеріс. Білім алушының тұлғалық қасиеттері мен қабілеттерін әдебиет пәнін оқыту арқылы шешу мақсатымен сабақта «Уақыт тізбегі», Ойлан,зерделе», «Топтық тергеу немесе зерттеу», «Тұжырымда», «Қос диаграмма» әдістерін ұтымды қолданамын. Бұл әдісті қолдану барысында білім алушыларға мынадай саралау тапсырмаларын ұсынамын: топтық жұмыс барысында қабілетіне қарай постер қорғау, рөлдік ойын көрсету,пікірталас жүргізу; қызығушылығына қарай: мәтін мазмұнына сурет салу, мәтін бойынша қиын сұрақтар құрастыру, әдеби шығарма, оның авторы туралы зерттеу, әңгімені әдеби тілге жақын етіп баяндау, шығармадағы көтерілген мәселені қазіргі заманмен байланыстыру. «Тұжырымда» әдісін қолданғанда білім алушының қызығушылығын арттыра отырып, бірлескен оқуды жүзеге асырамын. Білім алушылар өздерінің қызығушылығына орай және жеке қабілеттерін дамыта отырып, шығарма мазмұнына анализ жасай алады, анықтайды, салыстырады, тілдік мақсатты көздей отырып мәтіндегі сөздер мен тіркес сөздердің мәнін аша алады, әдеби шығарманың құндылығын ұғынып, өзіндік бағасын береді, шығармада көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстырып,құнды пікір айта алады. Ең бастысы білім алушы мұғалім ұйымдастырған саралау тапсырмаларын қызығушылықпен орындай отырып, мұғалім тарапынан жеке тұлға ретінде қалыптасуына қолдау таба алады.
|
Бағалау. Білім алушының білімін бағамдау мақсатында бірнеше әдіс-тәсілдерді қолданамын. Тақырып бойынша алдыңғы білімін анықтау үшін «1 минут» әдісін аламын. Білім алушының өтілетін тақырып бойынша не білетінін еске түсіріп, ой жүгіртіп, әрі оқушының білімін бағдарлаймын. Сабақ басында «Суреттер: не болды?» әдісін ұтымды қолданамын. Сабақ бастамас бұрын білім алушының назарын шоғырландыру үшін бұл әдіс тиімді болады. «Уақыт тізбегі» әдісі білім алушыда жазылым дағдысы қалыптасуын жүзеге асырып, графикалық органайзерді пайдаланып, яғни кестені толтырады. Кері байланысты ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Жарайсың!», «Керемет!», «Әлі де ойлан!»
Смайлик арқылы бағалау жүзеге асады.
Тілдік мақсатты жүзеге асыру мақсатында «Ойлан,зерделе» әдісін қолданамын. Тақырыпқа қатысты сөз тіркестері мен сөздердің мәнін ашу және мәтіндегі детальді бөліктеріне назар аудара отырып, білім алушының жазылым дағдысын қалыптастырамын. Кері байланысты ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Дәл таптыңыз!», «Орынды айтылған!», «Жарайсың!» «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау жүреді. Басбармақ жоғарыға қарай – өте жақсы. Басбармақ көлденең – жақсы. Басбармақ төмен қарай- Орташа. «Топтық тергеу немесе зерттеу» стратегиясын қолданғанда білім алушылар әдеби шығарманың құнылығын анықтап, қазіргі заманмен салыстырады. Тапсырма орындау барысында білім алушының тыңдалым, жазылым, айтылым, оқылым дағдылары қатар қалыптасып, тұлғаның жеке қабілеттері дамуына септігін тигізеді. «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы бағалау жүреді. 1 бөлік – позитивті комментарий,не ұнады; 2 бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек; 3-бөлім- Келешекке арналған комментарий, маған ұнады,бірақ келесі жолы… «Тұжырымда» әдісі бойынша берілген тапсырмалар оқушының қызығушылығына орай, деңгейіне қарай сараланып алынды. Бірлескен оқу жүзеге асады. «Сөздік бағалау» әдісі бойынша ауызша бағаланады.«Өте жақсы» «Жарайсың»«Дәл тауып айттың», т.б.сөздері арқылы. «Қос диаграмма», «Құнды пікір» стратегиялары бойынша орындаған тапсырма орындаған білім алушыларды «Бағдаршам» әдісі арқылы, «Бойтұмар» әдісі арқылы бағалау жүреді. Қалыптастырушы бағалауды сабақ барысында оқу үдерісін түзетіп отыру үшін тиімді қолданамын. Сабақ барысында кері байланысты ауызша жүргізіп отырамын.
|
Пәнаралық байланыс. Денсаулық және қауіпсіздік,
АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс.Әдеби шығармадағы кейіпкердің пікірі арқылы, оқушыларға сұрақтарды талдату арқылы еңбекке деген құрметті қалыптастырамын, еңбекке баулу пәнімен байланыстырамын. Шығармадағы кейіпкер пікірін талдау арқылы еңбекке деген құрметке баулимын. Шығармадағы жомарттық пен сараңдықты салыстыру арқылы анализ жасай отырып, адамгершілік,ізгі құндылықтарға ынталандырып, өзін-өзі тану пәнімен байланысты шебер қолданамын.Кейіпкер бойындағы ізгі қасиеттерді саралай отырып, оқушының өн бойына топтастырдым. Өзін-өзі тәрбиелеуге жетелеймін. «Қос диаграмма» әдісін қолдану арқылы білім алушыларға графикалық органайзерлерді интерактивті тақтада орындатамын, білім алушының АКТ-ны қолдану шеберлігін арттырамын. «Сәлемдесу» сергіту сәтінде саусақтарын түйістіріп жаттығу жасау арқылы денсаулығын нығайтады,әрі жаттығу жасау барысында қауіпсіздік ережесін басты назарға қоямын. |
|||||||||||||
Рефлексия
|
5-сыныптың қазақ әдебиеті пәнінен «Ы.Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесі. Жомарттық пен сараңдық» тақырыбына ықшамсабақты жоспарлағанда «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған білім мазмұны курсынан алған біліміме сүйеніп құрамын. Ең алдымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын білім алушының бойына сіңіре отырып, пән бойынша функционалдық сауаттылығын арттыруды көздеймін. Ықшамсабақта жоспарлаған жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білемін. Жоспарланған саралау тапсырмалары қарапайымнан күрделіге қарай білім алушының қажеттілігін қанағаттандыратындай етіп құрылады. Ж.Аймауытов айтқандай «Жұмыстау негізіне баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры,мағлұматы салынып,дәл айтқанда,балаға танымал жақын нәрседен басталғаны» дұрыс деген пікірді ұстанамын. Ықшамсабақ өту барысында білім алушылар өзіндік жеке көзқарасын білдіріп,түйінді ой айта алады, оқу және танымдық деңгейлеріне орай саралау тапсырмаларын орындайды, интербелсенді тақтамен жұмыс жасап үйренеді,өз тәжіриесіне енгізеді. Ең бастысы құнды пікір айтып, сыни тұрғыдан ойлана алады.Өз сыныптастарының жұмысына сын көзбен қарап, бағалай біледі. Әрбір тапсырманы уақытқа нақтылап жоспарлаймын. Ықшамсабақ жоспарлауда кері байланыс пен рефлексия қолдануда өзгеріс енгіздім, себебі курсқа дейінгі уақытта осы екі бөлімді бір ұғымда қолданып келген болатынмын. Ықшамсабақтың жоспарын алдағы уақытта да SMART форматында қолданып,тәжірибеме толықтай енгізетініме сенімдімін. | ||||||||||||||
Кері байланыс | «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының мақсаты оқушыларды шығармашылық ойлауға бағыттау, өз ойын еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және талдау, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Қазақ әдебиеті ой-өрісі дамыған, әдеби тіл мен әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, күрделі мәселелерді шеше алатын өмірге бейім тұлғаны тәрбиелейді. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идясының құндылықтарын жас ұрпақ бойына сіңіруде «Қазақ әдебиеті» пәнінің рөлі зор. «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасының түп-төркінінде оқу бағдарламасының спиральділік қағидаты жатыр. Курс тренері Ұзақбай Айжан Жұбанқызынан үйренгеніміз көп болды. Атап айтар болсам: «Қазақ тілі « және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы, осы пәндерді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер, оқу үдерісін жоспарлау, оқу жоспары, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру, критериалды бағалау. Тренерден үйренген жаңа әдіс-тәсілдер: тиімді оқытудың сегіз тәсілі, «1 минут» әдісі, ӘСЭТ талдауы, «Бұрыштар» тәсілі, «Үш адамның тыңдалымы» әдісі, «Тыңдалым кестесі» әдісі, «Пікірталас шеңбері» әдісі, «Бес үдемелі ұғым» әдісі, «Жыландар мен баспалдақтар» әдісі, «5-5-1» әдісі, «Артығын алып таста» әдісі, «Пирамида» әдісі, «Дара диаграмма», «Қос диаграмма» әдістері, «Уақыт тізбегі», «Хикая картасы» әдісі, «Шығу билеті» тәсілі,т.б. Тренерден үйренген әдіс-тәсілдерді ықшамсабақ жоспарлауда тәжірибеме енгіздім. Кері байланыс пен дескриптор құруды тренерден меңгеріп, қысқа мерзімді жоспарда пайдаландым.Әріптестерім Г. және Н-мен кері байланыста «Тұжырымда» және «Аяқталмаған сөйлем» әдістерін ықшамсабағыма енгізіп, ұтымды қолдандым. Ықшамсабақты жоспарлауда тренер мен әріптестермен кері байланыстың көмегі мол болды. |