Психологиялық – педагогикалық тексеру міндеттері

Түркістаноблысы

Арысқаласы

С.Адамбековатындағыжалпы орта мектебі

Түркістаноблысы

Мектеп директоры

Дауренбеков Серикбек  Абдуллаевич

 

 

 

Психологиялық – педагогикалық тексеру міндеттері:

  1. Баланың сезімдік және коммуникативті даму деңгейін анықтау және мінездеме беру.
  2. Сенсорлық және қимыл- қозғалыс қызметтерінің даму деңгейін анықтау және мінездеме беру.
  3. Ақыл-ой және сөйлеу тіл деңгейін (сөйлеу тілінің психологиялық қызметін зерттеу) анықтау және мінездеме беру.
  4. оқужәне ойнау, манипулятивті, заттық қызметтерінің даму деңгейін анықтау және мінездеме беру,
  5. Әлеуметтік – тұрмыстық бағдарлау деңгейін анықтау және мінездеме беру.
  6. Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасқа мінездеме беру.
  7. Психикалық дамуды бағалау, баланың өз мүмкіндіктерін, сол сияқты түзету көмегінің жағдайы мен жолдарын анықтау.
  8. Балаға түзете көмек көрсететін ата-аналарға, мамандарға арналған нұсқауларды жетілдіру.

Психологиялық – педагогикалық тексерудің негізгі әдістеріне бала анасымен әңгіме (сұрау), баланың психологиялық жағдайын бақылау және зерттеу жатады. Баланың анасымен әңгімелесу баланың психикалық және сөйлеу тілінің дамуы туралы нақты мәліметтерді алуға бағыттылған. Анасына қойылатын сұрақтар баланың дамуын анасының бағалауына емес, оның өмірінің нақты жағдайлары туралы мәліметтерді алуға негізделген. Баланың анасымен әңгіме барысында оның балаға деген көзқарасын, онымен сезімдік қарым-қатынасын ұғынуға мүмкіндік туады. Тексеруші  баланың өз пікірін сөзбен білдіруді талап ететін вербальды нұсқауды орындаудың шектеулі болғандықтан, есту қызметі бұзылған баланы тексеруді бақылау әдісі негізгі әдістердің біріне жатады.Баланы бақылау тексеру барысында жүргізіледі. Психолог бақылау барысында баланың психикалық даму ерекшеліктерін білдіретін белгілі бір кезеңдерді анықтай алады: жаңа жерге, бөтен адамдарға реакциясын, қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктерін, вербальды қатынас құралын пайдалану жалпы көңіл-күйін, баланың белсенділігін, қоршаған ортаға деген қызығушылығын, тапсырманы орындаудағы жетістік пен сәтсіздіктерге, ересектің ескертуі мен қолдауына, сезімдік реакциясы өз ісін сынауы, мінез-құлық реакциялары: гипо және гипербелсенділік, әсерлі лабильділік, қатты қозу, әлсіреу және т.б., сол сияқы анасының балаға деген сезімі, олардың арасындағы әсерлі өзара қарым-қатынас.

Баланың психикалық даму ерекшеліктерін терең зерттеу, оның бұзылу деңгейі мен түрін анықтау үшін « оқыту» тәжірибесі түрінде берілетін байқау зерттеу әдістерін қолдану қажет. Оқыту тәжірибесі әдістемесі баланың оқуға жарамдығын анықтау мақсатында әр түрлі көмек түрлерін енгізуге негізделген. Тексеру үдерісіндегі көмектің келесі түрлері пайдаланылады: іс-әрекетті еліктеу бойынша орындау, іс-әрекеті ишаратты пайдалану, еліктеу және сөздік нұсқау бойынша орындау.

Психологиялық – педагогикалық тексеруді медициналық тексеруден кейін жүргізген дұрыс, себебі есту қызметі бұзылған балада психикалық даму қызметінің диагностикасы үшін амнестикалық мәліметтер, соматикалық, неврологиялық, психикалық статустары, есту қызметі мен оның диапозон деңгейінің төмендеуі, қимыл және көру қызметтерінің сақталуы туралы мәліметтер өте маңызды.Ең алдымен бала қалдық есту қызметін тұрмыста қалай пайдаланатыны, қарым-қатынаста сөйлеу тілін пайдалануы, пайдаланса қандай көлемде екенін анықтау қажет. Психолог осы мәліметтерді талдауға, тексеруді қажетті бағытта жүргізуге, зерттеу әдісі, тәсілін мақсатты түрде қолдануына мүмкіндік береді.

Тексеруді баланы алып келген анасымен әңгімелеуден бастаған дұрыс, осы кезде жаңа жағдайға, бейтаныс адамдарға үйренуге уақыт беріледі.                             Жасқа толмаған, қимыл- қозғалысы ауыр бұзылған балаларды тексеру баланың көңілін ашық дыбыстарға аударып, мейірімді дауыспен, біртіндеп абайлап, тактильді қатынасты қолдану қажет. Ересек жастағы балаларды тексеруге қатыстыру үшін әр түрлі тапсырмаларды бір ойынға топтастыруды қолдану арқылы жүргізіледі.

Тексеруді баланың дербестігін бақылаудан оның белсенділігінің, адекваттылығын, ойын, заттың іс- әрекетінің сан алуандығын белгілеуден бастаған дұрыс. Егер бала ойыншықпен ойнай алмаса, онда ересек ойыншықпен ойнаудың әр түрлерін көрсетеді.Тексеруді жүргізу үшін заттар мен ойынщықтардың қажетті жиынтығы болуы  керек.

Психологиялық тексеру

Психологиялық  тексеруде  баланың  әлсіз  ғана емес,  күшті қасиетіне де мән беру керек.

Психологиялық   тексеруде  міндетті  түрде  педагогикалық  құжаттарды  оқып шығу  керек:  балаға  берілген мінездеме,  жұмыс дәптері, суреттер.

Психологиялық тексерулер әңгімелесуден  басталады. Ол баламен  эмоциональды  қатынас орнатуға  бағытталған.

Әңгімелесуде  баланың қоршаған  ортаға қызығушылығын,  сүйіп істейтін ісін анықтау керек.  Баланың  өзін ұстауына қарап,  жаңа ортаны қалай қабылдағанын бақылап  жұмысты  ары қарай жалғастыру керек.

Педагогикалық тексеру

Бұл  тексеруді  психологиялық тексеруден кейін жасау керек.  Психологиялық  және педогогикалық тексеруді бірінші специалист- педогог-  дефектолог жүргізеді.

Мақсаты-  баланың  оқығын білімімен үйренгендерін  есте  қалдыру мен жаңа түсініктерді игеру процессіндегі қиыншықтарды анықтау.

Тексеру алдында педогог педогогикалық документациямен танысады:  балаға  берілген  мінездеме,  дәптер,  өзіндік жұмыс,  суреттер  және  т.б.

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *