«Дара және күрделі сан есім»

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Сан есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру;күрделі сан есімнің емлесін меңгерту;сөйлем ішіндегі дара,күрделі сан есімдерді ажырата білу.
Дамытушылығы:Сан есім туралы алған білімдерін дамыту.
Тәрбиелігі:Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі:слайдтар,карточкалар,
Пәнаралық байланыс: дүниетану,математика,әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру.
Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
Міне, балалар кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың жырлаған тілі
–туған тіліміз қазақ тілі cабағы.
Балалар,бүгін бізде ерекше күн,ерекше сабақ. Себебі,бізге ұстаздар қонаққа келіп отыр.Өзіміздің сапалы білім,саналы тәртібімізбен құрмет көрсетейік.
Мына ережелерді есте сақтайық:
1.Тыныштық сақтау.
2.Бір-бірімізді тыңдау.
3.Ойымызды толық айту.
Сабағымызды бастамас бұрын сыныпты топқа бөліп алайын.
II.Психологиялық дайындық.
III. Өткенді қайталау:
Өткен сабақтардағы берілген түсініктерді қаншалықты түсінгендерін
тексеру үшін код арқылы диктант ұйымдастырылады. Ол үшін
анықтамалар айтылады оқушылар тиісті анықтамаларға сәйкес атауға нүкте
қойып, үлестірмелі қағаздарын белгілеп отырады.
Анықтамалар:
1.Заттың атын білдіретін сөздер. (Зат есім)
2.Заттың қимылын білдіретін сөздер.(Етістік)
3.Іс-әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіретін сөздер. (Етістіктің шақтары)
4.Іс-әрекеттің бұрын болып кеткенін білдіретін етістіктер. (Өткен шақ)
5.Іс-әрекеттің алдағы уақытта болатынын білдіретін етістіктер. (Келер шақ)
6.Заттың сынын білдіретін сөздер. (Сын есім)
7.Бір сөзден жасалған сын есім.
(Дара сын есім)
8.Екі не одан да көп сөзден жасалған сын есім. (Күрделі сын есім)
9.Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сын есімдер. (Қарсы мәндес сын есімдер)
10.Заттың санын білдіретін сөздер. (Сан есім)
Код арқылы диктант
Күрделі сын есім

+

Сан есім

+
Келер шақ

+

Зат есім
+

Сын есім

+

Өткен шақ

+

Етістік

+

Дара сын есім

+

Қарсы мәндес сын есім

+

Етістіктің шақтары

+

Тақырыптар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Аты: Қатесі: Бағасы:
IY. Жаңа сабақ: Мағынаны тану.
Ендеше сан есім турал білімдерімізді толықтыра түсу үшін назарымызды тақтаға аударайық. Тақтадағы көбейтінділер
мен бөлінділердің мәндерін табу.
50 ∙ 2 (жүз) 246 : 2 (жүз жиырма үш)
35 ∙ 2 (жетпіс) 468 : 2 (екі жүз отыз төрт)
Өрнектердің мәнін тақтада жазу, салыстыру.
1-бағандағы сөздер неше сөзден құралған ,
2-бағандағы сөздер ше?
Қандай айырмашылықты байқадыңдар? Қандай қорытындыға келеміз?
Осы мысалдарға қарап, сан есім туралы тағы не айтуға болады?
Сан есімнің дара және күрделі болып бөлінетіні жайлы түсінік беру.
Ереже құрастыру.
Y.Дәптермен жұмыс:
Күн ретін жазу. Көркем жазу жазылады.
YI. Оқулықпен жұмыс:
Ережемен таныстырып, жаттығу жұмыстарын
орындату.
1-жаттығу. Сөйлемдерді оқып,сан есімдерді теріп жазу. Олардың неше сөзден құралғанын айу.
1.Қамыс-сулы жерде өсетін,ең көп тараған өсімдік.Қамыстың биіктігі екі метрден үш метрге дейін болады.Оның екі жүзден астам түрі бар.2.Үш адам жолға шықты.Жиырмадан бесті алса,он бес болады.
Cергіту сәті:
Он саусақ
Сен білесің бе?
Тапсырма:Сан есімдерді ата,түрін ажырат.
-Адам баласының басында өмір бойы 725 шақырым шаш өседі.
-Ересек адам жүрегінің салмағы -220-240 грамм.
-Адам ағзасында 4 минерал бар,олар: апатит,арогонит,кальций,кристоболит.
-Адам миында 1секунд ішінде 100 000 химиялық реакция жүреді.
-Адам күніне 23000 рет тыныс алады.
-Өмір бойы адам терісі 1000 рет ауысады.
2-жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп жазу. Дара және күрделі сан есімдерді табу.
Киттің бір түрі-жолақ кит.Оның ұзындығы отыз үш метрге дейін,салмағы жүз елу тоннаға дейін жетеді.Оның жаңа туған баласының ұзындығы алты метрден асады.
YII. Шығармашылық тапсырмалар.
I топ: Ребус шешу. Мақал-мәтел құрастыру.
II топ:
Мына сөздерге лайықты сөздерді тауып айту.
Бір асым…. Бір жұтым…. Бір ауыз…. Бір шымшым…. Бір жайма…. Бір шөкім…. Бір ұрттам….
III топ:
Сан есімі бар мақал-мәтел айту.
IX . Тақтамен жұмыс:
4 –жаттығу.Төмендегі сан есімдерді дара және күрделі түріне топтап, сөйлем түрінде жазу.
9, 588, 45, 797 , 25, 10, 888, 5.
IX.Қорытындылау:
Сабақ барысын пысықтап, сан есім туралы ойларын
анықтау. Ережелерді қайталап, мысал келтіру.
Сан есім түрлеріне топтастыру.
Сабақта орындаған жұмыстар аяқтала отырып, сабақты қорытындылау.
– Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
– Дара сан есім дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
– Күрделі сан есім дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
X .Үйге тапсырма: 137 бет 3-жаттығу, ереже жаттау. (түсіндіру)
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *