Оқушылардың сауаттылық деңгейін арттыруда бірлескен оқу ортасын қалыптастыру

Түркістан облысы

Арыс ауданы

Аққалажалпы орта білімберетінмектебікоммуналдықмемлекеттікмекемесі

Мауленова Шуга Саметовна

 

Оқушылардың сауаттылық деңгейін арттыруда бірлескен оқу ортасын қалыптастыру.

 

 Бірлескен оқудың мәні  Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы білім алады.  Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай: 1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады. 2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді. Топтың көлемі  Топтық жұмыс ұтымды, тиімді болу үшін белгіленген тапсырмалар мен топтың қызметі стратегиялық тұрғыдан дұрыс құрылуы тиіс, олар топта тиімді жұмыс істеуге ынталандырып/қамтамасыз етіп, жоғары деңгейдегі оқытуды, ойлауды және түсінуді дамыту үшін қолданылады.

Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижелері

Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады. Фактілер бұл үдеріс кезең-кезеңмен өтетінін растап отыр. Айталық, бастапқы кезеңдегі топтық жұмыс әлеуметтік өзара әрекеттестік дағдыларын дамытуы қажет, содан кейін оқушылардың арасында қарым-қатынас біршама орнаған соң, мұғалімдер олардың тиімді қарым-қатынас жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады.

Тиімді топтық қарым-қатынас дегеніміз не? Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар:

  • кезекпен сөйлеу;
  • белсенді тыңдау;
  • сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау;
  • ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау;
  • өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу;
  • ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау;
  • көмектесу және көмек сұрау;
  • түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну;
  • идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау;
  • топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу;
  • талқылаудың қорытындысын шығару;
  • дәйекті айғақтар келтіру.

Функционалдық сауаттылықты дамытуда оқушыларға қалай оқу керектігін талдау.

Оқу ұғымының мазмұны қол жеткен нәтижелер немесе пайдалы тәжірибе тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу нәтижелерінің бес сана- тын анықтауға мүмкіндік берді:

  1. Оқу білім көлемінің сандық ұлғаюы ретінде. Оның нәтижесі алынған ақпарат болып табылады (негізгі міндет – «көп білу»).
  2. Оқу есте сақтау ретінде. Нәтиже – қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді ақпарат.
  3. Оқу ақпарат жинақтау ретінде. Нәтиже – есте сақталып, қажет болған жағдайда қолдануға болатын факті, дағды және әдістер жиынтығы.
  4. Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Нәтижесі – оқушының пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды анықтай алуы.
  5. Оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру ретінде. Нәтижесі – әлемді өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып-білу.

Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзыреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Оқу үдерісіне толыққанды қатысу үшін оқушылар қалай оқу керектігін білулері керек. «Қалай оқу керектігін үйренудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар. «Метатануды» индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау қабілеті ретінде сипаттайды. Бейресми түрде, қалай оқу керектігін үйренуді өз бетімен білім алуын ой- лау және мұндай ойлаудың нәтижелерін кейінгі оқу үдерісінде саналы қолдану деуге болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:

  • білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
  • жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;
  • міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;
  • нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.

Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылады (Perry et al, 2002):

  • тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы;
  • оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы,
  • проблеманы шешу және мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы. Таңдалып алынған тапсырмалар өзін өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға ықпал етуі қажет. Өздігінен реттелу тапсырмаға қызығушылықтың неғұрлым жоғары деңгейіне өтуге ықпал етеді; Перри бастаған зерттеушілер тобы Британ Колумбиясы балабақшасындағы (3 жастағы) балаларға бақылау жүргізудің нәтижесінде бұл іске үлкен үлес қосты. Олар өз бақылауларын мұғалімдерден сұрау алу арқылы толықтыра отырып, балалардың жоспарлау, бақылау, тапсыр- маны шешу және өзінің оқуын бағалауға белсенді араласу үлгісін жасады. Балаларға таңдау жасауға мұрсат беріліп, бұл оларға өз таңдауларын тапсырманың күрделілігімен, өз жұмысын және басқа балалардың жұмысын бағалау жолымен байланысты түсіндіруге мүмкіндік берді. Бақылау жұмыстары балалардың оқу және жазу жұмыстарына қатысты өткізіліп, оқу бағдарламасының өн бойында қолдануға болатын және метатану үдерісі кезінде сөйлеуді дамытуға үлес қосатын тәжірибелі педагогтік әдіс-тәсілдер дәлелі болып табылады. Оқушылардың тәжірибесін пайдалану Оқу үдерісінің «саналы» болу қажеттілігі туралы тұжырымдар балалардың жеке тәжірибесінің мәдениеті мен құндылығы оқу үдерісінің тиімділігін елеулі түрде айқындайтын маңызды мәнмәтін деп қабылданатындығына негізделген.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *