Олимпиада ойындары
«Бекітемін» 6-класс қазақ тілі 05.02.2020 ж
Сабақтың тақырыбы Олимпиада ойындары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 6.1.5.1.Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру ;
6.4.4.1. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану
Сабақтың мақсаттары
Барлығы: Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын дамыту. Грамматикалық құрылым-дарды дұрыс қолдана отырып, сұрақтар құра білуге үйрету
Көбі: спортқа деген қызығушылығын арттырады. олимпиада ойындары жайлы білімдерін толықтырады .
Кейбірі: Олимпиада жайлы тілдесе алады, қосымша мәліметтер береді. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып , хат жазады.
Бағалау критерийлері
Тақырып бойынша монолог, диалог түрінде сөйлей білу. Күнделікті өмірде жаңа сөздердің мағынасын түсініп қолдана білу, бір-біріне өзара сыйластықпен қарау..
Мәтіннің тақырыбын анықтайды.
Тілдік мақсаттар Негізгі сөздер мен тіркестер:Спорт- олимпиада
Құндылықтарды дарыту Мәтін арқылы оқушыларды өсімдіктер әлемін аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Соңы
Бағалау Сәлемдесу, түгендеу.Психологиялық ахуал туғызу.
“Ыстық алақан” тренингін өткізу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту. Сұрақтарға жауап беру
Ол үшін олимпиада алауын Қазақстанға әкелу керек. Ендеше, мына сұрақтарға жауап берейік.Сабақ барысында әр жауап берген оқушыға кішкене алау беріледі, сабақ соңында бәрін қосып, үлкен алау болады
Олимпиада ойындары неше рет болады?
Қандай олимпиада ойындарын білесің?
Біздіңі елде қай спорт түрі ерекше дамыған?
Қандай спорт шеберлерін білесің?
Қай олимпиадада қазақстандықтардың беделі жоғары болды?
«Олимпиада ойындары төрт жылда бір рет болады.
Қысқы және жазғы олимпиада ойындары бар.
ХХI жазғы Олимпиада 2016 жылы Бразилияда Рио-де-Жанейро қаласында өтті. Қазақстан спортшылары осы олимпиадада 3 алтын, 5 күміс, 10 қола медаль алды.
Ой қозғау.«Сен қай спорт түрін ұнатасың? Сол спорт түрін биігіне жеткізуге тырысасың ба, әлде уақытша хобби ме? » (оқушылар өз ойларын айтады)
І тапсырма: Оқылым мәтінімен жұмыс (мәтінді оқу және сұрақтарға жауап беру)
Мәтінмен жұмысСөздік:Олимпиада сөзі қай елден енген?
Ж: олимпиада сөзі греция елінен енген.Бірінші олимпиада грецияның қай жерінде өткізілді?
Ж: Бірінші олимпиада грецияның Олимп тауында өткізілді.Олимпиаданың неше түрі бар?
Ж: Олимпиаданың екі түрі бар. Қысқы олимпиада және жазғы олимпиада.
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін қай жылдан бастап олимпиадаға қатысты?
Ж: Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін 1996 жылдан бастап олимпиадаға қатысып келеміз.
– Мәтін не туралы?
– Уақытты неліктен босқа өткізуге болмайды?
Мәтінмен жұмыс Бос орынға қажетті өрнектерді жаз:
Олимпиада 4 жыл сайын өткізіледі? Олимпиада біздің эрамызға дейінгі 653 жылдан бастап ойналып келеді? 2012 жылғы олимпиада Англия елінің Лондон қаласында болды.
2012 жылғы олимпиада да қазақстандық спортшылар барлығы 13 медаль алды, оның 7 –еуі алтын, 1-еуі күміс, 5 -еуі қола. Қазақстан Республикасының спортшылары олимпиаданың ауыр атлетика, жеңіл атлетика, веложарыс, боксойындарынан алтын медаль алды.Лондон олимпиадасына 189 мемлекет қатысты.
Кері байланыс
1. Тапсырманы орындай алдыңыз ба?Оны орындау оңай/ қиын болды ма?
Рефлексия «3-2-1» стратегиясы
Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;
Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;
Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.
«Таныс бейне» Оқушылар өзі білетін спортшыны белгілейді және ол туралы ақпарат береді (туынды, күрделі сөздерді қолданады)
Есімі
Туған жері
Спорт түрі
Жетістіктері
Менің сипаттамам
https://youtu.be/7E0kzTX3tbU cсылкасымен «Олимпиада ойындары» видеосын көрсету, аудио мәтінді тыңдату
Мәтіндегі негізгі ақпарат Мәтіндегі қосымша ақпарат Детальді ақпарат
«Дұрыс-бұрыс »
Қазақстанда барлық спорт түрі дамыған
Қазақстанда шаңғы, хоккей, конькиден шебер спортшылар көп?
Жазғы олимпиадаға қарағанда қысқы олмипададан жоғары деңгейдеміз?
Бәріміз сабаққа жақсы қатыстық. Ендеше, алауды топ болып жағамыз . Қазақстанға алауды әкелуге бәріміз үлес қостық. Әр топтан белсенді қатысқан оқушыларға медальдар табыстаймыз.
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Сабақта оқыту мақсаты дұрыс қойылған. Мұғалім сабақ барысында қойылған мақсатына жетті.
Бүгін оқушылар не үйренді? Оқушылар тақырыпты меңгерді, белсенді қатысты.
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Саралау жұмыстар дұрыс жүргізілді.
Уақытты қалай пайдаландым? Сабақта уақыт тиімді пайдаланылды
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? Сабақ барысында жоспардан ауытқушылық
болған жоқ.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да,, оқу туралы ойланыңыз?)
1. Оқушылар топқа бөлініп ынтымақтастықта жұмыс жасай білді.
2. Оқушылар өз білімін басқалармен салыстыра отырып, өзін және өзгені бағалауды білді.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да,, оқу туралы ойланыңыз?)
1. Өз ойын еркін айтып, оны дәлелдей білді.
2. Сабаққа деген оқушылардың қызығушылығы жоғары .
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім., келесі сабақтарда неге жет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?