«Ойнайық та ойлайық!»

Мақсаты: Жады мен зейінін жаттықтыру, сөйлеуі мен ойлауын дамыту арқылы балалардың мектепке дайындығын анықтау, ойын ойнау арқылы балаларға мектептегі оқу құралдарынан мәлімет беру, мектеп өмірімен таныстыру.

Жүру барысы:

Психолог:Сәлеметсіздерме балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!

«Күн шуағын шашады» ойын-жаттығуы.

Психолог: – Балалар жоғарыға қараңдаршы, мынау не?

Балалар: – Күн

Психолог:– Дұрыс,балалар, күн бізге шуағын шашып жылуын береді.Қазір

біз осы күннен бойымызға жылу алайық. Ол үшін екі қолымызды жоғарыға күнге қарай созайық.

– Күннен жылу алдық па?

– Иә

– Енді осы күннен алған жылуымызды алақан арқылы үрлеп, бір – бірімізгетаратайық. Енді апайларға да жылу таратайық.

Бүгінгі біздің жұмысымызда біз қазына іздеуге шығамыз. Себебі менің қолымда сиқырлы кілттің бөлшегі тұр. Оның басқада бөлшектерін табуға маған көмектесесіңдер ме?

Балалар: Иә

Психолог: Олай болса балалар біздер алдымыздағы жолмен қазына іздеуге аттанайық. Ол үшін біз жаяу жүріп қазынаны іздейтін боламыз.

 

1.«Сиқырлы қоржын» ойыны.

Жүру барысы: Балалар қараңдаршы біздің алдымызда бір қоржын тұр. Сыртында шартты ескерту бар екен балалар, қоржынды ашып қарамай оны қол мен сипап сезу арқылы ішінде не бар екенін табыңдар деген.

Балалар:Шеңберге тұрып сиқырлы қоржынға қолдарын салып ішінде не бар екендерін айтады. /кітап, дәптер, сөмкеқалам, қарандаш, қайшы, өшіргіш, сызғыш, бояу/

Психолог:Бұлар нелер балалар?

Балалар: Оқу құралдары

Психолог: жарайсыңдар, сиқырлы кілтіміздің бір бөлшегі табылды.

 

2.«Сиқырлы ертегілер текшесі» ойыны.

Жүру барысы: Балалар алдымызда текше мен ойын жатыр. Бұл жай текше емес сиқырлы ертегілер текшесі екен. Қане балалар, сиқырлы текшемізді лақтырайық, қай беті бізге қарап тұрады, сол ертегінің қай ертегі екенін, қандай кейіпкерлер болатынын айтып берейік.

Балалар: Шеңберге тұрып сиқырлы текшені лақтырып, ертегілірді айтып береді. /Шалқан, бауырсақ, мақтақызт.б./

Психолог: жарайсыңдар балалар, сиқырлы кілтіміздің тағыда бір бөлшегі табылды.

 

3.«Не артық, не жоғалдыойыны.

Жүру барысы: Балалар алдымызда партадағы оқу құралдарының ішінен қай зат артық, қай зат жоғалғанын анықтайтын боласыңдар.

Психолог: жарайсыңдар балалар, сиқырлы кілтіміздің тағыда бір бөлшегі табылды.

 

4.Сергіту сәті.

Шаршадым «Уһ» дедім,

Ренжідім «Туһ» дедім,

Қорықтым «Ой»дедім,

Өкіндім «Аһ» дедім,

Таңырқап «Оо» дедім,

Біліп ап «Е е» дедім,

Қуанып «Алақай» дедім.

  1. «Жұмбақ шешу»

1.Арқама асынамын,

Мектепке асығамын. /сөмке/

2.Білімнің мол сый асы,

Балдырғандардың ұясы. /Мектеп/

3.Қабат- қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. /Кітап/

4.Күнде кешем ақ қарды,

Қысты күні жаздада. /Қалам/

  1. «Портфель» ойыны.

Жүру барысы: Портфельге балалар қалаған оқу құралдарын салады. /кітап, дәптер, сөмкеқалам, қарандаш, қайшы, өшіргіш, сызғыш, бояу/

Психолог: жарайсыңдар балалар, сиқырлы кілтіміздің тағыда бір бөлшегі табылды.

  1. Кілттің бөлшектері тұтас құрылып, сандықтан қазына табылады.

Психолог: Балалар бүгінгі оқу қызметіне өте белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет. Сау болыңыздар!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *