Бала үшін тәрбие-тұтас дүние. Оның мақсаты-адам тәрбиелеу.Балаларға ұлтымыздың әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін оның бала шағынан бойына сіңіріп,ойына ұялату,сол арқылы ізгілікке тәрбиелеу-қай кездің болсын басты мәселесі. Атақты ғұлама ғалым Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілу керек,тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» деп тегін айтпаса керек.Тәрбиесіз білім бір қанаты жоқ құс секілді,алысқа ұзап ұша алмайды.Сол себептіде «Ақ желкен» санаторлық балабақша ұжымының басты мақсаты бала өмірі-мен денсаулығын сақтау және қазіргі заман талабына сай жан-жақты дамыған,ұлттық салт-дәстүрді бойына сіңірген иманды да ибалы ұрпақ тәрбиелеу.Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес,ол үшін үлкен шеберлік пен шыдамдылықты қажет етеді.Тәрбиенің негізгі міндеті-қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың «борыш», «намыс», «ождан», «қадір қасиет» сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру.Осы орайда балабақшамызда атқарылып жатқан жұмыстар өте көп.Балаларды ата-анасын құрметтеуге,үлкенді сыйлауға Отанын сүюге,елін жерін қастерлеуге,айналасымен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелейміз.Сонымен бірге имандылық ,кішіпейілік,ізеттілік,әділдік,қанағатшылдықта біздің балабақшамыз қалыптасқан.Осындай сезімдерді әңгіме,тақпақ,өлеңдер,ойындар мен ертегілер арқылы бала бойына қалыптастырамыз.Балабақшамызда тәрбие ұйымының басшылары мен тәрбиешілер педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап,білімін жетілдіругежүйелі көңіл бөліп,ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап,оны жүзеге асыруға белсенділікпен атсалысып отырады. Денсаулығы мықты елін,жерін сүйетін,тілін ата-салтын құрметтейтін білімде де тәрбиелі ұрпақ өсіру үшін салауатты өмір салтын ұстану дәстүрге айналдырудамыз.Жас бүлдіршіндерді ізгі тәрбиемен сусындатып отырған педагог қызметкерлеріміздің еңбегі ересен. Әр баланың бақытты болуға құқығы бар.Осы құқықтарды сақтау-барша ұстаздар қауымы мен ата-аналардың міндеті.Осындай ізгі істерді жаңартып,жетілдіру үшін балабақшамызда еңбек етуге толық жағдай жасалып,тәрбие мен білім берудің жаңа технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп,оны тәжірбиеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырсақ,тәрбие мен білім сапасы артатыны сөзсіз деп ойлаймын
11 Муратбек Март Павлодар облысының білім беру басқармасыБаянауыл ауданы білім беру бөлімінің«Туберкулез ауруына шалдығуы ықтимал мектеп жасына дейінгі балаларға арналған«Шағала»…
11 Өкмет Мақтагүл Павлодар облысының білім беру басқармасының, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Туберкулез ауруына шалдығуы ықтимал мектеп жасына дейінгі…
26 Әбілғазиева Рысгүл Жақсығалиқызы Лауазымы: Тәрбиеші Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Балбөбек бөбекжай балабақшасы Анотация Бұл мақалада «Адал азамат» бағдарламасының мектепке…
14 Нуркасымова Мадина Дубековна Тәрбиеші Жетісу облысы, Панфилов ауданы “Бөбек бөбекжай бақшасы” Аннотация Бұл мақалада мектепке дейінгі жастағы балаларды еңбекке…